Әкелу кедендiк бажы қолданылатын тауарлар тiзбесiн, мөлшерлемелер көлемiн және олардың қолданылу мерзiмiн бекіту туралы (2018.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 2-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға сәйкес, және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 қарашадағы Заңымен ратификацияланған Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шарттың 2-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстан Республикасының қосылу шарты ретінде қабылданған Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Кедендiк әкелу баждары қолданылатын тауарлар тiзбесi, мөлшерлемелер көлемi және олардың қолданылу мерзiмi бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақша және орысша тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберілуін; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мерзімді бастап басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|