Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы (2019.18.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 44 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017.16.10. № 237 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018.28.05. № 121 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.18.07. № 152 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Бекітілсін: 1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 3) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес «Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 4) осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 5) осы қаулының 5 қосымшасына сәйкес «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 6) осы қаулының 6 қосымшасына сәйкес «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|