|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 10-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім): 1) 814-баптың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы ғана» деген сөздер «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзара сақтандыру қоғамы немесе «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі ғана» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 830-баптың 2-тармағы «агенті» деген сөзден кейін «, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 840-бапта: тақырып «Сақтанушының» деген сөзден кейін «(пайда алушының)» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Пайда алушының сақтандыру нәтижесінде өтелген залалдар үшін жауапты тұлғаға талап қою құқығы Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне ауысуы мүмкін.». 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 1) 3-баптың 1-тармағының 73-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «73-2) экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме - Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі сақтандыру және кепілдік төлемдерін жүзеге асырмаған, экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген сақтандыру шарттары және кепілдіктер бойынша өтелмеген міндеттемелердің белгілі бір күнге алынған сомасы;»; 2) 225-1-баптың 1-тармағында: «Экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания» деген сөздер «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын; «кепілдік шартының» деген сөздер «экспортты қолдау бойынша кепілдік шартының» деген сөздермен ауыстырылсын; «сақтандыру» деген сөзден кейін «және кепілдік» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 225-2-баптың 3, 4, 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «3. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмсайтын бюджет қаражатын осы Кодекстің 225-6-бабының негізінде қайтаруы шарттарымен жүзеге асырылады. 4. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті беру үшін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінен экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлемақы (алым) алынады.»; «6. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі арасындағы тараптардың экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру жөніндегі міндеттемелер орындалған жағдайда бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім болып табылады. 7. Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі экспортты қолдау бойынша қолданыстағы мемлекеттік кепілдік шеңберінде республикалық бюджеттен бұрын бөлінген қаражат бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда ол бойынша республикалық бюджеттен келесі сомаларды беруге жол берілмейді.»; 4) 225-3-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі болу;»; мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) нақты жүзеге асырылған сақтандыру және кепілдік төлемдерінің көлемі экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктердің қолданылу кезеңінде меншікті капиталы көлемінің 40 (қырық) пайызынан аспауға тиіс. Бұл ретте сақтандыру және кепілдік төлемдерінің көлемі суброгация, қайта сақтандыру және кепілдік беру шеңберінде өтелген сақтандыру және кепілдік төлемдерінің сомасы шегеріле отырып көрсетіледі.»; 5) 225-4-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі арасында экспортты қолдау бойынша кепілдік шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы беріледі. Осы баптың талаптарына сай келетін құжат қана экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік ретінде танылуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өзге де актілері мен құжаттарының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру жөніндегі заңды күші болмайды.»; 3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің атауы және орналасқан жері; 3) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің негізгі міндеттемелерінің мазмұны;»; 6) 225-5-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайын мониторингілеу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»; 7) 225-6-баптың 1, 2, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің меншікті капиталынан асатын сақтандыру және кепілдік жағдайларын біржолғы іске асыру асып түскен кезде, сенім білдірілген өкілдің (агенттің), Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қорытындылары, екінші деңгейдегі банктер берген оның шоттарынан үзінді көшірмелер, сондай-ақ экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің орындалуына өтініш жасаудың алдындағы қаржы жылы үшін аудиттелген қаржылық есептілік және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің орындалуына өтініш жасалған кезге алынған қаржылық есептілік болған кезде орындалуға жатады. 2. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің меншікті капиталын шегергенде сақтандыру және кепілдік төлемдерінің жабылмаған сомасының бөлігіне ғана орындалады.»; «4. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттің кепілдігі жөніндегі міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі сақтандыру және кепілдік төлемдерін өтеу қаражаты мен өзге де көздер есебінен республикалық бюджетке қайтаруға тиіс. 5. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті орындауға республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтарудың шарттары, мерзімдері, сыйақы мөлшерлемелері және тәртібі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі арасында жасалатын экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімде айқындалады.». 3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 36-1-баптың 4-тармағының тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақтың талаптары: 1) соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында банктің құқықты (талапты) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруі; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты құқықтардың (талаптардың) суброгация тәртібімен Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне өтуі жағдайларына қолданылмайды.». 4. