Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы (2024.12.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика министрінің 2023.06.09. № 330 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 24 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің 2022.05.07. № 229 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Энергетика министрінің 2023.06.09. № 330 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 24 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|