Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы (2023.23.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2023.23.01. № 33 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін. 2. «Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 951 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 852-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2023.23.01. № 33 Қаулысымен әдістемелік ұсынымдар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 489 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – әдістемелік ұсынымдар) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдардың функцияларын заңнамалық және заңға тәуелді деңгейлерде белгілеу мәселелерін шешу кезінде норма шығармашылық қызметінде қолдануға арналған. 2. Заңдарда мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметінің негізін құрайтын олардың функциялары, сондай-ақ іске асырылуы Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көрсетілген: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|