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2-1. Осы Заңның 9-бабының 8-тармағын қоспағанда, осы Заң Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қызметіне байланысты қатынастарды, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, міндетті әлеуметтік сақтандыруға байланысты қатынастарды реттемейді.»; 2) 9-бапта: 8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға беруге құқылы емес.»; мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын: «8-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне тікелей немесе: 1) сақтандыру брокерінің; 2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің; 3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері филиалының; 4) «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы-сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беруге және қабылдауға құқылы.»; 3) 17-баптың 3-тармағының 3), 4), 8) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің көрсететін қызметтеріне және қаржылық жай-күйіне салыстырма талдау жүргізуді; 4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі ұсынатын қызметтерге салыстырма талдау жүргізу мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинауды;»; «8) сақтанушымен (цедентпен) тиісті келісім болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын кейіннен оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне аудару үшін жинауды;»; «13) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінен сақтандыру төлемдерін кейіннен оларды сақтанушыға (цедентке), пайда алушыға беру үшін жинауды;». 5. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 4-бап 9) тармақшасындағы «ұсыну болып табылады.» деген сөздер «ұсыну;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: «10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және Даму Банкінің жарғысында көзделген өзге де функциялар болып табылады.»; 2) 7-бапта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Даму Банкі өз функциялары мен міндеттерін орындау үшін лицензиясыз ұлттық және шетелдік валютамен мынадай банктік және өзге де операцияларды:»; 4), 5), 6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «4) аккредитивті ашу (қою) мен растауды және ол бойынша міндеттемелерді, оның ішінде Даму Банкі еншілес ұйымының тапсырмасы бойынша орындауды; 5) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ағымдағы, корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді; 6) Даму Банкі немесе Даму Банкінің еншілес ұйымы қызмет көрсетілетін жобалар немесе мәмілелер шеңберінде жасаған шарттарда көзделген төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, Даму Банкі немесе Даму Банкінің еншілес ұйымы алдындағы міндеттемелерді орындау үшін ақшаны резервке алу мақсатында Даму Банкі қарыз алушыларының немесе Даму Банкінің еншілес ұйымы қарыз алушыларының, лизинг алушыларының және өзге де контрагенттерінің банк шоттарын ашуды және жүргізуді, оның ішінде Даму Банкінің немесе Даму Банкі еншілес ұйымының қарыздарын есепке жатқызу, лизинг нысанасына ақы төлеу, өзге де операциялары үшін, басқа да қарыздар мен қаражаттарды, оған қоса республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;»; «8) резидент және (немесе) бейрезидент заңды тұлғалардың Даму Банкі немесе Даму Банкінің еншілес ұйымы алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында депозиттер қабылдауды, қаражатты есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;»; 3) 12-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғаларға, сондай-ақ жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғаларға кредит берудің және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынудың шарттарын айқындау және (немесе) өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында және Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген Даму Банкімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдік шарттарын беруге тыйым салу және көрсетілген тұлғалармен мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі қолданылмайды.»; 4) 14-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша лизинг беруші ұйымдардың және өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысқан;»; 5) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын: «Қаржылық тұрақтылық параметрлерінің (коэффициенттерінің) нашарлау жағына қарай күтілетін өзгеруі және параметрлердің (коэффициенттердің) кем дегенде біреуі бойынша шекті мәндерге қол жеткізу кезінде Даму Банкінің жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес ұлғайтылуы мүмкін. Жарғылық капитал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де жағдайларда ұлғайтылуы да мүмкін. Несие портфелінің активтерге ең жоғары арақатынасы Меморандумда белгіленеді.»; 6) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Даму Банкі қызметінің аудитін (сыртқы аудитін) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысы айқындаған аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады.». 6. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 15-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «Қазақстан Даму Банкінің,» деген сөздерден кейін «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің,» деген сөздермен толықтырылсын. 7. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: 14-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14-2) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі (бұдан әрі - Экспорттық-кредиттік агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтының мәртебесіне ие және осы Заң мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;»; мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын: «14-3) қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шара - Қазақстан Республикасынан импортқа қатысты үшінші тарап енгізетін және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын шара;»; 2) 6-бап мынадай мазмұндағы 14-6) тармақшамен толықтырылсын: «14-6) Экспорттық-кредиттік агенттікті және оның функцияларын айқындайды;»; 3) 7-бап мынадай мазмұндағы 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын: «10-2) Экспорттық-кредиттік агенттік қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын әзірлейді және оларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді; 10-3) Экспорттық-кредиттік агенттік үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптар жүргізу қағидаларын әзірлейді және оларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;»; 4) 4-тарау мынадай мазмұндағы 22-6 және 22-7-баптармен толықтырылсын: «22-6-бап. Экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі және оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасауы 1. Экспорттық-кредиттік агенттік экспорттық кредиттерді, инвестицияларды, отандық экспорттаушыларға және отандық шикізаттық емес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) шетелдік сатып алушыларға кредит (қарыздар) беруге байланысты мәмілелерді, олардың пайдасына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктерді қаржы ұйымдарының тиісті залалдарынан, өзге де қаржылық залалдардан және тиісті азаматтық-құқықтық жауаптылықтан ерікті сақтандыруды, сондай-ақ оларды тиісті лицензиясыз қайта сақтандыруды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады. 2. Экспорттық-кредиттік агенттіктің қаржылық орнықтылығы параметрлерін сақтау мақсатында сақтандыру міндеттемесі мен кепілдік міндеттеменің портфелі сақтандыру міндеттемесі мен кепілдік міндеттеменің жиынтық сыйымдылығынан аспауға тиіс. Экспорттық-кредиттік агенттіктің сақтандыру және кепілдік міндеттемелерінің жиынтық сыйымдылығы: 1) меншікті капиталдың; 2) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктердің жиынтық мөлшерінің сомасына тең. Сақтандыру міндеттемесі мен кепілдік міндеттеме портфелінің мөлшерін сақтандыру міндеттемесі мен кепілдік міндеттеменің жиынтық сыйымдылығынан асыруға жол бермеу үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Экспорттық-кредиттік агенттіктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданады. 3. Экспорттық-кредиттік агенттік «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілікті жасайды. 4. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру топтарын пруденциалдық реттеу, басшы қызметкерлерді келісу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің, сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасудың, еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, ірі қатысушы, сақтандыру холдингі мәртебесін алуға, заңды тұлғалардың, оның ішінде бейрезиденттердің капиталына елеулі қатысуға рұқсат берудің (кері қайтарып алудың) тәртібіне, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру, тарату тәртібіне қойылатын сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын Экспорттық-кредиттік агенттіктің сақтауына бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады. Экспорттық-кредиттік агенттік қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді береді. 5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі мекемелер Экспорттық-кредиттік агенттікке, оның шетелдік өкілдеріне және өкілдіктеріне отандық шикізаттық емес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сыртқы нарыққа ілгерілетуге жәрдем көрсетеді. 6. Өзге де орталық мемлекеттік органдар және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде отандық өңделген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі тетіктерді іске асыруда және жергілікті жерлерде экспортқа бағдарланған кәсіпорындармен жұмыс істеуде Экспорттық-кредиттік агенттікпен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. 7. Мемлекеттік органдар, коммерциялық, банктік және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты Экспорттық-кредиттік агенттіктің сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен беруге міндетті. 8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметіне мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының кез келген нысанда араласуына тыйым салынады. 22-7-бап. Үлестес тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салу 1. Экспорттық-кредиттік агенттіктің үлестес тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруіне тыйым салынады. 2. Үлестес тұлғаға жеңілдікті жағдайлар беру мәні, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша Экспорттық-кредиттік агенттік үлестес тұлғаға жатпайтын тұлғамен жасамайтын мәмілені онымен немесе оның мүддесінде жасасуды білдіреді. 3. Үлестестік белгілері «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады. Экспорттық-кредиттік агенттіктің үлестес тұлғаларына: ұлттық басқарушы холдинг; дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар; ұлттық басқарушы холдингтің және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың лауазымды адамдары жатпайды.». 8. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 3-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру брокерлерінің филиалдары;»; 2) 5-баптың 3-тармағының бесінші бөлігі «өзара сақтандыру қоғамы,» деген сөздерден кейін «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі,» деген сөздермен толықтырылсын. 9. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 28-баптың 2-тармағы 5) тармақшасындағы «шегінде қызметті лицензиясы болмай жүзеге асыруына жол беріледі.» деген сөздер «шегінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде қызметті лицензиясы болмай жүзеге асыруына жол беріледі.». 10. «Өнеркәсіптік саясат туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-баптың 15) тармақшасындағы «шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор,» деген сөздер алып тасталсын; 2) 8-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекітеді;»; 3) 10-баптың 6) және 8) тармақшаларындағы «шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор» деген сөздер «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 13-бапта: 2-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішін ара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауар лары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қабылдайтын қарсы міндеттемелерді мониторингілеуді қоспағанда, қарсы міндеттемелерді мониторингілеу;»; 5-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «5. Шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты:»; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган мен шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резидентінде - екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |