Акционерлік қоғамдар туралы (2019.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары 5-бап. Қоғамның құрылтайшылары 6-бап. Құрылтай жиналысы. Жалғыз құрылтайшы 7-бап. Құрылтай шарты. Жалғыз құрылтайшының шешімі 8-бап. Құрылтай шартын жасасу (жалғыз құрылтайшының шешімін ресімдеу) тәртібі 3-тарау. Қоғамның жарғылық капиталы 10-бап. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 11-бап. Қоғамның жарғылық капиталы 4-тарау. Қоғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары 12-бап. Қоғамның бағалы қағаздары туралы жалпы ережелер 14-бап. Қоғам акционерлерінің құқықтары 15-бап. Қоғам акционерлерінің міндеттері 16-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығы 18-бап. Қоғамның акцияларын орналастыру 19-бап. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесі 20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп 21-бап. Қоғамның орналастырылатын акцияларына төлем жасау 22-бап. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер 23-бап. Жай акциялар бойынша дивидендтер 24-бап. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер 25-бап. Қоғамның акцияларымен мәмілелер жасасу 26-бап. Орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алу 27-бап. Қоғамның орналастырған акцияларды акционердің талап етуі бойынша сатып алуы 28-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алуы бойынша шектеулер 31-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу 34-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері 34-1-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ерекшеліктері 35-бап. Акционерлердің жалпы жиналысы 36-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті 37-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын шақыру тәртібі 39-бап. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 40-бап. Жалпы жиналыстың өткізілетін күні, уақыты және орны 41-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы ақпарат 42-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қайталап өткізу 43-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі 44-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар 45-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының кворумы 47-бап. Акционерлердің жалпы жиналысындағы өкілдік 48-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қатысу тәртібімен өткізу тәртібі 49-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылдауы 50-бап. Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру 51-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама 52-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы 53-1-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері 54-бап. Директорлар кеңесінің құрамы 55-бап. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі 56-бап. Директорлар кеңесінің төрағасы 57-бап. Директорлар кеңесінің отырысын шақыру 58-бап. Директорлар кеңесінің отырысы 60-бап. Атқарушы орган басшысының өкілеттігі 62-бап. Қоғамның лауазымды адамдары қызметінің принциптері 63-бап. Қоғамның лауазымды адамдарының жауапкершілігі 6-тарау. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары 64-бап. Қоғамның аффилиирленген тұлғасы 66-бап. Аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен мәмілелер жасасу ерекшеліктері 67-бап. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтерді ашу 7-тарау. Жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген қоғамның мәмілелері 69-бап. Мәміленің нысанасы болып табылатын мүліктің құны 70-бап. Қоғамның ірі мәміле жасасуы 71-бап. Қоғамның мәміле жасасуға мүдделілігі 72-бап. Қоғамның мәміле жасасуына мүдделілік туралы ақпарат 73-бап. Мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілені жасасу тәртібіне қойылатын талаптар 74-бап. Қоғамның жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген мәмілелер жасасуының салдары 8-тарау. Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті 75-бап. Қоғамның қаржылық есептілігі 76-бап. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі 9-тарау. Қоғамның ақпаратты жария етуі. Қоғамның құжаттары 79-бап. Қоғамның ақпаратты жария етуі 10-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату 81-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру 85-бап. Қоғамның бөлініп шығуы 87-бап. Қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы сот шешімін орындамаудың салдары 89-бап. Таратылатын қоғамның мүлкін акционерлер арасында бөлу 11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер 91-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен бүкіл мәтіні бойынша орыс тіліндегі «присоединение» деген сөз қазақ тілінде тиісті қосымшаларымен бірге «біріктіру» деп алынды (бұр. ред. қара)
Осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін; оның лауазымды адамдарының өкілеттігін, сайлану тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1) айқын басым көпшілік - кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік; 2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлік қоғамның шығарылым проспектісімен айқындалатын талаптар мен тәртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне ауыстыруға жататын бағалы қағазы; 3) акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға; 4) акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз; 5) акциялардың бақылау пакеті - акционерлік қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін акциялар пакеті; 6) акцияның номиналдық құны - барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлік қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) айқындалатын бірыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейді); 7) аффилиирленген тұлғалар - тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге, оның ішінде жасалған мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының тізбесі осы Заңның 64-бабында белгіленеді; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) дауыс беретін акциялар - орналастырылған жай акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы берілген артықшылықты акциялар. Дауыс беретін акциялар санына қоғам сатып алған акциялар, сондай-ақ, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ меншік иесіне тиесілі акциялар кірмейді; 9) дивиденд - акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі; 10) жарияланған акциялар - шығарылымын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган тіркеген акциялар; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) корпоративтік интернет-ресурс - қоғамға тиесілі интернет-ресурс; 12) корпоративтік хатшы - қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын акционерлік қоғамның қызметкері, оны қоғамның директорлар кеңесі тағайындайды және ол қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауға және өткізуге бақылау жасайды, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесінің отырысына материалдар әзірлеуді қамтамасыз етеді, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайды. Корпоративтік хатшының құзыреті және қызметі қоғамның ішкі құжаттарында айқындалады; 12-1) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) кумулятивтік дауыс беру - дауыс беруге қатысушы әрбір акцияға қоғам органы сайланатын мүшелерінің санына тең дауыс саны келетін дауыс беру тәсілі; 14) қоғамды корпоративтік басқару кодексі - қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілетін, қоғамды басқару процесінде туындайтын қатынастарды, оның ішінде қоғамның акционерлері мен органдары арасындағы, қоғам органдары, қоғам және мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтін құжат; 15) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) лауазымды адам - акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, оның атқарушы органының мүшесі немесе акционерлік қоғамның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға; 17) миноритарлық акционер - акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он процентінен азы тиесілі акционер; 18) орналастыру бағасы - акцияларды бастапқы бағалы қағаздар нарығында орналастыру кезінде айқындалатын акция бағасы; 19) орналастырылған акциялар - акционерлік қоғамның бағалы қағаздардың бастапқы нарығында құрылтайшылар мен инвесторлар құнын төлеген акциялары; 20) тәуелсіз директор - аталған акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда), осы акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатынасы жөнінен аффилиирленген тұлға болып табылмайтын; аталған акционерлік қоғамның немесе осы қоғам ұйымының аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарына бағынышты емес және директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сол тұлғаларға бағынышты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; осы акционерлік қоғам органдарының отырысында акционердің өкілі болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай аудитор болмаған; аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы акционерлік қоғамның аудитіне қатыспаған және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған директорлар кеңесінің мүшесі; 21) төлем агенті - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 22) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; 23) ірі акционер - бір-бірімен жасалған келісім негізінде әрекет ететін, өзіне (жинақтап алғанда өздеріне) акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп проценті тиесілі акционер немесе бірнеше акционер.
2-бап. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады. 2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Осы Заңның ережелері Ұлттық әл-ауқат қорына және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына және егер «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, ол бақылайтын өзге де заңды тұлғаларға қолданылады. 3. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. «Акционерлік қоғамдар жөніндегі заңнаманы қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 8 Нормативтік қаулысын қараңыз
3-бап. Акционерлік қоғам 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының міндеттемелерін қоспағанда, қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауаптылықта болады. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қатысты, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі субсидиарлық жауаптылықта болады. 3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін. 4. Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы. 5. Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін. 6. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда «акционерлік қоғам» ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін «АҚ» аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі.
4-бап 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4-1-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-бап. Қоғамның құрылтайшылары 1. Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ уәкілетті органды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген атқарушы орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады. Мемлекеттік кәсiпорын осы кәсiпорынға қатысты меншiк иесi мен мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімiмен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы. 3. Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. 4. Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді. 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды 5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында қоғам құру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
6-бап. Құрылтай жиналысы. Жалғыз құрылтайшы 1. Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімі бойынша құрылады. Қоғамды бір құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді ондай тұлға жеке-дара қабылдайды. Қоғам осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру арқылы құрылуы мүмкін. 2. Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар: 1) қоғамды құру туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін белгілейді; 2) құрылтай шартын жасайды; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3) құрылтайшылар төлейтiн акцияның алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi; 4) жарияланған акциялардың, соның ішінде құрылтайшылар төлеуге тиісті акциялардың санын белгілейді; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-1) қоғамның акцияларына ауыстыруға жататын қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тәртібін белгілейді; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды 4-2) осы Заңға сәйкес қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын белгілеудің әдістемесін бекітеді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) жарияланған акциялар шығарылымы туралы шешім қабылдайды; 6) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қоғам атынан қол қоюға уәкілетті адамдарды сайлайды; 8) қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалайтын адамдарды белгілейді; 9) қоғамның органдары құрылғанға дейін қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлайды; 10) қоғамның жарғысын бекітеді. 3. Акциялар орналастырыла бастағанға дейін құрылтайшылардың кейіннен бірнеше жиналысын өткізуге жол беріледі. Бұл орайда құрылтай жиналыстарына құрылтай шартының барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана бірінші құрылтай жиналысында қабылданған шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі. 4. Қоғамның бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгіленбесе, кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. 5. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді. 7-бап. Құрылтай шарты. Жалғыз құрылтайшының шешімі 1. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде): 1) қоғамның құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) туралы мәліметтер, соның ішінде: жеке тұлғаға қатысты: аты, азаматтығы, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжат деректері; заңды тұлғаға қатысты: оның атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тіркеуден өткені туралы деректер; 2) қоғамның құрылуы туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған атауы, сондай-ақ оның құрылу тәртібі; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3) құрылтайшылар төлейтiн акциялардың алдын ала төлем мөлшерi, сондай-ақ оны төлеудiң мерзiмдерi мен тәртібі; 4) акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қоғамның құрылтайшылар арасында орналастырылатын (жалғыз құрылтайшы сатып алатын) жарияланған акцияларының саны, түрлері және нақтылы құны; 5) оның құрылтайшыларының құқықтары мен міндеттері және қоғамның құрылуына байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшылардың қоғамды құру жөніндегі қызметін жүзеге асырудың өзге де талаптары; 6) қоғамды құру және мемлекеттік тіркеу процесінде оның мүдделерін білдіру тапсырылатын адамдардың өкілеттіктерін белгілеу; 7) қоғам құрылтайшыларының кейінгі жиналыстарын шақыру мен өткізу тәртібі, сондай-ақ әрбір қоғам құрылтайшысының кейінгі құрылтай жиналыстарындағы дауыс саны; 8) қоғамның жарғысын бекіту туралы жазба; 9) құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешіміне): құрылтайшылардың шешімі бойынша; Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес енгізілуге тиісті өзге де талаптар болады. 2. Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылу кезеңінде осы Заңның 6-бабының 3-тармағында белгіленген талаптар сақталған жағдайда оның тараптары (жалғыз құрылтайшысы) оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. 3. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) жазылған мәліметтер, егер шарттың өзінде (жалғыз құрылтайшының шешімінде) өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешімі) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қоғамның шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда ғана берілуге тиіс. 4. Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылуы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоқтатылады. 8-бап. Құрылтай шартын жасасу (жалғыз құрылтайшының шешімін ресімдеу) тәртібі 1. Құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жазбаша нысанда жасалады. Жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша нысанда ресімделіп, оған құрылтайшы немесе оның өкілі қол қояды. Құрылтай шартын (жалғыз құрылтайшының шешімін) нотариат куәландыруға тиіс. 2. Құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) өкілдерінің Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ресімделген және құрылтайшылардың жиналысына қатысу мен құрылтай шартына қол қою құқығын қоса алғанда, қоғам құруға құқық беретін тиісті өкілеттіктері болуға тиіс. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары3-бап. Акционерлік қоғам4-бап. Алып тасталды4-1-бап. Алып тасталды 2-тарау. Қоғамды құру5-бап. Қоғамның құрылтайшылары6-бап. Құрылтай жиналысы. Жалғыз құрылтайшы7-бап. Құрылтай шарты. Жалғыз құрылтайшының шешімі8-бап. Құрылтай шартын жасасу (жалғыз құрылтайшының шешімін ресімдеу) тәртібі9-бап. Қоғамның жарғысы 3-тарау. Қоғамның жарғылық капиталы4-тарау. Қоғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары12-бап. Қоғамның бағалы қағаздары туралы жалпы ережелер13-бап. Акциялардың түрлері14-бап. Қоғам акционерлерінің құқықтары15-бап. Қоғам акционерлерінің міндеттері16-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығы17-бап. Алып тасталды18-бап. Қоғамның акцияларын орналастыру19-бап. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесі20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп21-бап. Қоғамның орналастырылатын акцияларына төлем жасау22-бап. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер23-бап. Жай акциялар бойынша дивидендтер24-бап. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер25-бап. Қоғамның акцияларымен мәмілелер жасасу25-1-бап. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған тұлғаның қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы26-бап. Орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алу27-бап. Қоғамның орналастырған акцияларды акционердің талап етуі бойынша сатып алуы28-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алуы бойынша шектеулер29-бап. Алып тасталды30-бап. Эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де ақшалай міндеттемелерін қоғамның жай акцияларына айырбастау30-1-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау31-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу32-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегiн қоғамның жарияланған акциялары есебiнен өтеу 5-тарау. Қоғамды басқару33-бап. Қоғамның органдары34-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері34-1-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ерекшеліктері35-бап. Акционерлердің жалпы жиналысы36-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті37-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын шақыру тәртібі38-бап. Ірі акционердің бастамасы бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және өткізу ерекшеліктері39-бап. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі40-бап. Жалпы жиналыстың өткізілетін күні, уақыты және орны41-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы ақпарат42-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қайталап өткізу43-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі44-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар45-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының кворумы46-бап. Есеп комиссиясы47-бап. Акционерлердің жалпы жиналысындағы өкілдік48-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қатысу тәртібімен өткізу тәртібі49-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылдауы50-бап. Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру51-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама52-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы53-бап. Директорлар кеңесі53-1-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері54-бап. Директорлар кеңесінің құрамы55-бап. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі56-бап. Директорлар кеңесінің төрағасы57-бап. Директорлар кеңесінің отырысын шақыру58-бап. Директорлар кеңесінің отырысы59-бап. Атқарушы орган60-бап. Атқарушы орган басшысының өкілеттігі61-бап. Ішкі аудит қызметі62-бап. Қоғамның лауазымды адамдары қызметінің принциптері63-бап. Қоғамның лауазымды адамдарының жауапкершілігі 6-тарау. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары64-бап. Қоғамның аффилиирленген тұлғасы65-бап. Алып тасталды66-бап. Аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен мәмілелер жасасу ерекшеліктері67-бап. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтерді ашу 7-тарау. Жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген қоғамның мәмілелері68-бап. Ірі мәміле69-бап. Мәміленің нысанасы болып табылатын мүліктің құны70-бап. Қоғамның ірі мәміле жасасуы71-бап. Қоғамның мәміле жасасуға мүдделілігі72-бап. Қоғамның мәміле жасасуына мүдделілік туралы ақпарат73-бап. Мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілені жасасу тәртібіне қойылатын талаптар74-бап. Қоғамның жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген мәмілелер жасасуының салдары 8-тарау. Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті75-бап. Қоғамның қаржылық есептілігі76-бап. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі77-бап. Алып тасталды78-бап. Қоғамның аудиті 9-тарау. Қоғамның ақпаратты жария етуі. Қоғамның құжаттары10-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату81-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру82-бап. Қоғамдардың бірігуі83-бап. Қоғамның біріктірілуі84-бап. Қоғамның бөлінуі85-бап. Қоғамның бөлініп шығуы86-бап. Қоғамды қайта құру87-бап. Қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы сот шешімін орындамаудың салдары88-бап. Қоғамды тарату89-бап. Таратылатын қоғамның мүлкін акционерлер арасында бөлу 11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер |