Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 136 Қаулысы
«2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 16) тармақшасынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларыбекітілсін. 2. Облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын; 2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесі күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп беруді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бекітілген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын аударуды; 2) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 136 қаулысымен бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|