«Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды есепті және оны қалыптастыру және құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Осы редакция 2017 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы есептің толықтығы мен дұрыстығы мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды есеп; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды есепті қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулық. 2. «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 қазандағы № 111 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9855 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 11 желтоқсанда жарияланған). 3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|