|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне: 1-тармақтың 1) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 1) 7-бапта: 14) тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14) кассациялық саты - істі бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың үкімдеріне, қаулыларына кассациялық шағымдар, ұсынулар, наразылықтар бойынша қарайтын сот;»; 33) тармақтағы «, ал кассациялық сатыда - заңды күшіне енген сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш» деген сөздер алып тасталсын; 2) 47-баптың төртінші бөлігіндегі «соттың қызметін материалдық-техникалық және өзге де жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 3) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 3) 51-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот (бұдан әрі - кассациялық сот);»; 1-тармақтың 4) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 4) 52-бапта: үшінші бөлікте: «алқалы сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірінің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьяларының» деген сөздер «сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен судьялардың» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот актілерінің күшін жойған және істі жаңадан қарауға жіберген жағдайларда кассациялық саты істі сот төрағасының төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамымен қарайды.»; төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «4. Істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамында жүргізіледі.»; 1-тармақтың 5) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 5) 87-бапта: үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья бұл істі апелляциялық, кассациялық сатылардағы сотта қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды, сол сияқты өзінің қатысуымен шығарылған үкімнің немесе істі тоқтату туралы қаулының күші жойылған жағдайда істі бірінші сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды. 4. Істі апелляциялық сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылғаннан кейін осы істі бірінші және апелляциялық сатыларда қарауға, сондай-ақ істі кассациялық сатыда қарау кезінде, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды. 5. Істі кассациялық сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған қаулының күші жойылғаннан кейін бұл істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды. 6. Істі алдыңғы сот сатыларында қарауға қатысқан судья сол істі кассациялық сатыда қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды. Істі кассациялық сатыда қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатысқан судья сол істі төмен тұрған сатылардағы соттарда қарауға қатыса алмайды. 7. Істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатысқан судья осы істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарауға қатыса алмайды.»; он екінші бөліктегі «өтінішхатқа» деген сөз «кассациялық шағымға» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 6) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 6) 127-баптың бірінші бөлігі «өзгертуге» деген сөзден кейін «, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтың 7) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 7) мынадай мазмұндағы 310-1-баппен толықтырылсын: «310-1-бап. Кассациялық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер 1. Кассациялық сот: 1) бірінші сатыдағы соттардың үкімдері, қаулылары апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін оларды қайта қарау туралы кассациялық шағымдарды, апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдерін, қаулыларын; 2) бірінші сатыдағы соттың үкімдері мен қаулыларына олардың апелляциялық сатыда қайта қаралғанына не қаралмағанына қарамастан, апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылықтарын қарайды. 2. Осы Кодексте көзделген негіздер бойынша кассациялық сот өзінің соттылығына жатқызылған істер бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.»; 1-тармақтың 8) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 8) 313-бап алып тасталсын; 9) 347-баптың тоғызыншы бөлігіндегі «соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 347-1-баптың бесінші бөлігіндегі «соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 370-баптың тоғызыншы бөлігіндегі «соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 12) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 12) 52-тараудың тақырыбындағы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кассациялық тәртіппен қайта қарауы» деген сөздер «кассациялық тәртіппен қайта қарау» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 13) тармақшасының бірінші - төртінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 13) 484-бапта: бірінші бөлікте: «Жоғарғы Сот бірінші сатыдағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар» деген сөздер «Кассациялық сот бірінші сатыдағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға кассациялық шағымдар» деген сөздермен ауыстырылсын; «кассациялық тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын; 1-тармақтың 13) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2027 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі екінші бөліктің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1) сот бұйрықтық, келісімдік іс жүргізуде немесе осы Кодекстің 382-бабында көзделген тәртіппен қараған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша;»; 1-тармақтың 13) тармақшасының жетінші - тоғызыншы абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актілері оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілгендер осы Кодекстің 485-бабында көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.»; төртінші бөлік алып тасталсын; 1-тармақтың 14) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 14) 485-бапта: бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 7-1) тармақпен толықтырылсын: «7-1) жекеше қаулыны заңсыз немесе негізсіз шығаруға;»; екінші бөлікте: бірінші абзацтағы «үшінші және төртінші бөліктерінде» деген сөздер «үшінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақ «мемлекеттің» деген сөзден кейін «ұлттық» деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4) тармақпен толықтырылсын: «4) сот актісі соттардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзған жағдайлар болып табылады.»; 1-тармақтың 15) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 15) 486-бапта: тақырыптағы «өтінішхат» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөлікте: «өтінішхатты» деген сөз «кассациялық шағымды» деген сөздермен ауыстырылсын; қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді, орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді; екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры осы Кодекстің 485-бабында көрсетілген негіздер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылықты өз бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаты бойынша да енгізуге құқылы.»; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары не олардың тапсырмасы бойынша облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, сондай-ақ Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры қылмыстық істі тиісті соттан кассациялық тәртіппен тексеру үшін талап етіп алдыруы мүмкін. Қылмыстық істі прокурордан талап етіп алдыру жағдайында кассациялық сатыдағы соттың кассациялық шағым түсуіне байланысты істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуы іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап отыз тәулік ішінде прокурордың орындауына жатады.»; 1-тармақтың 16) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 16) 487-бапта: бірінші бөліктегі «өтінішхат» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте: бірінші абзацтағы «өтінішхат» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзацта: «өтінішхат» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; «Жоғары Сотқа» деген сөздер «кассациялық сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 17) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 17) 488-бапта: тақырыптағы «өтінішхат» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөлікте: «өтінішхат» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына» деген сөздер «кассациялық сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын; «Өтінішхатта» деген сөз «Кассациялық шағымда» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-1-бөлік алып тасталсын; екінші бөлікте: «Өтінішхатқа» деген сөз «Кассациялық шағымға» деген сөздермен ауыстырылсын; «өтінішхат» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлікте: «өтінішхаттар» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді, орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді; «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының» деген сөздер «кассациялық соттың» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктегі «өтінішхаттың» деген сөз «кассациялық шағымның» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші бөлікте: «Өтінішхат» деген сөз «Кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; «өз өтінішхатын» деген сөздер «өзінің кассациялық шағымын» деген сөздермен ауыстырылсын; «қосымша өтінішхатында» деген сөздер «қосымша кассациялық шағымында» деген сөздермен ауыстырылсын; «өтінішхатта» деген сөз «кассациялық шағымда» деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы бөлікте: «Өтінішхатты» деген сөз «Кассациялық шағымды» деген сөздермен ауыстырылсын; «өтінішхатты» деген сөз «кассациялық шағымды» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 18) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 18) 489-бапта: тақырыптағы «Өтінішхаттарды» деген сөз «Кассациялық шағымды» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөлікте: «өтінішхаттар» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; 1), 2) және 3) тармақтардағы «өтінішхат», «өтінішхатты» деген сөздер тиісінше «кассациялық шағым», «кассациялық шағымды» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақтағы «өтінішхат» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақтағы «өтінішхаттар», «сот актілеріне берілсе;» деген сөздер тиісінше «кассациялық шағым», «сот актілеріне берілсе, олар берген адамдарға қайтарылуға жатады.» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақ алып тасталсын; екінші бөліктегі «Өтінішхатты» деген сөз «Кассациялық шағымды» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлікте: «Өтінішхат» деген сөз «Кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; «3) және 4) тармақтарында» деген сөздер «4) тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 19) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 19) 490 және 491-баптар алып тасталсын; 1-тармақтың 20) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 20) 492-бапта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағым келіп түскеннен кейін қылмыстық істі тиісті соттан талап етіп алдырады. Істі алғаннан кейін кассациялық сатыдағы сот он тәулік ішінде тараптарға кассациялық шағымның, наразылықтың көшірмелерін, сондай-ақ сот отырысы өткізілетін күнді, уақытты, орынды көрсете отырып, істің кассациялық сатыдағы сотта қаралатыны туралы хабархат не соттың интернет-ресурсы арқылы олардың электрондық көшірмелерімен танысу мүмкіндігі туралы хабарлама жібереді.»; екінші бөлікте: «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқасының» деген сөздер «Кассациялық соттың» деген сөздермен ауыстырылсын; «өтінішхатты» деген сөз «кассациялық шағымды» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Іс ақылға қонымды мерзімде, бірақ келіп түскен күнінен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қаралуға тиіс.»; 1-тармақтың 21) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 21) 493-бап мынадай редакцияда жазылсын: «493-бап. Сот үкімінің, қаулысының орындалуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы кассациялық сот төрағасының ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры кассациялық тәртіппен тексеру үшін сот үкімінің, қаулысының орындалуын алты айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.»; 1-тармақтың 22) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 22) 494-бапта: бірінші бөлікте: «кімнің өтінішхаты» деген сөздер «кімнің кассациялық шағымы» деген сөздермен ауыстырылсын; «Өтінішхатты» деген сөз «Кассациялық шағымды» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші және үшінші бөліктердегі «өтінішхат», «Өтінішхат» деген сөздер тиісінше «кассациялық шағым», «Кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктегі «өтінішхатты» деген сөз «кассациялық шағымды» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші бөліктегі «өтінішхаттар» деген сөз «шағымдар» деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы бөлікте: бірінші абзацтағы «өтінішхатты» деген сөз «кассациялық шағымды» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығында жазылған уәждер мен дәлелдерді оның тапсырмасы бойынша» деген сөздер «Наразылықта жазылған уәждер мен дәлелдерді» деген сөздермен ауыстырылсын; жетінші бөліктің 1) тармағындағы «өтінішхатты» деген сөз «кассациялық шағымды» деген сөздермен ауыстырылсын; он төртінші бөлікте: бірінші абзацтағы «өтінішхатта» деген сөз «кассациялық шағымда» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацтағы «өтінішхат» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзацта: «өтінішхатында» деген сөз «кассациялық шағымында» деген сөздермен ауыстырылсын; «өтінішхаты» деген сөз «кассациялық шағымы» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жиырма бірінші бөлікпен толықтырылсын: «21. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібере отырып, кассациялық сатыдағы қаулының күшін жойған жағдайда істі кассациялық сатыда қарау осы тараудың қағидалары бойынша жүзеге асырылады.»; 1-тармақтың 23) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 23) 498-бапта: тақырыптағы «өтінішхат» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; «өтінішхат» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 24) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 24) мынадай мазмұндағы 52-1-тараумен толықтырылсын: «52-1-тарау. Сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау 498-1-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауының негіздері 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, егер: 1) қабылданған сот актілері мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қозғайтын не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкелуі мүмкін болса; 2) адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатса; 3) қабылданған сот актілері соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзса, заңды күшіне енген сот актілері кассациялық сатыда қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьясының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша оларды айрықша жағдайларда қайта қарауы мүмкін. 2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өз бастамасы бойынша да, қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша да Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау туралы наразылық енгізуге құқылы. Наразылықтар келтіру туралы өтінішхаттарды қарау осы Кодекстің 486 - 489-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 3. Заңды күшіне енген сот актілерін сотталған адамның кінәсіздігі уәждері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына орай неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттілігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға алып келетін өзге де негіздер бойынша қайта қарау қажеттілігі туралы қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхат, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылық беру мерзімдері шектелмеген. Заңды күшіне енген сот актілерін жазаның жеңілдігіне орай неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттілігі уәждері бойынша немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға алып келетін өзге де негіздер бойынша не соттың істі тоқтату туралы қаулысын қайта қарау қажеттілігі туралы қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхат, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылық беруіне кассациялық қараудан кейін алты ай ішінде жол беріледі. Аталған мерзімді қалпына келтіруге жол берілмейді. Егер қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаты, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына алты ай өткенге дейін келіп түссе, олар дау айтылып отырған сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап алты ай өткеннен кейін де сотталған адамның, ақталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдана отырып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қаралуға жатады. 498-2-бап. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьясының ұсынуын енгізу Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қылмыстық процеске қатысушылардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау қажеттілігі туралы өтінішхаты бойынша қылмыстық істі зерделеу үшін талап етіп алдыра алады. Істі зерделеу нәтижелері бойынша осы Кодекстің 498-1-бабында көзделген негіздер болған кезде ұсыну енгізеді, онда: 1) ұсынудың шығарылған күні мен орны; 2) дау айтылып отырған сот актілері көрсетіле отырып, ұсыну енгізілген іс; 3) ұсынуды енгізу уәждері мен дәлелдері көрсетіледі. Қылмыстық процеске қатысушылар сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берген жағдайда судья бұл жөнінде ұсынуда көрсетеді. 498-3-бап. Заңды күшіне енген сот актісінің орындалуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актісі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қаралғанға дейін оның орындалуын тоқтата тұруға құқылы. 498-4-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау 1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды өткізу уақыты мен орны туралы тараптар хабардар етіледі. 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауы ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады. 3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бағынысты прокурорларының қатысуы міндетті. 4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстің 498-1-бабында көзделген негіздер анықталған жағдайда мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырады; 2) апелляциялық сатыдағы қаулыны немесе үкімді немесе бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырып немесе оның күшін жойып, кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгертеді; 3) соттың үкімін өзгертіп немесе өзгеріссіз қалдырып, кассациялық және апелляциялық сатылардағы соттар қаулыларының күшін жояды; 4) кассациялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді; 5) кассациялық сатыдағы сот қаулысының, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы қаулы мен үкімнің және бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жояды және істі тоқтатады. 5. Қылмыстық іс тоқтатылған не бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындалған кезде күзетпен ұсталып отырған сотталған адам дереу босатылуға жатады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жазаны орындайтын мекемеге немесе органға сот қаулысының көшірмесін оны орындау үшін дереу жібереді. 6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы жария етілген күнінен бастап заңды күшіне енеді және түпкілікті болып табылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулыда баяндалған процестік әрекеттерді жасау қажеттілігі туралы нұсқаулары іс жаңадан қарауға жіберілген кезде кассациялық сатыдағы сот үшін міндетті болып табылады.»; 1-тармақтың 25) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 25) 505-баптың бесінші бөлігінің екінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты» деген сөздер «Кассациялық сот» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 26) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 26) 507-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы алып тасталсын; 1-тармақтың 27) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 27) 665-баптағы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы» деген сөздер «кассациялық сот» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне: 2-тармақтың 1) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 1) 21-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот актілерін қаулы нысанында қабылдайды.»; 2-тармақтың 2) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 2) мынадай мазмұндағы 27-2-баппен толықтырылсын: «27-2-бап. Азаматтық істердің азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың соттылығына жатқызылуы Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот (бұдан әрі - кассациялық сот) тараптардың келісуімен аудандық (қалалық), облыстық және оларға теңестірілген соттардың іс жүргізуіндегі біртекті істердің бірін талап ете алады, өз іс жүргізуіне қабылдай алады, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарай алады және шеше алады.»; 2-тармақтың 3) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 3) 28-1-бап алып тасталсын; 2-тармақтың 4) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 4) 34-бапта: екінші бөліктің 6) тармақшасындағы «28-1-баптарында» деген сөздер «27-1-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктегі «28-1-баптарында» деген сөздер «27-1-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы бөліктің екінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты» деген сөздер «кассациялық сот» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың 5) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 5) 35-бапта: 3-1-бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Кодекстің 27-2-бабында көзделген азаматтық істерді кассациялық сотта судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша жеке-дара қарайды және шешеді.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |