|
|
|
Қазақстан Республикасының 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17- 18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат): 1) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Заңды тұлға - ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын, төлем ұйымын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.»; 2) 282-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру тәртiбi мен тәсiлдерi Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгiленедi және оларды тараптар тиiстi шартта айқындайды.». 2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат): 1) 740-бапта: 1, 3, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың банктік шоттардағы ақшаcына тек қана сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым салуы мүмкін. Жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасына және басқа да мүлкіне тек қана сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурордың келісімімен мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуі мүмкін. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуге, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға жол берілмейді.»; «3. Клиенттің банктік шоттардағы ақшасына тыйым салу туралы актілерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.»; «5. Клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімі және (немесе) өкімі тыйым салу туралы акт негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды. 6. Осы баптың 7-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, клиенттің банктік шоттарындағы ақшасына тыйым салу құқығына ие тұлғалардың банк уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімін және (немесе) өкімін орындауға қабылдағаннан кейін берген актілері осындай шешімнің және (немесе) өкімнің күші жойылғаннан кейін орындалуға жатады. 7. Осы Кодекстің 742-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптарды қанағаттандыру мақсатында тыйым салу жағдайларын қоспағанда, талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқарушылық құжаттарды орындау мақсатында клиенттің банктік шоттардағы ақшасына салынған тыйымдар бірінші кезекте орындалады. Бұл ретте банк бұрын қабылдаған тыйым салу туралы актілерді, клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін және (немесе) өкімдерін орындау талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқарушылық құжаттарды орындау мақсатында тыйым салынатын ақша сомасы шегінде тоқтатыла тұрады. Талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқарушылық құжаттарды орындау мақсатында клиенттің банктік шоттардағы ақшасына біреуден көп тыйым салынған кезде бұлар банктің оларды қабылдау кезектілігі тәртібімен орындалуға жатады. Тыйым салу туралы өзге де актілер, клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдері және (немесе) өкімдері талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқарушылық құжаттарды орындау мақсатында салынған тыйым алып тасталғаннан кейін немесе оның күші жойылғаннан кейін банктің оларды қабылдау кезектілігі тәртібімен орындалады.»; мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. Банктегі ақшаға билік етуді шектеу осы Кодекстің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бір кезекке және (немесе) одан жоғары тұрған кезекке жататын талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды.»; 2) 741-бап мынадай редакцияда жазылсын: «741-бап. Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшасын олардың келiсiмiнсiз алып қою заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде ғана, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн. Клиенттердің мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшасына, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»; 3) 747-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Банктік шот шарты бойынша бiр тарап (банк) екінші тараптың (клиенттiң) пайдасына түсетiн ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшiншi тұлғаларға тиiстi ақша сомаларын аудару (беру) туралы клиенттiң өкiмдерiн орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi. Банктік шот шартында айқындалған талаптар басталғанға дейін немесе оларды орындағанға дейін ағымдағы немесе жинақ шот иесінің шығыс операцияларын жасау құқығынсыз осы ағымдағы немесе жинақ шоттағы ақшаны депонирлеу (бұғаттау) талабымен үшінші тұлғаның атына банктік шот шарты бойынша ағымдағы немесе жинақ шот ашуға жол беріледі. Банктік шот ашқан кезде клиентке немесе ол көрсеткен тұлғаға клиенттiң банктегi ақшасын есепке алу мақсаты үшін тараптар келiскен шарттармен клиенттiң жеке сәйкестендіру коды берiледi. Клиенттiң жеке сәйкестендіру кодын беру, жою, банктiң клиент ақшасының есебін жүргізу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.»; 4) 760-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Банк салымы шартында көзделген сыйақы мөлшерін ұлғайту немесе салым мерзімін ұзарту жағдайларын қоспағанда, банк салымдар бойынша сыйақы мөлшерiн бiржақты тәртiппен өзгертуге құқылы емес.». 3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат): 97-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.». 4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20- VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар): 4-тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді 1) 14-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. Тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері: 1) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі: заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге; қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға; аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда, салық органдарын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етуге; 2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынуға міндетті. Осы тармақта көзделген талаптар: 1) мемлекеттік мекемелерге; 2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттар депутаттарына (өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттар депутаттарын қоспағанда), әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне; 3) екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру ұйымдарына; 4) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге; 5) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептерге; 6) адвокаттық, нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке; 7) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне; 8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне; 9) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке; 10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке; 11) емделудің ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке; 12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке; 13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке; 15) төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивиденттердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына; 16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды. 1-2. Осы баптың 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктермен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен жариялайтын, тарататын және (немесе) орналастыратын ақпарат пен материалдарда тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтер, ақпарат пен материалдардың шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен дайындалғаны, таратылғаны және (немесе) орналастырылғаны туралы нұсқау қамтылуға тиіс.»; 2) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын: «25-1) осы Кодекстің 14-бабы 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар туралы дерекқорды жүргізуге міндетті. Осы Кодекстің 14-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында және 2) тармақшасының бірінші бөлігінде аталған тұлғалар туралы мәліметтер дерекқорға енгізіледі. Дерекқорды жүргізу тәртібін, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушы тұлғалар туралы, оларды берген тұлғалар, алынған қаражат сомасы туралы мәліметтерді және орналастыруға жататын өзге де мәліметтерді, сондай-ақ дерекқорға енгізу және одан шығару тәртібін уәкілетті орган айқындайды;»; 3) 77-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Салық тіркелімі - салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша және (немесе) мүлік туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 14-бабының 1-1-тармағына сәйкес көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсауы туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.»; 4-тармақтың 7) тармақшасындағы «қызметтері жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.» деген сөздер «қызметтері;» еген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу жөніндегі, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.»; 4-1-тармақтың 4) тармақшасындағы «алу бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.» деген сөздер «алу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.»; 4) 456-бапта: кестенің 6.4.1, 6.4.2 және 6.4.3-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
»; 4-тармақтың 5) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді 5) 557-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |