2) жабық үй-жайлардағы іс-шаралар; 3) ашық аспан астындағы іс-шаралар (open air). 2. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысуды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды. 3. Объектіге кіреберісте келушілердің, көрермендер мен қызметкерлердің жіті респираторлық аурулардың (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері жоқ адамдарды объектіге жібере отырып, байланыссыз термометрия жүргізу ұйымдастырылады. 4. Ірі объектілерде қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды пайдалана отырып, ауаны міндетті түрде зарарсыздандыру жүргізіледі. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтай отырып, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Көлемі 50 шаршы метрден кем жабық үй-жайларда кварц, бактерицидті шамдар және ауа рециркуляторларын пайдалану міндетті. 5. Объектінің үй-жайларына мынадай адамдар жіберілмейді: 1) расталған COVID-19 жағдайларымен байланыста болғандар; 2) қызметкерлерді қоса алғанда, жіті респираторлық аурулар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдар.
2 -тарау. Театрларға, концерттік ұйымдарға қойылатын талаптар
6. Ашылу алдында объектіде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, толық тазалау жұмысы (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың, концерт залдарының, дайындық бөлмелерінің, музыкалық аспаптардың, реквизиттердің, декорациялардың және т.б. беттерін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу) жүргізіледі. 7. Дайындық кезінде адамдардың саны кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен залдар бойынша бөлінеді. 9. Кіру билеттерін сату кассалары арқылы сатуды қоспағанда, онлайн режимінде жүзеге асырылады. 10. Әлеуметтік дистанциялауды қамтамасыз ету үшін, касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа да орындарда (санитариялық тораптар, гардероб және т.б.) еденге белгілер орнатылады. 11. Дайындық залдарында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жабдықтардың орналасуы немесе қол жетімділігі қамтамасыз етіледі. 12. Киім шешетін бөлмелерде персонал келушілерді бөлу бойынша үйлестіруді жүзеге асырады және жұмыс күнінің соңында жетондарды дезинфекциялау құралдарымен өңдейді. 13. Қызметкерлер сыртта залдардың немесе алаңдардың алдында 50 адамға 1 қызметкер есебінен қауіпсіз қашықтық бойынша кезекті үйлестіруді қамтамасыз етеді. 14. Кіреберісте, холлдарда, фойеде, дәліздерде, лифттілерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады. 15. Объектінің әкімшілігі: 1) қызметкерлер мен әртістер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді; 2) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер); 3) халыққа маскамен қызмет көрсетуді; 4) желдету режимін сақтап, профилактикалық тексеру жүргізе отырып (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын; 5) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін; 6) пайдаланғаннан кейін жинау құралдарын (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақтауды; 7) әр 2 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған бөлмелерді желдетуді; 8) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, құралдарды, үстелдерді, орындықтарды, музыкалық аспаптарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялап, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды; 9) үй - жайларды жинауға, қызметкерлердің қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының (бұдан әрі - ЖҚҚ) және қолғаптардың азаймайтын (кемінде бес күндік) қорын; 10) дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберуді; 11) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған түрінде сақтауды қамтамасыз етеді. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған. 16. Алаңның үздіксіз және жүйелі жұмысы үшін: 1) касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа жерлерде (санитариялық тораптар, гардероб, келушілерді тіркеу, бақылау және билеттер беру пункттері және т. б.) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін еденге белгілер орнатылады; 2) келушілерді ақпараттандыру мақсатында кіреберісте алаң бойынша жүріп-тұру схемасы әзірленеді және орналастырылады; 3) объектінің аумағында сілтеуіш, ескертетін көрсеткіштер (үш тілде) орнатылады; 4) келушілер (көрермендер) үшін алаңда болу бойынша арнайы ұсынымдар (жадынамалар) әзірленеді; 5) кезекте адамдар жиналған жағдайда ыңғайлы және қауіпсіз күту аймақтары жасалады. Келушілерге (көрермендерге) қойылатын талаптар 17. Объектіге кіру негізгі кіреберістен жүзеге асырылады. 18. Келуші келген уақыты кезеңінде маска кию режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс.
3-тарау. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде кинотеатрлардың қызметіне қойылатын талаптар
19. Кинотеатр әкімшілігі қызметтерді сату орындарында, сондай-ақ қол жеткізуді бақылау орындарында адамдардың жиналуын болдырмау мақсатында мынадай шарттарды қамтамасыз етеді: 1) кіру билеттерін сату ресми сайтта немесе арнайы сервистерді пайдалана отырып онлайн жүзеге асырылады, кассалардан билеттерді сатып алу кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі; 2) кіру билеттерін бақылауды ұйымдастыру жүйесі әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, турникеттер бойынша кезекті бөле отырып, оңайлатылған схема бойынша жүзеге асырылады; 3) келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл ленталар қою арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу; 4) объектіге маскасыз кіруге жол берілмейді, келушілердің объект ғимаратында міндетті түрде маска киюі қамтамасыз етіледі; 5) ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.18.02. № 11 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 20. Қызмет көрсетуші және техникалық персонал жұмысқа тек маскамен жіберіледі. 21. Объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинауды жүргізу (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу); 22. Ұйымға кіреберісте персонал мен келушілердің дене температурасын жанаспайтын немесе жанасатын тәсілмен (электронды, инфрақызыл термометрлер, тасымалданатын тепловизорлар) бақылау. Жіті инфекция белгілері болған кезде қызмет көрсетуге жол берілмейді. 23. Үй-жайды желдету, қызметкерлер мен қонақтардың орындарын вирулицидтік әсер ететін дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, ылғалды жинау және дезинфекциялау. 24. Желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету: 1) желдету режимін сақтауды қамтамасыз ете отырып, объектілердің ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізу; 2) көрермендер залына арналған ішке сору-сыртқа тарату желдеткішінің бөлек жүйелері; 3) сыртқа тарату шахталары арқылы залдарға сыртқы ауаның ұйымдастырылмаған түсуін болдырмау; 4) сору камералары мен желдету жүйесі қондырғыларына дезинфекция жүргізу; 5) желдеткіш жүйесі жабдықтарының қызметтік үй-жайларына бөгде адамдардың кіруін шектеу. 25. Едендегі тиісті таңбалар, сондай-ақ ағындарды бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін қоршаулар мен тосқауыл таспалардан жасалған ирек белгілер. 26. Залдарға дезинфекция жүргізуге (таяныштарды, есік тұтқаларын, кресло шынтақ сүйеніштерін сүрту) 15 минут желдетуді қоса алғанда сеанстар арасында кемінде 30 минут үзілісті сақтау. 27. Келушілерге объекті әкімшілігіне тиесілі қандай да бір мүкәммалды беруге алдын ала дезинфекция (оның ішінде жеке қорғаныш пленкасына буып-түю) жүзеге асырылған және өз бетінше өңдеу үшін дезинфекциялау сулықтарын берген және басқалары болған жағдайда ғана жол беріледі. 28. Мүмкіндігінше өнімді байланыссыз тәсілдермен, оның ішінде тауарларды сату автоматтарының (вендингтік машиналардың) көмегімен сатуды жүзеге асыру ұсынылады. 29. Объекті әкімшілігі қызметкерлерді бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптармен, сондай-ақ қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен қамтамасыз етеді. 30. Объекті әкімшілігі жалпы міндеттермен және өндірістік процестермен байланысты емес әртүрлі бөлімдердің және функционалдық топтардың (әкімшілер, кассирлер, бармендер, кеңсе қызметкерлері, техникалық персонал және т.б.) кинотеатр қызметкерлері арасындағы байланыстарды шектеуді қамтамасыз етеді. 31. Жұмыс орындарында тамақ ішуге тыйым салынады. Тамақты тек арнайы бөлінген бөлмеде - тамақтану бөлмесінде қабылдау керек. 32. Объектінің меншік иесі мыналарды қамтамасыз етуі қажет: 1) кассаларда, кіреберістерде, холлдарда, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте, сондай-ақ әрбір залға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату; 2) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы); 3) халыққа маскамен қызмет көрсету; 4) одан әрі кәдеге жарату үшін таңбаланған контейнерлерде (полиэтилен қаптар) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды орталықтандырылған жинау; 5) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекциялау жүргізуі; 6) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) тиісінше сақтау; 7) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орын, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау; 8) үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолын өңдеуге арналған дезинфекциялық және жуу құралдарының, тыныс алу органдарының ЖҚҚ-сының азаймайтын (кемінде бір апталық) қоры; 9) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберу; 10) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған сақтауды қамтамасыз етеді. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған. 11) жұмыс күні ішінде персоналдың дене температурасын бақылау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының болуына қызметкерлерден сауал алу, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу) белгілері жоқ адамдар үшін оқшаулауды қамтамасыз ету және жедел жәрдемді дереу шақыру; 12) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындау, келушілердің қозғалыс ағындарын бөлу, температураны өлшеу, персоналға нұсқама жүргізу, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру; 13) санитариялық нормалар мен қауіпсіздік талаптары туралы көрермендерді хабардар ету.
4 -тарау. Жабық алаңдарда мәдени-ойын-сауық және бизнес іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
33. Кіру билеттерін сату кассалар арқылы сатуды жоққа шығармай, онлайн жүзеге асыру ұсынылады. 34. Кіру, шығу және алаң ішіндегі адамдардың қозғалысы қауіпсіз әлеуметтік қашықтықтағы қиылыспайтын ағындармен ұйымдастырылады (залдың бір жағынан - кіру, екінші жағынан - шығу және т.б.). 35. Еденде тиісті белгілер, сондай-ақ ағындарды бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін қоршаулар мен ленталардан жасалған жолақшалар жасалады. 36. Сырттағы қызметкерлер залдардың немесе алаңдардың алдында 50 адамға 1 қызметкер есебінен қауіпсіз қашықтықтағы кезекті үйлестіреді. 37. Әрбір келушінің дене температурасын өлшеу жүргізіледі, алаңдарда температурасы жоғары келушілер жіберілмейді. 38. Алаң әкімшілігі мыналарды: 1) іс-шаралар/экскурсиялардың уақытын қатаң сақтауды; 2) персоналдың алаңда маскамен болуын; 3) көрермендерге үнемі маска кию қажеттілігі туралы ескертуді; 4) концерт залына кіру және шығу жауапты адамдардың бақылауымен; 5) сеанстар арасындағы залдарға дезинфекция жүргізуге 30 минуттан кем емес үзіліс (таяныштарды, есік тұтқаларын, кресло шынтақшаларын сүрту), кейіннен 15 минутқа желдетуді; 6) жұмыс күні ішінде қызметкерлердің температурасын бақылау және жоғары температуралы және инфекциялық ауру белгілері бар адамдардың жұмыс орнында болуына жол бермеуді; 7) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер); 8) кондиционерлерді тазалауды; 9) холлдарда, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберістерде тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды қамтамасыз етеді. 39. Алаңның үздіксіз және жүйелі жұмысы үшін: 1) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа жерлерде (санитариялық тораптар, гардероб, келушілерді тіркеу, бақылау және билеттер беру пункттері және т. б.) едендік белгілер орнатылады; 2) келушілерді ақпараттандыру мақсатында алаңға кіреберісте алаң бойынша жүріп-тұру схемасы әзірленеді және орналастырылады; 3) объектінің аумағында сілтеуіш, ескертетін көрсеткіштер орнатылады (үш тілде); 4) келушілер (көрермендер) үшін алаңда болу бойынша арнайы ұсынымдар (жадынамалар) әзірленеді; 5) кезекте адамдар жиналған жағдайда ыңғайлы және қауіпсіз күту аймақтары құрылады. Келушілерге (көрермендерге) қойылатын талаптар 40. Күту аймағында: 1) кіреберісте келуші алаңда болу қағидаларымен және ақпараттық стендтерде орнатылған жүріп-тұру бағдарымен танысады; 2) отыратын орындар қашықтық сақтала отырып, орналастырылады; 3) күту аймағына келушілер 15-30 адамнан тұратын топтармен кіреді (алаңның ауданына байланысты: 100 шаршы метрге дейін - 15 адам, одан жоғары - 30 адам); 41. Алдыңғы кіреберістен кіру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) келуші/көрермен кіреберісте билетті ұсына отырып, объектінің ішіне өтеді және санитариялық шараларды сақтай отырып (антисептик, қашықтықты сақтау - 2 метр, медициналық масканің болуы) күзет тексеруінен өтеді; 2) келушіде медициналық масканың болмауы анықталған жағдайда, сол жерде таратуды қамтамасыз ету қажет; 42. Зал аймағында: 1) келушілер (көрермендер) залға кіреберісте көрсетілген бағыт бойынша бір-бірінен екі метр қашықтықты сақтай отырып өтеді; 2) залдың периметрі бойынша қауіпсіздік шаралары бар ақпараттық стендтер және залға кіреберісте антисептикалық құралдар орналасқан. 43. Залдардан шығу мынадай тәртіпте жүзеге асырылады: 1) келушілер көрсетілген бағыттар бойынша залдан 2 метр қашықтықта қауіпсіздік шараларын сақтай отырып шығады; 2) ұйымдастырушылардың немесе еріктілердің сүйемелдеуімен схемаға сәйкес залдан шығу. 5- тарау. Ашық ауада көпшілік-ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
44. Қызметтерді сату орындарында, сондай-ақ қол жеткізуді бақылау орындарында адамдардың жиналуын болдырмау мақсатында мынадай шарттар қамтамасыз етіледі: 1) кіру билеттерін сату кассалар арқылы сатуды жоққа шығармай, онлайн жүзеге асыру ұсынылады. 2) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, турникеттер бойынша кезекті бөле отырып, жеңілдетілген схема бойынша кіру билеттерін бақылауды ұйымдастыру жүйесін қамтамасыз ету. 45. Қызмет көрсету персоналы маскамен болуы қажет. 46. Объектінің әкімшілігі мыналарды қамтамасыз етеді: 1) объекті мен іс-шараның сипатына байланысты кіру, шығу және алаң ішінде қауіпсіз әлеуметтік қашықтықта қиылыспайтын ағындармен маска киген қонақтардың қозғалысын ұйымдастыру (залдың бір жағынан-кіру, екінші жағынан-шығу және т.б.). 2) қызмет көрсетуші персоналдың температурасын аралық бақылау; 3) вирулицидтік әсер ететін дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, персоналдың жұмыс орындарын және қонақтардың болатын орындарын дезинфекциялау; 4) ағындарды бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін едендегі белгі, сондай-ақ қоршаулардан және тосқауыл ленталарынан жасалған жолақшалар; 5) объектінің аумағында тері антисептикалық құралы бар дозаторларды орнату (алаңға (сахнаға) кіретін (шығатын) және гримерлік, санитариялық тораптарда, құралдарды беру аймақтарында); 6) көрермендер мен қонақтардың қашықтығын бақылау үшін белгі қою; 7) персоналға нұсқама беруге, қонақтардың қозғалыс ағынын бөлуге, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалауға, нұсқама жүргізу журналын жүргізуге, маскаларды, респираторларды, сулықтарды жинауға, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеуге, үй-жайларды жинау сапасына, температураны өлшеуге, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыруға жауапты адамды тағайындау; 8) іс-шараны ұйымдастырушымен келісе отырып қашықтықты сақтай отырып, қонақтарды отырғызу немесе кеңістікке байланысты визуалды аймаққа орналастыру жоспарын бекіту; 9) алаң қызметкерлері бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптармен, сондай- қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен; 10) әрбір келуші мен қызмет көрсетуші персоналдың дене температурасын байланыссыз өлшеу және жоғары температура және ЖРВИ белгілері болған жағдайда оның алаңға кіруін шектеу; 11) іс-шараны ұйымдастыруға тартылған персоналға бэйдждер беру, іс-шараны ұйымдастыруға тартылған персоналды бақылау және объектіге қатаң түрде маскамен жіберуді жүзеге асыру; 12) көрермендерді санитариялық нормалар мен қауіпсіздік талаптары туралы ақпараттандыру. 47. Келушілерге алаңның әкімшілікке тиесілі қандай да бір құралдарды беру дезинфекциялау жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылған жағдайда жүзеге асырылады (жеке қорғаныш қаптамасына буып-түю, өздігінен өңдеу үшін дезинфекциялау сулықтарын беру және басқалар). 48. Арнайы бөлінген тамақтану бөлмесінен басқа жұмыс орындарында тамақ ішуге жол берілмейді. 49. Қызметкерлер, күзетшілер, еріктілер кіреберісті қауіпсіз қашықтықта үйлестіреді және кіреберістің алдында көшеде, үй-жайлар ішінде маскада болады. 50. Залдан (алаңнан) шығу жауапты адамдар (еріктілер) көмегімен қатар-қатармен жүзеге асырылады. 51. Залдарға қонақтар саны тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша жіберіледі. 52. 1000-нан астам қатысушымен іс-шараны өткізу кезінде іс-шараны өткізу аумағында медициналық пункттің жұмысы немесе жедел жәрдем бригадасының кезекшілігі ұйымдастырылады. 53. Алаңның үздіксіз және жүйелі жұмысы үшін: 1) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа жерлерде (санитариялық тораптар, гардероб, келушілерді тіркеу, бақылау және билеттер беру пункттері және т. б.) едендік белгілер орнатылады; 2) келушілерді ақпараттандыру мақсатында алаңға кіреберістегі алаң бойынша өту схемасы әзірленеді және орналастырылады; 3) объектінің аумағында көрсеткіштер, ескертетін белгілер орнатылады (үш тілде); 4) келушілер/көрермендер үшін алаңда болу бойынша арнайы ұсынымдар (жадынамалар) әзірленеді; 5) кезекте адамдар жиналған жағдайда ыңғайлы және қауіпсіз күту аймақтары жасалады. Келушілерге (көрермендерге) қойылатын талаптар 54. Күту аймағында: 1) кіреберісте келуші алаңда болу қағидаларымен және ақпараттық стендтерде орнатылған жүріп-тұру бағдарымен танысады; 2) отыратын орындар қашықтық сақтала отырып, орналастырылады; 3) күту аймағына келушілер 15-30 адамнан тұратын топтармен кіреді (алаңның ауданына байланысты: 100 шаршы метрге дейін - 15 адам, одан жоғары - 30 адам); 55. Объектіге кіру негізгі кіреберістен жүзеге асырылады. 56. Келуші кіреберісте билетін ұсына отырып объектінің ішіне кіреді және санитариялық шараларды (антисептик, 2 метр қашықтықты сақтау, медициналық масканың болуы) сақтай отырып, күзет тексеруінен өтеді; Келушінің медициналық немесе мата маскасы болмаған жағдайда, ол сол жерде таратылуы мүмкін. 57. Іс-шара аймағында: 1) келушілер (көрермендер) залға кіреберісте көрсетілген бағыт бойынша бір-бірінен екі метр қашықтықты сақтай отырып өтеді; 2) залдың периметрі бойынша қауіпсіздік шаралары бар ақпараттық стендтер және залға кіреберісте антисептикалық құралдар орналасқан. 58. Залдардан шығу келесі тәртіппен жүзеге асырылады: 1) келушілер көрсетілген бағыттар бойынша залдан 2 метр қашықтықпен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып шығады; 2) залдан шығу ұйымдастырушылардың немесе еріктілердің сүйемелдеуімен схемаға сәйкес.
6-тарау. Мемлекеттік музейлердің жұмысына арналған талаптар
59. Музейдің ашылуы алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі тазалау жүргізіледі (оның ішінде экспозициялық витриналардың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен тазалау және өңдеу). 60. Қызметкерлер мен келушілердің дене температурасын бақылау дене температурасын байланыссыз немесе байланысатын тәсілмен өлшеуге арналған бұйымдарды қолдана отырып жүргізіледі 61. Кіру билеттерін сату кассалар арқылы сатуды жоққа шығармай, онлайн жүзеге асырылады. 62. Алаңның үздіксіз және жүйелі жұмыс жасауы үшін: 1) касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа да орындарда (санитариялық тораптар, киім ілетін орын, келушілерді тіркеу, бақылау және билеттер беру пункттері және т. б.) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ әрбір музей экспонатының алдында едендік белгілер орнатылады; 2) келушілерді хабардар ету мақсатында алаңға кіреберісте музейде жүріп-тұру схемасы әзірленеді және орналастырылады; 3) жүріп-тұру жолында көрсеткіштер, ескертетін белгілер (үш тілде) орнатылады; 4) келушілер/көрермендер үшін музей ішінде жүріп-тұру және қорды пайдалану бойынша арнайы ұсынымдар (жадынамалар) әзірленеді; 5) адамдар кезекте жинақталған жағдайда ыңғайлы және қауіпсіз күту аймақтары жасалады. 63. Келушілермен толтырылу келушілер аймағындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігінің есебінен жүзеге асырылады (5 шаршы метрге 1 адам). 64. Музейге келушілерді кіргізу маска болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. 65. Музейдің персоналы қорғаныш құралдарымен (маскалар, қорғаныш экрандары) қамтамасыз етіледі, персоналдың қорғаныш құралдарынсыз жұмыс істеуіне жол берілмейді. 66. Қызметкерлер, сондай-ақ музейге келушілер респираторлық инфекцияның кез келген белгілері бар болса (температурасының көтерілуі, жөтел, тамағының ауыруы, тыныс алудың қиындауы) жұмысқа жіберілмейді. 67. Музейдің қызметкерлері келушілермен, қызметкерлермен масканы міндетті түрде киюін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақтауын бақылайды. 68. Музейдің әкімшілігі: 1) залға кіру және шығу кезінде және оның ішінде қауіпсіз әлеуметтік қашықтық бар қиылыспайтын ағындармен адамдардың қозғалысын ұйымдастыруды (экспозициялық залдың бір жағынан - кіру, екінші жағынан – шығу), сондай-ақ келушілерді бөлу бойынша персоналды үйлестіруді; 2) өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін; 3) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды жинау, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау) сақталуына жауапты адамды тағайындауды; 4) кіреберісте және залдарда, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды; 5) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді; 6) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер); 7) халыққа маскамен қызмет көрсетуді; 8) техникалық персоналдың (тазалаушылар) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін; 9) жинау мүкәммалын пайдаланғаннан кейін (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақталуын; 10) жұмыс орындарын және келушілерге арналған бөлмелерді әрбір 2 сағат сайын желдетуді; 11) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізуді;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |