ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 16 ақпандағы № 30-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім): 224-баптың 2-тармағы «жануарлар,» деген сөзден кейін «өсімдіктердің генетикалық ресурстары,» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 65-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы: «сәйкес» деген сөзден кейін «өсімдіктер,» деген сөзбен толықтырылсын; «тарихи-мәдени» деген сөзден кейін «, табиғи» деген сөзбен толықтырылсын. 3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне: 1) 4-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «14) биологиялық әралуандық - түр шеңберіндегі, түрлер арасындағы әртүрлілік пен экологиялық жүйелердің әртүрлілігін қамтитын, барлық көздерден, оның ішінде өздері бір бөлігі болып табылатын жердегі, теңіздегі және өзге де су экологиялық жүйелері мен экологиялық кешендерден тірі организмдердің өзгермелілігі;»; 2) 6-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) қала ормандарынан басқа, елді мекендер шекарасы шегіндегі жасыл екпелер;»; 3) 21-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік қорғалуға жатады.»; 4) 38-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|