Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы (2020.30.12. берілген өзгерістермен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 188-құжат); 2) «Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 206-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 мамырдағы № 370 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 165-құжат). 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 944 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|