Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, оның аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемелеріне көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 29 қазандағы № 317-НҚ бұйрығының күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Әкімшілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Аппаратының басшысына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|