ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2018 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. 2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 8 449 915 213 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 5 396 067 257 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 126 736 258 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 5 620 000 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 2 921 491 698 мың теңге;
2) шығындар - 8 965 833 773 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 91 562 931 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 219 934 373 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 128 371 442 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 32 085 188 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 32 085 188 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -639 566 679 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 1,1 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 639 566 679 мың теңге.
2-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 39 100 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 6 813 260 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2018 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн:
1) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;
2) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсiп келген аударымдары.
Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады.
5-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемдерi 252 771 250 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:
Атырау облысынан - 98 079 854 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 31 316 423 мың теңге;
Алматы қаласынан - 102 907 355 мың теңге;
Астана қаласынан - 20 467 618 мың теңге.
6-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттердің түсімдері:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыруға байланысты - 49 046 555 мың теңге;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары бойынша мөлшерлемелерді азайтуға байланысты - 19 673 893 мың теңге көзделсін.
Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттердің көрсетілген сомаларының республикалық бюджетке түсімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
7-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 2 600 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.
8-бап. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi - 28 284 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 15 274 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi - 33 745 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш - 2 405 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы - 28 284 теңге болып белгiленсiн.
9-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін сегіз пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін.
10-бап. Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, сондай-ақ білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға олар оқуын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды ай сайын 4,16 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлеуге шығыстар көзделсін.
11-бап. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.
12-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар көлемдерi 1 573 345 504 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:
Ақмола облысына - 104 043 009 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 56 275 267 мың теңге;
Алматы облысына - 156 003 745 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 163 157 610 мың теңге;
Жамбыл облысына - 158 021 243 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 50 857 832 мың теңге;
Қарағанды облысына - 103 899 796 мың теңге;
Қызылорда облысына - 137 143 159 мың теңге;
Қостанай облысына - 108 989 956 мың теңге;
Павлодар облысына - 46 829 053 мың теңге;
Солтүстiк Қазақстан облысына - 95 748 762 мың теңге;
Оңтүстiк Қазақстан облысына - 392 376 072 мың теңге.
13-бап. 2018 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:
1) ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы мөлшерлерін ұлғайтуға;
2) ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге;
3) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге;
4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға;
6) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға;
7) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;
8) халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді ендіруге;
9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге;
10) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;
11) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға;
12) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге;
13) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға;
14) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;
15) орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге;
16) тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге;
17) оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге;
18) медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуіне;
19) вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға;
20) саламатты өмір салтын насихаттауға;
21) ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға;
22) көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің осы баптың бірінші бөлігінің 11), 12), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген, 2018 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
14-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2018 жылға кредиттер сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
15-бап. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
16-бап. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
17-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылға арналған резервi 96 782 938 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
18-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2018 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 5 620 000 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 11 704 001 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
19-бап. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2018 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 18 920 687 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
20-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 598 771 мың теңге көзделсiн.
21-бап. 2018 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру лимитi 1 500 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
22-бап. 2018 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 11 800 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
23-бап. 2018 жылға мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимитi 35 200 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
24-бап. 2018 жылға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерінің лимитi 1 691 979 057 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
25-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тiзбесi осы Заңға 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2018 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде осы Заңға 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.
26-бап. Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы қарашаның 30-ы.
