ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 145-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне: 1) мазмұны алып тасталсын; 2) 61-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) өртке байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары.»; 3) 189-баптың екінші бөлігі «екінші - он екінші» деген сөздерден кейін «, жиырма бесінші және жиырма алтыншы» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 191-бапта: бірінші бөлік «екінші - он екінші» деген сөздерден кейін «, жиырма бесінші және жиырма алтыншы» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктегі «204 (екінші бөлігінде),» деген сөздер және «292,» деген цифрлар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы жиырма бесінші және жиырма алтыншы бөліктермен толықтырылсын: «25. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізеді. 26. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабында (екінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдары немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүргізеді.». 2-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 31-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы Заңның 28-бабы төртінші бөлігінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.». 3-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|