Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 688 бұйрығы (2018.26.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 104 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2018.26.06. № 628 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Қаржы министрінің 2018.26.06. № 628 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қаржы Министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 688 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрінің 2018.26.06. № 628 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидалары
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|