№ 113-VI
«2018 - 2020 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
2017 жылғы 30 қарашадағы
Қазақстан Республикасының
№ 113-VI Заңына
1-ҚОСЫМША
2018 жылға арналған республикалық бюджет
| | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы |
| Iшкi сыныбы | |
| I. Кірістер | 8 449 915 213 |
1 | | Салықтық түсімдер | 5 396 067 257 |
| 1 | | Табыс салығы | 1 818 595 800 |
| 1 | | Корпоративтік табыс салығы | 1 818 595 800 |
5 | | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар | 2 504 929 938 |
| 1 | Қосылған құн салығы | 2 147 825 242 |
2 | Акциздер | 99 191 541 |
3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер | 240 591 521 |
4 | Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар | 4 516 090 |
5 | Ойын бизнесіне салық | 12 805 544 |
6 | | Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар | 1 050 916 588 |
| 1 | Кеден төлемдерi | 1 022 842 783 |
2 | Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар | 28 073 805 |
8 | | Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 21 624 931 |
| 1 | Мемлекеттік баж | 21 624 931 |
2 | | Салықтық емес түсiмдер | 126 736 258 |
| 1 | | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 96 098 491 |
| 1 | Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері | 8 606 709 |
3 | Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер | 26 871 487 |
4 | Мемлекет меншігінде тұрған, заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер | 1 937 716 |
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 47 289 405 |
6 | Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар | 700 000 |
7 | Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар | 2 531 186 |
9 | Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер | 8 161 988 |
2 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 2 693 080 |
| 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 2 693 080 |
3 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 265 270 |
Санаты | | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы |
| Iшкi сыныбы | |
| 1 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 265 270 |
| 4 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 4 525 304 |
| 1 | Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 4 525 304 |
5 | | Гранттар | 812 752 |
| 2 | Қаржылық көмек | 812 752 |
6 | | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 22 341 361 |
| 1 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 22 341 361 |
3 | | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 5 620 000 |
| 2 | | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 5 620 000 |
| 1 | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 5 620 000 |
4 | | Трансферттердің түсімдері | 2 921 491 698 |
| 1 | Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер | 321 491 698 |
| 1 | Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттер | 321 491 698 |
4 | | Ұлттық қордан трансферттер | 2 600 000 000 |
| 1 | Республикалық бюджетке Ұлттық қордан трансферттер | 2 600 000 000 |
| | | | | | | |
Функционалдық топ | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Әкімші |
| Бағдарлама |
| II. Шығындар | 8 965 833 773 |
1 | | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 386 323 357 |
| 101 | | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі | 7 059 363 |
| 001 | | Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 4 901 292 |
002 | Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 211 733 |
003 | Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану жөніндегі қызметтер | 496 425 |
008 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 931 806 |
009 | Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 502 382 |
011 | Қазақстан Республикасында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту | 15 725 |
104 | | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi | 2 175 569 |
| 001 | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 2 088 089 |
002 | Мемлекеттік органдарда және мекемелерде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі қызметтер | 87 480 |
106 | | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық | 82 620 |
| 001 | Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі қызметтер | 82 620 |
107 | | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты | 128 478 |
| 001 | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер | 128 478 |
201 | | Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi | 70 282 836 |
| 001 | Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер | 70 282 836 |
204 | | Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi | 70 153 704 |
| 001 | Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер | 47 739 297 |
003 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау | 209 954 |
005 | Шетелдік іссапарлар | 2 995 806 |
008 | Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету | 92 063 |
013 | Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру | 391 456 |
017 | Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, өзге де халықаралық және басқа органдарға қатысуы | 15 624 308 |
019 | Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету | 3 044 822 |
020 | Орталық Азия елдерінде гендермен байланысты тұрақты даму мақсаттарының ұлттандыруына жәрдем көрсету | 55 998 |
217 | | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi | 75 203 327 |
Функционалдық топ | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Әкімші |
| Бағдарлама |
| 001 | | Бюджеттік жоспарлауды, орындалуын және мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер | 66 543 916 |
002 | Халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалардың аудитiн жүзеге асыру | 25 000 |
019 | Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу | 9 466 |
067 | Саяси партияларды қаржыландыру | 6 161 347 |
072 | Салық әкімшілігі жүйесін реформалау | 1 271 852 |
094 | Мемлекеттік активтерді басқару | 1 191 746 |
| 225 | | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі | 31 102 894 |
| 130 | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру | 4 591 705 |
217 | Ғылымды дамыту | 26 511 189 |
241 | | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі | 6 557 471 |
| 001 | Энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер | 6 557 471 |
242 | | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі | 28 233 932 |
| 001 | Стандарттау, метрология, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, геология, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру | 10 001 567 |
222 | Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу | 17 871 700 |
232 | Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету | 360 665 |
243 | | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі | 23 930 995 |
| 001 | Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 16 963 232 |
006 | Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету | 705 870 |
007 | Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мемлекеттік басқаруды жетілдіру | 89 100 |
057 | Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуы | 366 608 |
073 | Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету | 2 650 989 |
081 | Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету | 2 051 796 |
096 | Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу | 1 103 400 |
246 | | Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі | 1 783 102 |
Функционалдық топ | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Әкімші |
| Бағдарлама |
| 001 | | Дін істері және азаматтық қоғам саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру | 1 066 842 |
002 | Діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру | 716 260 |
| 247 | | Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі | 3 077 747 |
| 001 | Қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық | 2 814 025 |
002 | Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру ақпараттық жүйесін құру | 263 722 |
406 | | Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi | 1 345 247 |
| 001 | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 1 216 316 |
007 | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру | 128 931 |
623 | | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі | 6 267 516 |
| 001 | Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен іске асыру | 5 393 438 |
008 | Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау және мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру | 625 604 |
012 | Республиканың мемлекеттiк қызмет кадрларын тестілеу жөніндегі қызметтер | 248 474 |
637 | | Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Аппараты | 389 028 |
| 001 | Қазақстан Республикасы Конституциясының республика аумағында жоғары тұруын қамтамасыз ету | 389 028 |
690 | | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы | 1 466 153 |
| 001 | Сайлау өткізуді ұйымдастыру | 713 757 |
002 | Сайлау өткізу | 752 396 |
693 | | Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы | 13 693 277 |
| 001 | Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 13 693 277 |
694 | | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы | 43 390 098 |
| 001 | Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 43 390 098 |
2 | | Қорғаныс | 518 965 964 |
| 201 | | Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi | 45 641 076 |
| 060 | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы қызметті ұйымдастыру | 45 641 076 |
208 | | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi | 473 324 888 |
| 001 | Қорғанысты және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және іске асыру жөніндегі қызметтер | 2 399 475 |
Функционалдық топ | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Әкімші |
| Бағдарлама |
| 047 | | Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету | 470 925 413 |
3 | | Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | 539 560 287 |
| 104 | | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi | 961 756 |
| 003 | Мемлекеттік мекемелерді фельдъегерлік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 961 756 |
201 | | Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi | 179 204 765 |
| 015 | Халықты жеке басты куәландыратын құжаттармен, жүргізуші куәліктерімен, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттармен, нөмірлік белгілермен қамтамасыз ету | 12 229 797 |
076 | Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету | 119 270 779 |
077 | Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру | 34 455 751 |
078 | Ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметтерін жүзеге асыру | 13 248 438 |
217 | | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi | 6 269 855 |
| 096 | Жедел - іздестіру қызметін және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру | 6 269 855 |
221 | | Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi | 42 498 418 |
| 001 | Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету | 11 946 381 |
005 | Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі | 1 813 004 |
006 | Заңнамалық актілердің және халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама | 76 360 |
009 | Құқықтық насихат | 643 693 |
047 | Мемлекет мүдделерін білдіру және қорғау, сот немесе төрелік талқылаулар перспективаларын бағалау және жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар және инвестициялық шарттар жобаларына заңгерлік сараптама | 14 632 643 |
050 | Қазақстанда құқық қорғау тетіктерін жетілдіру және БҰҰ әмбебап кезеңдік шолу ұсынымдарын тиімді іске асыру | 27 249 |
055 | Қазақстан Республикасы Заңнама институтының қызметін қамтамасыз ету | 339 725 |
059 | Сот төрелігінің секторын институционалды түрде нығайту жобасын іске асыру | 7 381 078 |
065 | Сот сараптамалары бойынша қызметтер | 5 638 285 |
410 | | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi | 210 478 891 |
| 001 | Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету | 208 239 843 |
002 | Ұлттық қауіпсіздік жүйесін дамыту бағдарламасы | 2 239 048 |
411 | | Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі | 9 893 568 |
| 001 | Сыртқы барлауды қамтамасыз ету | 9 893 568 |
501 | | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты | 34 919 257 |
| 001 | Сот органдарының азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауды қамтамасыз етуі | 34 919 257 |
502 | | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы | 23 177 819 |
| 001 | Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға тәуелді актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру | 23 072 274 |
015 | Құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің жедел жүйесін құру | 105 545 |
623 | | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі | 12 452 405 |
| | | | | | | | | | | |