|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Техникалық реттеу туралы (2024.01.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 45-ө өкімін қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы 3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 4-бап. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары 5-бап. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзыреті 7-бап. Уәкілетті органның құзыреті 8-бап. Мемлекеттік органдардың техникалық реттеу саласындағы құзыреті 9-бап. Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия 10-бап. Стандарттау жөніндегі ұлттық органның өкілеттігі 13-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар 16-бап. Тиісті зертханалық практиканың сәйкестік мониторингі 18-бап. Техникалық реттеу тізілімі 2-тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР 20-бап. Техникалық регламенттердің мазмұны 23-бап. Сәйкестікті бағалау нысандары мен объектілері 24-бап. Сәйкестікті бағалау туралы құжаттар 26-бап. Сәйкестікті міндетті растау 27-бап. Өнімнің жалпы қауіпсіздігі туралы декларация 29-бап. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу 30-бап. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру 34-бап. Сәйкестік туралы декларация 36-бап. Сәйкестікті ерікті түрде растау 37-бап. Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау 39-бап. Шет мемлекеттердің сәйкестікті растау нәтижелерін тану 41-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау 43-бап. Техникалық реттеу саласында өнім үлгілерін іріктеп алу 44-бап. Жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 48-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң техникалық реттеудің өнімдерге, олармен байланысты процестерге, қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды белгілеу, орындау кезінде туындайтын негізге алынатын қағидаттарын белгілейді, сондай-ақ мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) дайындаушы - Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, өз атынан өнім өндіруді немесе өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға; 2) дайындаушы уәкілеттік берген тұлға - Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, дайындаушымен, оның ішінде шетелдік дайындаушымен шарт негізінде Қазақстан Республикасының аумағында өнімнің сәйкестігін бағалау және оны айналысқа шығару кезінде осы дайындаушының атынан әрекеттерді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) дәлелдемелік материалдар - объективті куәліктер, оның ішінде фото- және бейнетіркеу көмегімен алынған, өнім үлгілерін іріктеп алу, сынақтардың, зерттеулердің және (немесе) өлшемдердің нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды және (немесе) сәйкестікті бағалау объектісінің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін дәлелдейтін өзге де құжаттарды және (немесе) сынақ зертханаларында (орталықтарында) өнімнің бақылау үлгілерінің сақталғанын (егер зерттелген (сыналған) өнімнің бақылау үлгілерін сақтау Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде жəне (немесе) нормативтік техникалық құжаттарда көзделсе), талап етілетін көрсеткіштер мен параметрлерге қол жеткізілгенін және қажет болған жағдайларда дайындаушының, импорттаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, сатушының құқықтық мәртебесін және (немесе) сәйкестік туралы декларацияны қабылдау құқығын растайтын құжаттарды қамтитын объективті куәліктер; 4) жалпы қауіпсіздік туралы декларация - дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы, сатушы Кеден одағы Комиссиясының шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін Өнімдердің бірыңғай тізбесіне (бұдан әрі - Бірыңғай тізбе) енгізілмеген өнімге, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ оған қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімге қатысты ерікті түрде қабылдайтын құжат; 5) импорттаушы - Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, шетелдік дайындаушымен (сатушымен) партиямен шығарылатын өнімді беруге сыртқы сауда шартын (келісімшартын) жасасқан және осы өнімді Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығаруды және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға; 6) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру - Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын көлік құралын жасаушы заңды тұлғаға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаға жекелеген таным белгілерін бекітіп беру; 7) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік - Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын көлік құралын жасаушы заңды тұлғаға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаға халықаралық сәйкестендіру кодының берілгенін растайтын құжат; 8) көрсетілетін қызмет - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелерінің материалдық мәні болмайтын, стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келетін қызмет; 9) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - нормативтік құқықтық актілерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда техникалық реттеу объектілеріне және оларды орындауға қойылатын талаптарды белгілеу бойынша техникалық реттеу субъектілері мен олардың арасындағы қатынастардың жиынтығы; 10) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізілімі (бұдан әрі - техникалық реттеу тізілімі) - техникалық регламенттердің, аккредиттеу субъектілерінің, сәйкестікті бағалау туралы берілген құжаттардың, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың, жабдықтардың, техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер туралы ақпараттың және техникалық реттеу саласындағы өзге де мәліметтердің электрондық дерекқоры; 11) міндетті сертификаттау - техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін міндетті растау нысаны; 12) нормативтік техникалық құжат - техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын құжат; 13) оқу орталығы - сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын заңды тұлға; 14) өзара байланысты стандарттар - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттар; 15) өнім - материалдық-заттай нысанда ұсынылған әрі шаруашылық және өзге де мақсаттарда одан әрі пайдалануға арналған қызмет нәтижесі; 16) өнімдердің және процестердің қауіпсіздігі - адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы; 17) өнімді айналысқа шығару - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында тарату мақсатында өнімді беру (өткізу) немесе әкелу (оның ішінде дайындаушының қоймасынан жөнелту немесе жинап қоймай тиеп жөнелту); 18) өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестері; 19) өтінім беруші - Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, сәйкестікті бағалауды жүргізу үшін өнімді, процестерді және көрсетілетін қызметті ұсынған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы); 20) процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге қол жеткізу мақсатында өзара байланысты және дәйекті әрекеттер (жұмыстар) жиынтығы; 21) сатушы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, өнімді сатып алушыға (тұтынушыға) өткізетін заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға; 22) сәйкестік белгісі - өнімнің және көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде және (немесе) ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларға ақпарат беруге арналған белгіленім; 23) сәйкестік сертификаты - техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат; 24) сәйкестік сертификатының иесі - сәйкестік сертификатын алған, сәйкестікті бағалауды жүргізуге өтінім беруші; 25) сәйкестік туралы декларация - дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға немесе сатушы айналысқа шығарылатын өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат; 26) сәйкестікті бағалау - техникалық реттеу объектісіне қойылатын талаптардың сақталуын тікелей немесе жанама айқындау; 27) сәйкестікті ерікті түрде растау - өтінім берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін, ол арқылы өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің стандарттау жөніндегі құжаттарға және (немесе) өтінім берушінің талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім; 28) сәйкестікті міндетті растау - ол арқылы өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім; 29) сәйкестікті растау - нәтижесі техникалық реттеу объектісінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім; 30) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға; 31) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар; 32) сәйкестікті растау схемасы - сәйкестікті растау рәсімдерінің жиынтығы мен дәйектілігі; 33) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган ол арқылы өнімнің және (немесе) онымен байланысты процестің, сондай-ақ көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім; 34) сынақ - нәтижесі өнім үлгісі, өзге де сәйкестікті бағалау объектісі қасиеттерінің бір немесе бірнеше сандық және (немесе) сапалық сипаттамасын белгіленген әдістеме бойынша айқындау болып табылатын, сынақ зертханасы (орталығы) жүргізетін сәйкестікті растау шеңберіндегі рәсім не сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны; 35) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрі - зертхана) - сынақтарды (зерттеулерді) жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі; 36) техникалық жағынан күрделі бұйым - көптеген құрылымдық не әртекті элементтерді қамтитын, бір бүтінді құрайтын, мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін, техникалық жағынан күрделі ішкі құрылғысы бар өнеркәсіптік бұйым; 37) техникалық кедергі - техникалық регламенттердегі және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттардағы талаптардың әртүрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан елдер арасындағы саудада туындайтын тосқауыл; 38) техникалық регламент - өнімге немесе өнім мен оған байланысты оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт; 39) техникалық реттеу - өнімге немесе өнім мен оған байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау саласындағы, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу; 40) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - техникалық реттеу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 41) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі - техникалық реттеу тізілімдеріндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің, ұлттық стандарттау жүйесінің және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінің мәліметтері мен ақпараттарын сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе; 42) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) - техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс; 43) техникалық хатшылық - көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы берілген куәліктер жөніндегі мәліметтерді жинау және көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган айқындайтын ұйым; 44) тиісті зертханалық практика қағидаттары - клиникаға дейінгі зертханалық зерттеудің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған, оның ішінде адам денсаулығын сақтау, қоршаған ортаның қауіпсіздігі саласында клиникаға дейінгі зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру, жоспарлау процестеріне, жүргізу және бақылау тәртібіне, осындай зерттеулердің нәтижелерін ресімдеуге, архивтеуге және ұсынуға қойылатын талаптар жүйесі; 45) тиісті зертханалық практиканың сәйкестік мониторингі - тиісті зертханалық практика қағидаттарының сақталуын растау мақсатында шарттық қатынастар шеңберінде зертханаларды мерзімдік инспекциялау және (немесе) олардың зерттеу нәтижелерінің аудиті.
2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 3. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жекелеген түрлеріне қатысты техникалық реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 1. Осы Заң өнімдерге, оның ішінде ғимараттар мен құрылысжайларға, өнімдерге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілеу және орындау, өнімдерге, процестерге және қызметтер көрсетуге, сәйкестікті бағалауға және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қойылатын талаптарды ерікті негізде қолдану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді. 2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Мыналар: азаматтық авиация өнімін, мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалатын қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа жататын мәліметтерді қорғау мақсатында пайдаланылатын өнімді, ол туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын өнімді, атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты талаптар белгіленетін өнімді, бұрын тұтынуда болған өнімді, ветеринариялық препараттарды, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы), аз сериялы және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірістің ғылымды қамтитын өнімін қоспағанда, өнім; өнімге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестері; ветеринария, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласындағы көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік, медициналық, білім беру, қаржылық, банктік және реттелуі Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген басқа да көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, ерікті түрде сертификаттау бөлігінде көрсетілетін қызметтер техникалық реттеу объектілері болып табылады. 3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымына кіретін жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығына ие жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
4-бап. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары 1) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі үшін өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 2) өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты сатып алушыларды (тұтынушыларды) жаңылыстыруға алып келетін әрекеттердің алдын алу, оның ішінде олардың сәйкестігін бағалаудың анықтығын, өнімдердің немесе өнімдер мен оған байланысты процестердің қадағалануын қамтамасыз ету арқылы алдын алу; 3) саудадағы техникалық кедергілерді жою; 4) сатып алушыларға, оның ішінде тұтынушыларға өнімдерді, процестерді және көрсетілетін қызметтерді біліктілікпен таңдауға жәрдемдесу техникалық реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады. 2. Техникалық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) техникалық реттеудің және сәйкестікті бағалаудың бірлігі мен тұтастығы; 2) техникалық регламенттерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын ұйымдардың техникалық регламенттерінде бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу; 3) техникалық реттеу процестеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді, мемлекет пен мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету үшін техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетімділігі; 4) өзара байланысты стандарттардан таңдау еріктілігі; 5) дайындаушының, импорттаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, сатушының өз өнімінің қауіпсіздігін декларациялауы; 6) дайындаушының, импорттаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, сатушының техникалық регламенттерге және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес келмейтін өнімді айналысқа шығарғаны үшін жауаптылығы; 7) техникалық реттеу субъектілерінің техникалық реттеу процестеріне қатысуының тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; 8) отандық және импортталатын өнім мен көрсетілетін қызметке қойылатын талаптардың теңдігі; 9) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, техникалық регламенттердің және олар туралы, оларды әзірлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігі; 10) техникалық регламенттер мен өзара байланысты стандарттарды әзірлеу кезінде ғылым мен техника жетістіктерін, халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттер стандарттарын пайдалану; 11) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының даму, материалдық-техникалық базасы және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігі; 12) аккредиттеу және сәйкестікті растау жөніндегі өкілеттіктерді бір органның қоса атқаруына жол бермеу; 13) бір мемлекеттік органда сәйкестікті растау және мемлекеттік бақылау мен қадағалау функцияларының үйлеспеушілігі; 14) сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан, импорттаушылардан, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғалардан, сатушылардан тәуелсіздігі; 15) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыста бәсекелестікті шектеуге жол бермеу; 16) сәйкестікті бағалау рәсімдерінің анықтығы мен қадағалануы; 17) өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру арқылы олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету.
5-бап. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымын мыналар құрайды: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2) уәкілетті орган, оның ведомствосы, ведомствоның аумақтық бөлімшелері; 3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар; 4) аккредиттеу жөніндегі орган; 5) Стандарттау жөніндегі ұлттық орган; 6) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер (бұдан әрі - сарапшылық кеңестер); 7) Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрі - Ақпарат орталығы); 8) аккредиттеу субъектілері, оның ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар; 9) сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзыретіне мыналар жатады: 1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының өнімнің өмірлік циклі сатыларында сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы4-бап. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары5-бап. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзыреті7-бап. Уәкілетті органның құзыреті8-бап. Мемлекеттік органдардың техникалық реттеу саласындағы құзыреті9-бап. Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия10-бап. Стандарттау жөніндегі ұлттық органның өкілеттігі11-бап. Сарапшылық кеңестер12-бап. Ақпарат орталығы13-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар14-бап. Зертханалар15-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыреті, оларға қойылатын талаптар және сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар аттестаттарының қолданысын тоқтата тұру, одан айыру (кері қайтарып алу) үшін негіздер16-бап. Тиісті зертханалық практиканың сәйкестік мониторингі17-бап. Сәйкестік сертификаты иесінің, сәйкестік туралы декларацияны қабылдайтын тұлғаның құқықтары мен міндеттері18-бап. Техникалық реттеу тізілімі 2-тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР19-бап. Жалпы ережелер20-бап. Техникалық регламенттердің мазмұны21-бап. Техникалық регламентті әзірлеу, сараптама жасау, қабылдау, өзгерту және күшін жою ерекшеліктері 3-тарау. СӘЙКЕСТІКТІ БАҒАЛАУ22-бап. Сәйкестікті бағалау23-бап. Сәйкестікті бағалау нысандары мен объектілері24-бап. Сәйкестікті бағалау туралы құжаттар25-бап. Өнімдер мен процестердің және көрсетілетін қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау26-бап. Сәйкестікті міндетті растау27-бап. Өнімнің жалпы қауіпсіздігі туралы декларация28-бап. Көлік құралы типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру29-бап. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу30-бап. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру31-бап. Өнім дайындаушылардың, импорттаушылардың, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғалардың, сатушылардың сәйкестікті растау саласындағы құқықтары мен міндеттері32-бап. Сәйкестік сертификаты33-бап. Сәйкестік белгісі34-бап. Сәйкестік туралы декларация35-бап. Техникалық регламенттер өзіне қатысты қолданысқа енгізілген өнімнің нарықтағы айналыс шарттары36-бап. Сәйкестікті ерікті түрде растау37-бап. Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау38-бап. Өнімді сынау39-бап. Шет мемлекеттердің сәйкестікті растау нәтижелерін тану 4-тарау. УӘКІЛЕТТІ ОРГАН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ40-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау мақсаттары, субъектілері және объектілері41-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау42-бап. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау немесе бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде өнім үлгілерін іріктеп алу43-бап. Техникалық реттеу саласында өнім үлгілерін іріктеп алу44-бап. Жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі45-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар46-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |