|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы (2018.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2018.27.04. № 148-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.29.10. № 187-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. 2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 8 651 742 646 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша - 5 592 394 446 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша - 120 224 237 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 5 620 000 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша - 2 933 503 963 мың теңге; 2) шығындар - 9 353 497 730 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 129 691 956 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер - 250 268 731 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу - 120 576 775 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 51 806 107 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу - 51 806 107 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - -883 253 147 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 1,5 пайызы; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -4 330 528 103 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 7,4 пайызы; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 883 253 147 мың теңге.
2018.27.04. № 148-VІ ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 38 674 500 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 6 813 260 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2018 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн: 1) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти; 2) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсiп келген аударымдары. Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады.
5-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемдерi 252 771 250 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде: Атырау облысынан - 98 079 854 мың теңге; Маңғыстау облысынан - 31 316 423 мың теңге; Алматы қаласынан - 102 907 355 мың теңге; Астана қаласынан - 20 467 618 мың теңге.
2018.27.04. № 148-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.29.10. № 187-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап жаңа редакцияда 6-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттер түсімдері: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыруға байланысты - 49 046 555 мың теңге; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары бойынша мөлшерлемелерді азайтуға байланысты - 14 653 852 мың теңге; «Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды беруге байланысты - 65 296 мың теңге; «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданылу кезеңіне Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының өзгеруіне және Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала санатына жатқызылуына байланысты 15 066 927 мың теңге көзделсін. Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің көрсетілген сомаларының республикалық бюджетке түсімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
7-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 2 600 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.
8-бап. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап: 1) жалақының ең төмен мөлшерi - 28 284 теңге; 2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 15 274 теңге; 3) зейнетақының ең төмен мөлшерi - 33 745 теңге; 4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш - 2 405 теңге; 5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы - 28 284 теңге болып белгiленсiн.
9-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін сегіз пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін.
10-бап. Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, сондай-ақ білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға олар оқуын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды ай сайын 4,16 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлеуге шығыстар көзделсін.
11-бап. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.
2018.29.10. № 187-VІ ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар көлемдерi 1 573 345 504 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде: Ақмола облысына - 104 043 009 мың теңге; Ақтөбе облысына - 56 275 267 мың теңге; Алматы облысына - 156 003 745 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысына - 163 157 610 мың теңге; Жамбыл облысына - 158 021 243 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына - 50 857 832 мың теңге; Қарағанды облысына - 103 899 796 мың теңге; Қызылорда облысына - 137 143 159 мың теңге; Қостанай облысына - 108 989 956 мың теңге; Павлодар облысына - 46 829 053 мың теңге; Солтүстiк Қазақстан облысына - 95 748 762 мың теңге; Түркістан облысына - 392 376 072 мың теңге.
2018.29.10. № 187-VІ ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды 12-1-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданылу кезеңіне Шымкент қаласының бюджетіне Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала санатына жатқызылуына байланысты бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 15 066 927 мың теңге сомасында көзделсін.
2018.27.04. № 148-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.29.10. № 187-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді 13-бап. 2018 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне: 1) ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы мөлшерлерін ұлғайтуға; 2) ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге; 3) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге; 4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға; 5) ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға; 6) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға; 7) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге; 8) халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді ендіруге; 9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге; 10) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға; 11) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға; 12) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге; 13) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға; 14) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға; 15) орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге; 16) тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге; 17) оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге; 17-1) жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шығыстардың осы бағыт бойынша төленген сомаларын өтеуге; 17-2) ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге; 18) медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуіне; 19) вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға; 20) саламатты өмір салтын насихаттауға; 21) ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға; 22) көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға; 23) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға; 24) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға; 25) «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің осы баптың бірінші бөлігінің 11), 12), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген, 2018 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2018.29.10. № 187-VІ ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2018 жылға кредиттер сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
15-бап. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
16-бап. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2018.27.04. № 148-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.29.10. № 187-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап жаңа редакцияда 17-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылға арналған резервi 103 409 262 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
2018.29.10. № 187-VІ ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2018 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 5 620 000 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 11 591 652 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
2018.27.04. № 148-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.29.10. № 187-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда 19-бап. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2018 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 21 948 267 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
2018.27.04. № 148-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.29.10. № 187-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап жаңа редакцияда 20-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 580 206 мың теңге көзделсiн.
2018.29.10. № 187-VІ ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды 20-1-бап. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат жөніндегі, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі және берешек көлемдері жөніндегі талаптары тоқтатылады деп белгіленсін.
21-бап. 2018 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру лимитi 1 500 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
2018.27.04. № 148-VІ ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 22-бап. 2018 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 12 000 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
23-бап. 2018 жылға мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимитi 35 200 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
2018.27.04. № 148-VІ ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24-бап. 2018 жылға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерінің лимитi 1 726 942 051 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
25-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тiзбесi осы Заңға 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 2018 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде осы Заңға 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.
26-бап. Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы қарашаның 30-ы. № 113-VI
2018.27.04. № 148-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.29.10. № 187-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының № 113-VI Заңына 1-ҚОСЫМША
2018 жылға арналған республикалық бюджет
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |