Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 22 сәуірдегі № 220-I Заңы (2018.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар 2-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұғымы 3-бап. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік 4-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауы 5-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері мен мекен-жайы 6-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті 7-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің филиалдары мен өкілдіктері 8-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар 11-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары 12-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың міндеттері 12-1-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғасы 12-2-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді ашу ІІ-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру 13-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі 14-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты 15-бап. Құрылтай шартын жасау тәртібі мен оның нысаны 16-бап. Жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрудың ерекшеліктері 17-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы 18-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту тәртібі 19-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу 20-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тарту 21-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құруға байланысты міндеттемелер бойынша жауапкершілік 22-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар құрамындағы өзгеріс ІІІ-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы 23-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын құру 24-бап. Серіктестіктің жарғылық капиталын құру мерзімдері 25-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын тексеру 26-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайту 27-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын азайту 28-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың үлестері 31-бап. Иеліктен айырылатын үлесті сатып алуға артықшылық құқық 33-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушы үлесін сатып алуының салдары 34-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушыдан үлесті мәжбүрлеп сатып алу IV-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі 38-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкінің құралуы 39-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкіне қосымша жарналар 40-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза табысын оның қатысушылары арасында бөлу V-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару 41-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің органдары мен лауазымды тұлғалары 42-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы жиналысы 43-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының құзыреті 44-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың кезекті жалпы жиналысы 45-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың кезектен тыс жалпы жиналысы 46-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру тәртібі 47-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын өткізу тәртібі 49-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын сырттай өткізу 50-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік органдарының шешімдеріне дау айту 51-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органы 52-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органының құзыреті 53-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жеке-дара атқарушы органы 54-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің алқалы атқарушы органы 55-бап. Атқарушы орган мүшелері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүдделерінің қақтығысы 56-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру 57-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқаушы кеңесі 58-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің тексеру комиссиясы (тексерушісі) 59-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі сыртқы аудит 60-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ашық қаржылық есептемесі 60-1-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ақпарат беруі VI-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату 61-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыру 62-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қосу, біріктіру 63-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті бөлу, бөліп шығару 65-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру 67-бап. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болатын серіктестікті мемлекеттік тіркеу 68-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату 69-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін тоқтату
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңына сәйкес 1-бап толықтырылды 1-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, серіктестіктердің құрылу тәртібін, қызметін, қайта ұйымдастырылуы мен таратылуын белгілейді. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара) 2. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің ерекшеліктері шетелдік инвестициялар туралы заң актілерімен белгіленуі мүмкін. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын не сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленуі мүмкін. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Мемлекеттің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы және оларды басқару ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 3. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке осы Заңның ережелері қолданылады, өйткені осы Заңның 3-бабында өзгеше жағдай көзделмеген.
2-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұғымы 1. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. 3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 4. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. 3-бап. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік 1. Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. 2. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. 3. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда қосымша жауапкершілігі бар серіктестік міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына бара-бар бөлінеді. 4-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауы 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің серіктестік атауын, сондайақ «жауапкершілігі шектеулі серіктестік» деген сөздерді немесе «ЖШС» деген аббревиатураны қамтуға тиіс фирмалық атауы болады. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің фирмалық атауында тиісінше «қосымша жауапкершілігі бар серіктестік» деген сөздер немесе «ҚЖС» деген аббревиатура болуға тиіс. Серіктестік осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуге жатады. Серіктестіктің фирмалық атаудың қысқарған нысанын және оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқығы бар. 2. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауында оның құрылтайшыларының қай мемлекеттікі екені қосып көрсетілуі мүмкін. 5-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері мен мекен-жайы 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері деп оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады. 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк орналасқан жерiн ауыстырған кезде қажеттi өзгерiстердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзу үшiн серіктестік бұл жөнінде серiктестiктiң нақты мекенжайы бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарлауға мiндеттi.
6-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады. 7-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің филиалдары мен өкілдіктері 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзі орналасқан жерден тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 43-бабына сәйкес филиалдар құрып, өкілдіктер ашуға құқылы. Серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға өз филиалдарын құрғаны және өкілдіктерін ашқаны туралы, сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы хабарлауға міндетті. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің филиалдарын құру және өкілдіктерін ашу туралы шешімді, егер серіктестік жарғысында мұндай шешімдерді оның қатысушыларының жалпы жиналысы қабылдайтыны көзделмесе, серіктестіктің атқарушы органы қабылдайды. ҚР 21.05.02 ж. № 323-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары, сондай-ақ ол құрылғаннан кейін серіктестік мүлкінен үлеске құқық алған адамдар оның қатысушылары болып табылады. 3. Мемлекеттік кәсіпорындар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекет оның келісімімен уәкілдік берген орган арқылы ғана қатысушы бола алады. 4. Мекемелер, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, меншік иесінің рұқсатымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушы бола алады. ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңына сәйкес 9-бап өзгертілді; ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 9-бап алынып тасталды (бұрынғы ред. қара) 10-бап. Бір қатысушыдан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайының ерекшеліктері 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды. 2. Бір қатысушыдан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жататын шешімдерді жалғыз қатысушы жеке-дара қабылдайды және олар жазбаша ресімделеді. Бұл жағдайда осы Заңның 44-50-баптарының ережелері қолданылмайды.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 11-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар: 1) осы Заңда және серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысуға; 2) серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға; 3) серіктестік қызметінен осы Заңға, серіктестіктің құрылтай құжаттарына және оның жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға; 4) серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға; 5) осы Заңда көзделген тәртіппен өз үлесін бөліп алу арқылы серіктестікке қатысуын тоқтатуға; 6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқылы. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың осы Заңда және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
2005.08.07. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың міндеттері 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар: 1) құрылтай шартының талаптарын орындауға; 2) құрылтай құжаттарында көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға; 3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара) 4) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда осы Заңның 17-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ тіркеушіге жазбаша хабарлауға міндетті. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің құрылтай құжаттарында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды 12-1-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғасы 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (бұдан әрі осы бапта - серіктестік) үлестес тұлғасы деп тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді анықтауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың біреуінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасалған мәміле негізінде ықпал ету мүмкіндігіне ие жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) танылады. 1) құрылтайшылар, қатысушылар; 2) осы тармақтың 1), 3) және 9) тармақшаларында аталған жеке тұлғалардың жақын туыстары, зайыбы (жұбайы), зайыбының (жұбайының) жақын туыстары; 3) серіктестіктің немесе осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары; 4) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған тұлғаның не серіктестіктің лауазымды тұлғасының бақылауында болатын заңды тұлға; 5) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған не серіктестіктің лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға; 6) оған қатысты серіктестік ірі акционер болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға; 7) осы тармақтың 6) тармақшасында аталған заңды тұлға оған қатысты ірі акционер болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға; 8) серіктестікпен бірге үшінші бір тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға; 9) серіктестік қабылдайтын шешімдерді анықтауға құқылы, шартқа сәйкес серіктестікпен байланысты болатын тұлға; 10) дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 11) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) иеленетін, пайдаланатын, оларға билік ететін тұлға; 11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес серіктестіктің үлестес тұлғасы болып табылатын өзге де тұлға серіктестіктің үлестес тұлғасы болып табылады. 3. Тиісінше серіктестік немесе өзге де заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді анықтау мүмкіндігі серіктестікті немесе өзге де заңды тұлғаны бақылау болып табылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 12-2-баппен толықтырылды 12-2-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді ашу 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің үлестес тұлғаларын есепке алуды осы тұлғалар беретін мәліметтер негізінде жүргізуге міндетті. 3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғалары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үлестестігі пайда болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өздерінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді жауапкершілігі шектеулі серіктестікке беруге міндетті.
ІІ-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру
13-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан (осы Заңның 14-бабы) басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен (осы Заңның 19-бабы) аяқталады. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін: 1) бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе, осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда; 2) серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым қабылданбаған жағдайда тоқтатылады. 3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда (осы баптың 2-тармағы): 1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін ақша, бағалы қағаздар, заттар, соның ішінде санаткерлік қызмет нәтижелеріне құқықты қоса мүліктік құқық және өзге де мүлік қосқан серіктестіктің құрылтайшылары оларды дереу қайтаруды талап етуге құқылы; 2) осы Заңның негізінде жасалған сенімгерлік басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып, осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс. 4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда (осы баптың 2-тармағы), егер құрылтайшылар жаңа құрылтай шартын жасасса, серіктестікті құруға болады. Бұл ретте мемлекеттік тіркеуден бас тартуға себеп болған мән-жайлар ескерілуге тиіс. 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды 5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
14-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында мыналар болуға тиіс: 1) серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан жері; 2) серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі; 3) серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау; 4) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері; 5) серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары; 6) құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі; 7) серіктестік жарғысын бекіту; 8) серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі. Құрылтайшылардың шешімі бойынша құрылтай шартына серіктестікті құруға және оның қызметіне қатысты осы Заңға және басқа да заң актілеріне қайшы келмейтін өзге де ережелер енгізілуі мүмкін. 3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында оның қызметінің мәні мен мақсаты көзделуі мүмкін. 4. Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кіреді, мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші жаққа серіктестік органдарының шешімімен ғана не заң актілерінде белгіленген жағдайларда ұсынылуға тиіс. Мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету талап етілмейді. 5. Құрылтай шартының талаптары осы шартқа қол қойған құрылтайшылар үшін, сондай-ақ серіктестік құрылып, тіркелгеннен кейін оған кірген жаңа қатысушылар үшін міндетті болып табылады. 2010.20.01. № 239-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 15-бап. Құрылтай шартын жасау тәртібі мен оның нысаны 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жасалады. 2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты жазбаша нысанда жасалады. 3. Шартқа серіктестіктің барлық құрылтайшылары қол қояды. Құрылтайшылар өкілдерінің серіктестікті құруға және құрылтай шартына қол қоюға құқық беретін тиісті өкілеттігі болуға тиіс. Құрылтайшылар қатарына кіретін заңды тұлғаларды олардың тиісті заңды тұлға атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкін. 4. Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды. Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді. Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мәртебесінің ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтінінде көрсетілуге тиіс. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісіболып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартын қоспағанда, құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс. 6. Құрылтай шартына қол қойған құрылтайшылар серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң серіктестіктің қатысушылары болады. 16-бап. Жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрудың ерекшеліктері 1. Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік оның жеке өзі қабылдаған шешімнің негізінде құрылады. Бұл жағдайда құрылтай шарты жасалмайды. 2. Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын осы серіктестікті құрған адам бекітеді. 3. Жалғыз қатысушысы бар серіктестікті мемлекеттік тіркеу жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу үшін белгіленген жалпы тәртіп бойынша жүргізіледі. 4. Егер жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік салымды бөлу немесе жарғылық капиталды ұлғайту нәтижесінде жаңа қатысушылармен толықса, олар осы Заңның 15-бабында көзделген ережелер бойынша құрылтай шартына қол қоюға міндетті. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар2-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұғымы3-бап. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік4-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауы5-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері мен мекен-жайы6-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті7-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің филиалдары мен өкілдіктері8-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар10-бап. Бір қатысушыдан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайының ерекшеліктері11-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары12-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың міндеттері12-1-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғасы12-2-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді ашу ІІ-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру13-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі14-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты15-бап. Құрылтай шартын жасау тәртібі мен оның нысаны16-бап. Жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрудың ерекшеліктері16-1-бап. Тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылу және қызмет ету ерекшелiктерi17-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы18-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту тәртібі19-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу20-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тарту21-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құруға байланысты міндеттемелер бойынша жауапкершілік22-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар құрамындағы өзгеріс ІІІ-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы23-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын құру24-бап. Серіктестіктің жарғылық капиталын құру мерзімдері25-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын тексеру26-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайту27-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын азайту28-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың үлестері29-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының серіктестік мүлкіндегі өз үлесіне билік етуі30-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының үлесін үшінші жаққа иеліктен айырып беру мүмкіндігі31-бап. Иеліктен айырылатын үлесті сатып алуға артықшылық құқық32-бап. Басқа қатысушылар үлесті сатып алудан бас тартқан жағдайда жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушының үлесін сату33-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушы үлесін сатып алуының салдары34-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушыдан үлесті мәжбүрлеп сатып алу35-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлестің мұрагерлік бойынша ауысуы36-бап. Заңды тұлғалардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлеске қатысты құқықтық мұрагерлігі37-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының үлесінен оның кредит берушілерінің өндіріп алуы IV-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі38-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкінің құралуы39-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкіне қосымша жарналар40-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза табысын оның қатысушылары арасында бөлу V-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару41-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің органдары мен лауазымды тұлғалары42-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы жиналысы43-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының құзыреті44-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың кезекті жалпы жиналысы45-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың кезектен тыс жалпы жиналысы46-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру тәртібі47-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын өткізу тәртібі48-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі49-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын сырттай өткізу50-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік органдарының шешімдеріне дау айту51-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органы52-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органының құзыреті53-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жеке-дара атқарушы органы54-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің алқалы атқарушы органы55-бап. Атқарушы орган мүшелері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүдделерінің қақтығысы56-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру57-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқаушы кеңесі58-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің тексеру комиссиясы (тексерушісі)59-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі сыртқы аудит60-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ашық қаржылық есептемесі60-1-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ақпарат беруі VI-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату61-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыру62-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қосу, біріктіру63-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті бөлу, бөліп шығару64-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның немесе соттың жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мәжбүрлеп бөлу, бөліп шығару туралы шешімін орындамаудың салдарлары65-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру66-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыруды жақтап дауыс бермеген қатысушылардың үлестерін сатып алу67-бап. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болатын серіктестікті мемлекеттік тіркеу68-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату69-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін тоқтату |