Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 2 наурыздағы № 24 Қаулысы (2024.15.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2023.25.12. № 99 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 15 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 74-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2023.25.12. № 99 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 15 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары есептілігінің тізбесі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ақша және банктік салымдар туралы есептің нысаны; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар туралы есептің нысаны; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары шеңберінде басқаруға қабылданған активтердің есебінен сатып алынған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы есептің нысаны; 5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары шеңберінде басқаруға қабылданған активтерді инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептің нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|