Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері (Астана қ., 2018 ж. 10 қаңтарда)
БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. ЕКІНШІ. Ресурстықәлеуетті одан әрі дамыту. ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру. БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу. АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту». ЖЕТІНШІ. Адами капитал - жаңғыру негізі. СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару. ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын қараңыз
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық. 100 нақты қадам - Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда. Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды. Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|