ҚР Ішкі істер министрінің 2016.15.04. № 408 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 7-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті туралы (2016.15.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери және арнайы қамтамасыз етуді, күрделі құрылысты, шаруашылық жабдықтауды, полиция органдарының ғимараттарына жөндеу-пайдалану қызметін көрсетуді, бекітілген контингентті медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Департаменттің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді. 1) Басшылықтан; 2) Әскери және арнайы қамтамасыз ету басқармасынан; 3) Әскери инженерлік-техникалық қамтамасыз ету басқармасынан; 4) Мемлекеттік сатып алу және мониторинг басқармасынан; 5) Медициналық басқармадан; 6) Күрделі құрылыс тобынан; 7) Ғимараттар мен имараттарды пайдалану тобынан; 8) Кеңседен тұрады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|