«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың 7-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (С.В. Каверников) жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 408 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 7-қосымша
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери және арнайы қамтамасыз етуді, күрделі құрылысты, шаруашылық жабдықтауды, полиция органдарының ғимараттарына жөндеу-пайдалану қызметін көрсетуді, бекітілген контингентті медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) құрылымдық бөлінісі болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|