Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 163 Қаулысы
«2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын; 2) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп беруді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 163 қаулысымен бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|