|
|
|
Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы (2019.11.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 156 қаулысымен бекітілген
Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесі
1. Осы Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы (бұдан әрі - өтемақы) төлеу тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2019.11.10. № 757 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Өтемақы алу үшін оны алуға құқығы бар адамдар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы немесе оның судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кадр қызметіне, жергілікті немесе басқа соттың судьясы немесе оның судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың соттар әкімшілерінің кадр қызметіне (бұдан әрі - кадр қызметі) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтінішпен мынадай құжаттарды ұсына отырып өтініш береді: өтемақыны алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; өтемақы алушының СТН (ЖСН) көшірмесі; азаматтық хал актілерін жазу органдарының қайтыс болуы туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; кәмелетке толмаған өтемақы алушының тууы туралы куәлігінің көшірмесі; некеге тұру туралы куәлігінің не сот органдарының алименттер туралы атқарушы құжатының не қамқоршылық туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі не мұрагерлікке құқығы туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; өтемақы алушының жеке шотының немесе карт-шотының көшірмесі. Жұмыс істеп жүрген судья қайтыс болған кезде кадр қызметі міндетті түрде өтемақы алуға құқығы бар тұлғаларды олардың жоғарыда көрсетілген құжаттар беру қажеттігі туралы жазбаша хабарлайды. 3. Кадр қызметі осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуін тексереді және өтінішті осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге арналған өтініштерді тіркеу журналына тіркейді. Өтемақы алуға құқығы жоқ тұлға өтініш берген, оны алуға құқықтық негіздер болмаған, тиісті құжаттар толық ұсынылмаған және (немесе) олар дұрыс толтырылмаған жағдайда өтініш тіркелмейді, ол туралы өтініш берушіге жазбаша хабарланады. Кадр қызметі өтінішті журналға тіркеп, 10 күнтізбелік күн ішінде өтемақы алушыға іс қалыптастырады және оны тиісті қаржы қызметіне жібереді. 4. Қаржы қызметі өтемақы сомасы туралы есепті іске қоса отырып, 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде: - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы немесе судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына; - жергілікті немесе басқа соттың судьясы немесе судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда тиісті соттар әкімшісіне өтемақы төлеу туралы шешім қабылдау үшін істі ұсынады. 5. Өтемақы төлеуді қаржы қызметі алушының банктердегі не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік операциялардың тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардағы жеке шотына немесе карт-шотына аудару жолымен өтініш берген сәттен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады. 6. Кәмелетке толмаған өтемақы алушыларға өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-23-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.
Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы ережесіне 1-қосымша
Кімге ___________________________________ (уәкілетті орган басшысының Т.А.Ә.) ___________________________ мекен-жайында тұратын _________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә.) өтініш берушінің СТН ____________________
Жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге өтініш Сізден ___________________________________________________________________________________________________ (қайтыс болған адамның Т.А.Ә.) қайтыс болуына байланысты маған жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуіңізді сұраймын. Қайтыс болған күні: _______________________________________________________________________________________ Маған тиесілі соманы аударуыңызды сұраймын: банктің атауы: ____________________________________________________________________________________________ банктің СТН: _____________________________________________________________________________________________ банктің БСК: _____________________________________________________________________________________________ банктің ЖСК: ____________________________________________________________________________________________ жеке (карта) шотының нөмірі:_______________________________________________________________________________ Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын: 1. 2. 3. Толтырылған күні: _________________________________________________________________________________________ Өтініш берушінің қолы: _____________________________________________________________________________________
Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы ережесіне 2-қосымша
Жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге арналған өтініштерді тіркеу журналы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |