|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 98-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне: 93-баптың 2-тармағы «қоғам» деген сөзден кейін «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоғары ғылыми ұйым нысанындағы коммерциялық емес ұйым,» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 1) 98-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Өнеркәсіптік саясат туралы» және «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 100-баптағы «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Өнеркәсіптік саясат туралы» және «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 241-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері іске асыратын, ғылымды қамтитын өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жасауға бағытталған үйлестірілген ғылыми, ғылыми-техникалық жұмыстар кешені толық ғылыми цикл жобасы болып табылады.»; 4) 241-2-баптың 2-тармағында: 6) тармақша «бизнесті» деген сөзден кейін «, оның ішінде толық ғылыми цикл жобаларын» деген сөздермен толықтырылсын; 9) тармақша «іске асыру» деген сөздерден кейін «және ғылымды дамыту» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 241-5-бапта: тақырыптағы «және іске асыру» деген сөздер «мен іске асыру және ғылымды дамыту» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: бірінші бөліктегі «және іске асыру» деген сөздер «мен іске асыру және ғылымды дамыту» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлік алып тасталсын; 2-тармақта: бірінші бөліктегі «әзірлеу» деген сөз «тұжырымдау және ғылымын дамыту» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлік «трендтерді» деген сөзден кейін «, ғылыми жетістіктерді» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақта: бірінші бөлік «қалыптастыру» деген сөзден кейін «және ғылымды дамыту» деген сөздермен толықтырылсын; төртінші бөлік «қалыптастыру және» деген сөздерден кейін «ғылымды дамыту,» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтың бірінші бөлігі «іске асыру» деген сөздерден кейін «және ғылымды дамыту» деген сөздермен толықтырылсын. 3. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне: 1) 1-баптың 1-тармағында: 18) тармақшаның екінші бөлігі «өзге де заңды тұлғалар» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды төлейтін, осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы» деген сөздермен толықтырылсын; 119) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде қарастырылады.»; 2) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) және 22-2) тармақшалармен толықтырылсын: «22-1) уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен және жағдайларда, осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлуді және Қорға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрған жері бойынша тиісті бюджетке аударуды; 22-2) уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен және жағдайларда, әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қате (артық) төленген сомаларын осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторына қайтаруды жүзеге асыруды;»; 3) 78-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.»; 4) 85-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.»; 5) мынадай мазмұндағы 102-1-баппен толықтырылсын: «102-1-бап. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру 1. Оператор арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың кірістерінен осы Кодекске сәйкес міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жеке табыс салығын ұстап қалуды және ұсталған сомаларды аударуды жүргізеді. 2. Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге тиісті әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі орындаушының өзінің таңдауы бойынша әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде немесе осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерде айқындалады. Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірісі олар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады. Бұл ретте айына әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының 7 еселенген ең төмен мөлшерінен аспауға тиіс. 3. Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге тиісті міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі орындаушының өзінің таңдауы бойынша міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің бір пайызы мөлшерінде немесе осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мөлшерде айқындалады. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірісі түсініледі. Бұл ретте айына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының 50 еселенген ең төмен мөлшерінен аспауға тиіс. 4. Орындаушының осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауының, сондай-ақ Оператордың осы бапта көрсетілген жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы мен аударуының тәртібін денсаулық сақтау саласында, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, ақпараттандыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»; 6) 118-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.»; 7) 181-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.»; 8) 240-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.»; 9) 243-баптың бірінші бөлігі 6) тармақшасындағы «жеке көмекшілер жатады.» деген сөздер «жеке көмекшілер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын және осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес орындаушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер жатады.»; 10) 244-баптың 1-тармағындағы «Төлеушілердің», «жататын» деген сөздер тиісінше «Осы Кодекстің 102-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, төлеушілер», «тиісті» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 245-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың төртінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адам дарға қолданылмайды.»; 7-тармақтың екінші бөлігі «кірісіне» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдардың кірісіне» деген сөздермен толықтырылсын; 12) 248-баптың 9-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) Оператор - егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жүзеге асырады.»; 13) 249-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «осы Кодекстің» деген сөздер «осы Кодекстің 102-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 263-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап: 1) 1-баптың 1-тармағы 119) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «Осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде қарастырылады;»; 2) 17-баптың 1-тармағының 22-2) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «22-2) интернет-платформа операторы жүргізген әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қате (артық) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыруды;»; 3) 102-1-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «1. Оператор арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың кірістерінен осы Кодекске сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жеке табыс салығын ұстап қалуды және ұсталған сомаларды аударуды жүргізеді.»; «4. Орындаушының осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауының, сондай-ақ Оператордың осы бапта көрсетілген жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы мен аударуының тәртібін денсаулық сақтау саласында, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, ақпараттандыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.». 4. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Дербес білім беру ұйымдары, дербес кластерлік қор, нотариаттық палаталар, адвокаттар алқалары, адвокаттық кеңселер, Республикалық заң консультанттары алқасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, Қазақстанның төрелік палатасы, кәсіби аудиторлық ұйымдар, аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес, көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестіктері, жоғары ғылыми ұйым және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.»; 2) 19-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жоғары ғылыми ұйымның немесе дербес білім беру ұйымының ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым «Ғылым және технологиялық саясат туралы» немесе «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғам болып қайта құрылуы нәтижесінде құрылуы мүмкін.»; 3) 22-бап мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын: «6-2. Жоғары ғылыми ұйымның жарғысында жоғары ғылыми ұйым қызметінің нысанасы мен мақсаттары, құрылымы, оның органдарын қалыптастыру тәртібі мен құзыреті, мүлкінің пайда болу көздері және оған билік ету тәртібі, қызметтер көрсету және функцияларды жүзеге асыру шарттары мен тәртібі қамтылуға тиіс.». 5-тармақ 2024 ж. 17 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді 5. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: мынадай мазмұндағы 52-2 және 52-3-баптармен толықтырылсын: «52-2-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының қызметіне қойылатын талаптар 1. Облыстың білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар: 1) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау; 2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; 3) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасауды қамтамасыз ету; 4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестеріне жәрдем көрсету; 5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және жүзеге асыру; 6) білім беру ұйымдарындағы, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметке әдістемелік басшылық етуді қамтамасыз ету; 7) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытты өткізуін және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға қатысу; 8) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, оларға адамгершілік және саламатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және білім беру ұйымдарының жұмыс істеу практикасына ендіру; 9) дамуында немесе мінез-құлқында ауытқулары бар кәмелетке толмағандарды анықтайтын, оларды кешенді тексеріп-қарауды жүргізетін және оларды одан әрі оқыту және тәрбиелеу нысандарын айқындау жөнінде ұсынымдар дайындайтын психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялар құру; 10) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат әрекеттердің алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою; 11) террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалтумен қамтамасыз ету; 12) Қазақстан Республикасының білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмнен қорғаудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. 2. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар: 1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау; 2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; 3) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасауды қамтамасыз ету; 4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестеріне жәрдем көрсету; 5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру; 6) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметке әдістемелік басшылық етуді қамтамасыз ету; 7) мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық ету жөніндегі функцияларын іске асыру; 8) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат әрекеттердің алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою; 9) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытты өткізуін және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру; 10) жалпы білім беретін оқу орындарына дәлелсіз себептермен бармайтын кәмелетке толмағандарды анықтау және есепке алу, олармен және олардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен жеке профилактика шараларын жүргізу; 11) дамуында немесе мінез-құлқында ауытқулары бар кәмелетке толмағандарды анықтайтын, оларды кешенді тексеріп-қарауды жүргізетін және оларды одан әрі оқыту және тәрбиелеу нысандарын айқындау жөнінде ұсынымдар дайындайтын психологиялық-медициналық педагогикалық комиссиялар құру; 12) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, оларға адамгершілік және саламатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және білім беру ұйымдарының жұмыс істеу практикасына ендіру; 13) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарды, жағдайы нашар отбасыларды анықтауға, оларды ішкі істер органдарына есепке қоюға қатысу және олармен жеке профилактика шараларын жүргізу; 14) жалпы білім беретін оқу орындарында қолжетімді спорт секцияларының, техникалық және өзге де үйірмелердің, клубтардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және оларға кәмелетке толмағандарды тарту; 15) баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету; 16) террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалтумен қамтамасыз ету; 17) Қазақстан Республикасының білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмнен қорғаудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. 3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар: 1) аудандық ауқымдағы (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |