ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2019 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., №23-24 (қосымша); 1995 ж., №15-16, 109-құжат; №20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 187-құжат; №14, 274-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №1-2, 8-құжат; №5, 55-құжат; №12, 183, 184-құжаттар; №13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., №2-3, 23-құжат; №5-6, 50-құжат; №11-12, 178-құжат; №17-18, 224, 225-құжаттар; №23, 429-құжат; 1999 ж., №20, 727, 731-құжаттар; №23, 916-құжат; 2000 ж., №18, 336-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 7-құжат; №8, 52-құжат; №17-18, 240-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №2, 17-құжат; №10, 102-құжат; 2003 ж., №1-2, 3-құжат; №11, 56, 57, 66-құжаттар; №15, 139-құжат; №19-20, 146-құжат; 2004 ж., №6, 42-құжат; №10, 56-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №10, 31-құжат; №14, 58-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 4-құжат; №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; №13, 85-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20, 21-құжаттар; №4, 28-құжат; №16, 131-құжат; №18, 143-құжат; №20, 153-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; №13-14, 58-құжат; №21, 97-құжат; №23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 7, 16, 18-құжаттар; №8, 44-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №7, 28-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №2, 21, 28-құжаттар; №3, 32-құжат; №4, 37-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №16, 129-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 13, 15-құжаттар; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №7, 36-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61, 63-құжаттар; №14, 84-құжат; №21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 42, 45-құжаттар; №13, 68-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №20-I, 110-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-I, 128-құжат; №22-I, 140, 143-құжаттар; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №8-II, 70-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №15, 55-құжат): 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге жатады.»; 4-1-тармақ алып тасталсын. 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №21, 93-құжат; 2009 ж., №23, 112-құжат, №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 29, 32-құжаттар; №15, 71-құжат; №24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №7, 54-құжат; №11, 102-құжат; №13, 115-құжат; №15, 125-құжат; №16, 129-құжат; №20, 151-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 16-құжат; №3, 21-құжат; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 36, 41-құжаттар; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 94-құжат; №18-19, 119-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №5-6, 30-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72-құжат; №15, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №20, 113-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 6-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78-құжат; №19-I, 100-құжат; №19-II, 106-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 117-құжат; №21-I, 121, 124-құжаттар; №21-II, 130, 132-құжаттар; №22-I, 140, 143-құжаттар; №22-II, 144-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №7-II, 53-құжат; №8-I, 62-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №23, 119-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №6, 11-құжат; №9, 18-құжат; №10, 23-құжат; №13, 45-құжат; №14, 51-құжат; №15, 55-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 39-2-бапта: 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ғана қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға;»; 4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға, дербес кластерлік қор, сондай-ақ халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады.»; 2) 49-баптың 1-тармағында: 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «15) теле-, радиоарнаны, мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қойғаны үшін алым;»; 23) тармақша алып тасталсын; 39) тармақшадағы «алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.» деген сөздер «алым;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 40) және 41) тармақшалармен толықтырылсын: «40) микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізгені және оларды микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізгені үшін алым; 41) банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.»; 3) 50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым;»; 4) 51-баптың 1-тармағында: 14) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын: «15-1) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;»; 17) тармақша алып тасталсын; 23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «23) сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы;»; мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын: «24) жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады.»; 5) 52-баптың 1-тармағында: 1) тармақшадағы «аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері» деген сөздер «аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген: дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін - тұрған жері; қалған жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан» деген сөздер «аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы «жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан» деген сөздер «аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) мыналардан: тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан; өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын қоспағанда, көлік құралдары салығы;»; 10) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: «11-1) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;»; 13) тармақша алып тасталсын; 6) 52-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады: 1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген: дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін - тұрған жері; қалған жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы; 2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; 3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы; 4) мыналардан: тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан; өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы; 5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы: аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде; аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде; аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде; аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы.»; 7) 67-баптың 12-1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы, бюджеттік өтінімді ұсынудың толықтығы мен уақтылығы үшін дербес кластерлік қордың, қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның, халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйымның басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»; 8) 88-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы «байланысты операцияларды есепке алуға арналады.» деген сөздер «байланысты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді есепке жатқызуға және жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналады.». 3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18-құжаттар; №13-14, 63-құжат; №15-16, 74-құжат; №17, 82-құжат; №18, 84-құжат; №23, 100-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №7, 28, 29-құжаттар; №11, 58-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; №22, 130, 132-құжаттар; №24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №15, 120-құжат; №16, 128-құжат; №20, 151-құжат; №21, 161-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 11, 15-құжаттар; №3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №6, 43, 44-құжаттар; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 7, 10-құжаттар; №3, 15-құжат; №4, 21-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №12, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №21-22, 114, 115-құжаттар; №23-24, 116-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44, 49-құжаттар; №10, 52-құжат; №11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №11, 52-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78-құжат; №19-I, 99, 100, 101-құжаттар; №20-I, 110-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115, 119-құжаттар; №21-I, 124-құжат; №21-II, 130-құжат; №21-III, 136, 137-құжаттар; №22-I, 140, 143-құжаттар; №22-II, 144, 145-құжаттар; №22-III, 149-құжат; №22-V, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №6, 45-құжат; №7-II, 53, 55, 57-құжаттар; №8-I, 62-құжат; №8-II, 66, 72-құжаттар; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №9, 22-құжат; №10, 23-құжат; №12, 34-құжат; №13, 45-құжат; №14, 49, 53, 54-құжаттар; №15, 55-құжат; №16, 56-құжат): 3-тармақтың 1) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1) мазмұнындағы 438-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «438-бап. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) ерекшеліктері»; 3-тармақтың 2) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2) 31-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9. Осы Кодексте, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта төлеудің заттай нысаны немесе шетел валютасымен төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттеме, сондай-ақ өсімпұл мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеме ұлттық валютамен орындалады.»; 3) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын: 3-тармақтың 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «14) мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғаның салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушыдан алынған пайдалы қазбаларды өткізуінен түсетін кіріс; 15) мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлғаның салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушыдан алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақысы; 3-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 16) операторлары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы болып табылатын Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаға, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық емес қолдау түрінде бюджет қаражаты есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны.»; 3-тармақтың 4) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4) 90-баптың 1-1-тармағының 4) тармақшасы және 2-тармағы 6) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепте көрсетілген, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға банктің еншілес ұйымы берген күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялардың (резервтердiң) сомалары танылады. Осы тармақшада көрсетілген провизиялардың (резервтердiң) сомалары 2026 жылға тура келетін салықтық кезең үшін банктің жылдық жиынтық кірісіне енгізіледі.»; «бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымына;»; 3-тармақтың 5) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 5) 99-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бас банктің күмәнді және үмітсіз актвитерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының жылдық жиынтық кірісінен Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, осындай ұйымның жылдық жиынтық кірісіне енгізілген және бас банкке аударылған кірістер алып тасталады.»; 3-тармақтың 6) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 6) 106-баптың 1-1-тармағының бірінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомаларын банктердiң шегеруге құқығы бар.»; «Бұл ретте халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға осындай бас банктің еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі талаптарына сәйкес шығыстар сомасы шегерiмге жатады. Банктердiң еншiлес ұйымдарға бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға берген активтерiн күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктердiң еншiлес ұйымдарға берген активтерiне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкiлеттi органмен келiсу бойынша айқындайды.»; 7) 115-бапта: 3-тармақтың 7) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бірінші бөліктің 15) тармақшасындағы «шығыстар шегерімге жатпайды.» деген сөздер «шығыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын: «16) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне беретін пайдалы қазбалар көлемдерінің құны шегерімге жатпайды.»; 3-тармақтың 7) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «осы ұйым Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес алған және бас банкке аударылған ақша түріндегі;»; 3-тармақтың 8) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 8) 133-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «кірістерге;» деген сөз «кірістерге азайтуға құқығы бар.» деген сөздермен ауыстырылып, 8) және 9) тармақшалары алып тасталсын; 3-тармақтың 9) тармақшасы 2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді 9) 135-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым корпоративтік табыс салығының бюджетке төлеуге жататын сомасын айқындау кезінде мынадай қызмет түрлерінен түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығының осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген сомасын 100 пайызға азайтады: 1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген қызметті қаржыландыру үшін облигациялар шығару; 2) өзінің орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алу; 3) банктердің және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардың активтерін, талап ету құқықтарын сатып алу туралы шешім қабылдау мақсатында олардың сапасын бағалау; 4) банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, өзге де талап ету құқықтары мен активтерді сатып алу, басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқару, иелену және (немесе) оларды өткізу; 5) банктер шығарған және (немесе) банктер, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалар орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың сапасын бағалау; 6) заңды тұлғалардың, оның ішінде өздеріне қатысты талап ету құқықтары банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алу, басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқару, иелену және (немесе) оларды өткізу; 7) банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алу, басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқару, иелену және (немесе) оларды өткізу; 8) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру немесе осындай мүлікті уақытша өтеулі пайдаланудың өзге де нысанын пайдалану, оны сенімгерлік басқаруға беру; 9) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған талап ету құқықтарын және басқа да активтерді секьюритилендіру бойынша операциялар жүргізу; 10) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоса алғанда, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан талап ету құқықтары мен активтерді сатып алу, күтіп-ұстау, сақталуын қамтамасыз ету, басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқару, иелену және (немесе) оларды өткізу; 11) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банктерде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шот және банктік салым шарттары талаптарымен орналастыру; |