Карантин режимінің күшін жою және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Шығыс Қазақстан облысы аумағында жатаған у кекіремен (аcroptilon repens DC.) зақымданған алқаптар көлемінде келесі жер телімінде карантин режимінің күші жойылсын: Бесқарағай ауданы, Долон ауылдық округі, «Нурислам 1» фермерлік шаруашылығы, зақымданған алаң – 4 гектар. 2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3437 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 106 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы «28» шілдедегі № 202 қаулысына 1-қосымша
Шығыс Қазақстан облысы аумағында жатаған у кекіремен (аcroptilon repens DC.) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|