«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтерге арналған тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 725 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 546 бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық-экономикалық кеңесінің 2015 жылғы 17 желтоқсандағы № 11 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 725 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта: 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі медициналық қызметтерге арналған тарифтер;»; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) осы бұйрыққа 8-1-қосымшаға сәйкес шығындарды өтеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде республикалық бюджеттің нысаналы ағымдағы трансферттері қаражатының есебінен жүзеге асырылатын кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық қызметтерге арналған тарифтер.»; көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 8-1-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|