Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Осы редакция 2023 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабынның 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары бекітілсін. 2. «Агроөнеркәсіп кешені саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2013 жылғы 3 маусымдағы № 20/255 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8546 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 268 (28207) санында жарияланған) күші жойылған деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|