8. Ғимаратқа кірер алдында және барлық оқу кабинеттерінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады. 9. Ғимаратқа кіре берісте дезинфекциялау құралымен суландыру әдісімен суланған дезинфекциялау кілемшесі орнатылады. 10. Үй-жайларда қызметкерлердің, балалардың (ересектердің) қорғаныш экрандық маскаларын не қорғаныш күнқағарларын пайдалана отырып, Маска режимі сақталады. 11. Әрбір сабақтан кейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, балалардың ойын алаңдарында (егер бар болса) оқу мүкәммалын, ойын, спорт жабдықтарын өңдеу жүргізіледі. 12. Әр 3 сағат сайын дәретханаларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жинау жүргізіледі. 13. Санитариялық тораптарда дозаторларда (немесе салфеткаларда) сұйық сабынның, қолға арналған дезинфекциялық құралдардың, электрлі сүлгілердің (немесе орамалды сүлгілердің) үздіксіз болуы қамтамасыз етіледі. 14. Ауыз су режимі сақталады (бір реттік стақандар). 15. Дезинфекциялау құралдары дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйінде сақталады. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 6-Қ қаулысының 47 қосымшасы
COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдардың деректерін өңдеу алгоритмі
1. COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдарды тіркеу алдын ала сыныптауды пайдалана отырып жүргізіледі: - Сырттан әкелінетін жағдайлар (әуе рейстері, темір жол тасымалдары, авто); - байланыста болу жағдайлары (инфекция жұқтырған адамдармен жақын байланыс санаттары арасында); - жергілікті жағдай (инфекция жұқтырудың анықталмаған көздері), оның ішінде: 1) өздігінен жүгіну; 2) профилактикалық мақсатта скрининг жүргізу шеңберінде анықталған. 1.1 Сырттан әкелінген жағдайлардың тіркелуі: 1.1.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің санитариялық-карантиндік пункттерінің (бұдан әрі - СКП) мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «COVID-19 бақылау орталығы» Веб-қосымшасында немесе басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеу үшін нысанның қағаз тасығышында сауалнама жүргізіледі. Сауалнаманы толтыру жолаушылар өздігінен, немесе СКП мамандарының көмегімен толтырады. 1.1.2. Басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеу үшін сауалнаманы толтырудан бас тарту ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады. 1.1.3. Басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеуге арналған сауалнаманы жолаушылар қағаз тасығышта толтырған кезде рейстер/поездар/автомобильдер келгеннен кейін бес сағаттың ішінде мәліметтерді COVID-19 Веб-қосымшасына көшіреді. 1.1.4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің (бұдан әрі - АД) мамандары өңірдегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізеді, атап айтқанда: 1 (1А, 1Б), 2, 4-кестелерге сәйкес деректер жиынтығын жүргізеді, сондай-ақ инфекция жұқтырған адамдар туралы 12 (он екі) сағаттың ішінде, инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған адамдар туралы 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде СОVID-19 Веб-қосымшасына деректерді енгізеді. 1.1.5. Республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының (бұдан әрі - ҚДСБ) мамандары № 3 кестеге сәйкес байланыста болған адамдарды медициналық бақылауы қажет. ҚДСБ-ның мамандары 1 (1А, 1Б) және 4-кестелерге сәйкес АД-ге инфекция жұқтырған адамдар туралы барлық деректерді ұсынуы қажет. 1.2. Байланыста болу жағдайларын тіркеу: 1.2.1. Диагностикалық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін және байланыста болған адамдарды анықтау бойынша сауалнама жүргізілгеннен кейін инфекция жұқтырған адам анықталған жағдайда инфекция жұқтырған және байланыста болған адамдар туралы деректер осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына «пациентті енгізу» бөліміне енгізіледі. 1.3. Жергілікті (өздігінен жүгіну және профилактикалық скрининг кезінде анықталған) жағдайлар: 1.3.1. АД-ның мамандары ҚДСБ-нан COVID-19-ға күдікті пациенттің жүгінгені туралы шұғыл хабарлама алған жағдайда осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес ақпарат қалыптастырады, 1.4. Жақын байланыста болуды тіркеу. 1.4.1. Сырттан әкелінген жағдайда жақын байланыс осы қаулының 35-қосымшасына сәйкес анықталады, тіркеу автоматты түрде жүргізіледі. 2. ҚДСБ және (немесе) МСАК ұйымдарының мамандары денсаулық жағдайын қашықтан мониторингілеу мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтары үшін мобильді қосымша орнату бойынша нұсқама жүргізеді және белгіленген кезеңділікпен өзінің хал-жағдайы туралы мәліметтерді енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды. ҚР азаматы болып табылмайтын адамдар үшін қашықтан мониторингілеу ҚДСБ мамандарының қонырау шалу және қажетті мәліметтерді толтыруы жолымен жүргізіледі. Қашықтан мониторингілеу нәтижесінде алынған мәліметтер осы қосымшаның 1.1.5-тармағына сәйкес АД-ге беруге жатады. 2.1. Тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ үй карантиніндегі медициналық бақылаудағы адамдар қашықтан мониторингілеу үшін өзінің хал-жағдайы туралы мобильді қосымшаға қажетті кезеңділікпен мәліметтерді енгізуге міндетті. Бас тарту немесе өз хал-жайы туралы мәліметтерді уақтылы енгізбеу ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады. 2.2. Медициналық ақпараттық жүйе қашықтан медициналық бақылау нәтижелерін COVID-19 Веб-қосымшасында жаңартылғаннан кейін автоматты түрде интеграцияланады. 3. АД-ның мамандары COVID-19-ға зертханалық зерттеудің оң нәтижесі туралы зертханалық зерттеу хаттамасын алған сәттен бастап он екі сағаттың ішінде осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына пациент туралы деректерді енгізеді. 4. COVID-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар осы қаулыға 41-қосымшада бекітілген жолдамаға сәйкес COVID-19-ға оң нәтижесі бар адамдар туралы ақпарат беруге тиіс. 5. АД-ның мамандары COVID-19-да он нәтиже туралы зертханалық зерттеу хаттамасын алғаннан кейін пациенттен осы пациент бойынша эпидемиологиялық анамнез жинайды және COVID-19 Веб-қосымшасына енгізеді. 6. АД-ның мамандары COVID-19-бен ауыратын науқастарымен байланыста болған адамдар шеңберін анықтағаннан кейін карантиндік іс-шараларды жүргізу үшін осы адамдар туралы мәліметтерді ҚДСБ-ға жібереді. 7. АД-ның мамандары COVID-19 Веб-қосымшасына стационарлық немесе үй карантинінің аяқталғаны туралы ақпаратты енгізеді. 8. АД-ның мамандары осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына COVID-19 жағдайының соны (сауығу/өлім) туралы ақпаратты енгізеді.
Басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеуге арналған САУАЛНАМА
1. Тегі 2. Аты 3. Әкесінің аты 4. Туған жылы, айы, күні 5. Азаматтығы 6. ЖСН немесе төлқұжат деректері 7. Жұмыс (оқу) орны 8. Сіз соңғы 14 күнде қай елде болдыңыз
9. Науқаспен немесе симптомдары бар адамдармен байланыста болдыңыз ба
10. Тұрғылықты жері немесе болжамды тұрғылықты жері 11. Байланыс телефондары 12. Қозғалыс бағдары
13. Қолы
14. Күні Ескертпе: Сауалнаманың деректері тек қана қызметтік мақсатты ҚР аумағына коронавирустық инфекцияның (COVID-19) әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша жүргізілетін шаралар шеңберінде пайдаланылатын болады, сауалнаманы толтыратын жолаушы берілетін мәліметтер үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапты болады.
1-кесте
COVID-19 жағдайымен байланыста болған адамдардың тізімі
COVID-19 жағдайының ТАӘ ___________________________ оның сәйкестендіру нөмірі _________________________ ЖСН __________________________ Диагноз қойылған күн ______________________ Бірінші симптомдар пайда болған күн (егер бар болған болса) _________________
1А-кесте
«COVID-19 жағдайымен байланыста болған адамдардың тізімі» кестесіне қосымша
1Б-кесте
2-кесте
Келесі медициналық бақылау үшін байланыста болған адамдардың деректерін беру нысаны Жауапты эпидемиологтың ТАӘ және жұмыс орны ____________________ Бақылауды жүзеге асыратын медициналық ұйым ___________________ Жеткізу күні мен уақыты ________________________________________
3-кесте
Бақылау қадағалау күнделігі (аурудың симптомдарын көрсету)
4-кесте
COVID-19 жағдайын тіркеу журналы
Кестенің жалғасы
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 6-Қ қаулысының 48 қосымшасы
Карантиндік стационарларға қойылатын талаптар
1. Объект қажет болған жағдайда COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін арнайы бейімделген оқшауланған үй-жайларда (санаторий, оңалту орталығы, жатақхана, қонақ үй, балалар және спорт лагерлері және т.б.) орналасуы тиіс. 2. Объект жеке тұрған ғимаратта, қала шегінде және тұрғын үй массиві мен стратегиялық ғимараттардан алыс орналасқан. 3. Карантиндік стационарды байланыс жасаушылардың, келушілердің, көліктің кіруін/шығуын, заттарды, азық-түліктерді кіргізу/шығаруды және т.б. қатаң бақылау үшін полиция жасақтары тәулік бойы күзетпен қамтамасыз етеді. 4. Объект санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы, қоршауы, жеке кірме жолдары және өткізу пункті болуы тиіс. 5. Кіру/шығу кезінде дезинфекциялық тосқауыл, аумақта - көлікті жуу және дезинфекциялау пункті ұйымдастырылады. 6. Объект ғимаратының табиғи желдеткіші болуы тиіс. 7. Автомашиналардың келу бағдарын, ғимарат ішінде бағдарлауды, пациенттерді палаталар бойынша қарсы алуды және орналастыруды, болу тәртібі мен шарттары туралы хабардар етуді пысықтау қажет (ақпараттық парақтың нысаны қоса беріледі). 8. Ғимаратқа кіреберісте COVID-19 күдігі бар адамдарды қабылдауға арналған жеке кабинет (холл), үстелдер, орындықтар, кушеткалар, сканері бар компьютерлік техника, интернет пен телефон байланысы міндетті түрде қосылған болуы тиіс. 9. Палаталар (бөлмелер) жарықтандырылған, жақсы желдетілетін, жылы, 1-2 пациентке есептелген, санитариялық тораппен және әрбір палатада (бөлмеде) ағынды суы бар раковинамен, бұл ретте балаларға арналған жатын орындары (кереуеттердегі ернеулер) көзделуі тиіс. 10. Мыналар көзделуі қажет: 1) келетін заттарды санитариялық өңдеуге арналған жеке бөлме және зарарсыздандырылған заттарды сақтауға арналған жеке бөлме; 2) консультациялық сипаттағы қоңырауларды қабылдау үшін байланыс құралдарымен жабдықталған Call-орталығының болуы; 3) әрбір палатада санитариялық тораптардың, сондай-ақ себезгі кабиналарының немесе ыстық және суық суы бар раковиналардың болуы; 4) палаталарда (бөлмелерде) үлестіру асханасы және тамақтандыруды ұйымдастыру бар асхана); 5) қызметкерлердің қажетті саны - бейінді дәрігерлер, медбикелер, зертханашылар, госпитальдық эпидемиологтар, тіркеушілер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, кіші медициналық персонал (50 бақыланушыға дейін - 1 дәрігер, 1 медбике, 2 санитар); 6) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жеке қорғаныш құралдары, дезинфекциялау құралдарының, жеке гигиена құралдарының (сабын, қағаз сүлгілер), бір рет қолданылатын маскалардың, төсек-орын жабдықтарының жеткілікті саны; 7) дәрілік заттар мен ММБ-ның қажетті қоры (спиртті қалта антисептиктері, термометрлер және т.б.); 8) келушілердің сауалнамалық деректерін толтыруға арналған нысандар. 11. Әр қызметкермен санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды, гигиенаны, құпиялылықты, этика мен деонтологияны сақтау бойынша нұсқаулық өткізу. Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес COVID-19-ға күдікті адамдарды бақылау және жүргізу ерекшеліктері бойынша қызметкерлерге нұсқама беруді қамтамасыз ету. 12. Келген адамдарды тексеру жүргізуге, олардың санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды сақтауына, смартфондар мен жеке заттарын санитариялық және гигиеналық өңдеуге уақытша алып қоюға ақпараттық келісім парағымен қамтамасыз ету. 13. Келушілердің жеке заттарын өңдеу және қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді айқындау. 14. Ауруханаға жатқызу кезінде келгендерді тұрғылықты жері бойынша одан әрі амбулаториялық бақылау үшін БХТ бойынша сәйкестендіру қажет.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 6-Қ қаулысының 49 қосымшасы
I. Инфекция жұқтырудың алдын алу мақсатында COVID-19 бойынша іс-шараларды өткізуге тартылған медицина қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмі
COVID-19 контагиоздылығының жоғары болуына және жеткіліксіз зерделенуіне байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтауды қамтамасыз ету қажет. 1. Респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері әлеуетті жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарастыруы тиіс. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану керек. 2. Ауруханаларда COVID-19 пациенттерін күтуді қамтамасыз ететін медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы медициналық ұйым басшысының бұйрығымен айқындалады. 3. Медицина қызметкерлері мен кіші медицина қызметкерлері COVID-19-бен ауыратын науқасты күту және емдеу кезінде инфекциялық бақылау мәселелері бойынша нұсқаулықтан өтеді. 4. Инфекциялық стационарларда тәжірибелі медицина қызметкерлері қатарынан әрбір бөлімшеде (бөлімше, блок, қабат) қызметкерлердің қауіпсіздік шараларын (маскалық режим, қол гигиенасы, ЖҚҚ-ны уақтылы ауыстыру), бөлімшеде, блокта, қабатта эпидемияға қарсы режимді сақтауға жауапты адамды тағайындау қажет, ол сондай-ақ қорғаныш құралдарын киюдің дұрыстығын мұқият тексереді және шыны арқылы шығарда оларды алудың дұрыстығын бақылайды, персоналдың лас аймаққа кірер алдында белгілермен түсіндіріледі. 5. Медицина қызметкерлеріне күн сайын сұрау жүргізу және дене температурасын күніне 2 рет өлшеу арқылы бөлімшенің жауапты медицина қызметкері бақылау журналына тіркей отырып, тұрақты медициналық бақылау белгіленеді. 6. Науқастарға немесе COVID-19-ға күдікті адамдарға медициналық көмек көрсету және ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде (көрсетілетін медициналық көмек түріне байланысты ЖҚҚ пайдаланбау немесе қорғаныш деңгейінің сәйкес келмеуі) медицина персоналының және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының бұзу фактілері анықталған жағдайда, мынадай: қызметкерлердің (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда); ауру симптомдарының бар-жоғын күнделікті медициналық бақылай отырып, жұмыстан шеттету және үй карантиніне оқшаулау шараларын қолдану қажет. Аурудың белгілері анықталған кезде емдеуге жіберіледі. Ауру белгілері болмаған кезде үй карантинінің 7-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі. ПТР-зерттеудің теріс нәтижесімен үй карантині аяқталады. ПТР-зерттеудің оң нәтижесі болған кезде МСАК маманы COVID-19 науқасына Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді. Егер үй карантинінің 7-ші күнінде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін сынамаларды іріктеу жүргізілмесе, үй карантині оқшауланған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін жалғасады. 10 тәулік өткеннен кейін ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантині аяқталады. 7. Жеке қорғаудың барлық шараларын сақтаған жағдайда науқасқа немесе COVID-19-ға күдікті адамдарға медициналық көмек көрсеткен медицина қызметкерлері және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде жұмыс кестесіне сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады. 8. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде медицина қызметкері немесе кіші медицина персоналы медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді және дереу оқшауланады және инфекциялық стационарға орналастырылады. 9. Инфекциялық емес бейіндегі стационарларда COVID-19 тіркелген кезде медицина қызметкерлерін оқшаулау және бақылау принципі осы қосымшаның 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес жүргізіледі. 10. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары медицина қызметкерлері осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға тестілеуден өтуі тиіс. 11. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «таза» және «лас» аймақтарға бөлінеді. 12. Барлық медициналық ұйымдарда пациенттермен жұмыс істеу кезінде «таза» және «лас» аймақтардың персоналы арасында байланыссыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажет. 13. Лас аймақта персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-да тұрақты жұмыс істейді. 14. Әрбір ауысым басқа ауысымнан оқшаулау да ұсталады. Бұл іс-шара әр түрлі ауысымдарда медицина қызметкерлерін жұқтырудың алдын алуға, қызметкерлердің ауруханаішілік инфекцияның таралуының алдын алуға, сондай-ақ оның халық арасында таралуының алдын алуға мүмкіндік береді. 15. Қажет болған жағдайда, арнайы мамандармен пациенттерге консультация беру және қарау барынша қашықтықтан жүргізілуі қажет. 16. Қабылдау бөлімінде келіп түсетін науқастардан зертханалық зерттеу үшін материал алынады. 17. Пациентті қабылдағаннан кейін үстіңгі беткейлерді - үстел, қалқа, кушетка, орындықтар, есік тұтқалары, жиһаз заттары және пациентпен тікелей байланыста болған медициналық мақсаттағы бұйымдарды өңдеу жүзеге асырылады. 18. Науқастарға арналған бөлімшеде науқастарды қабылдау мерзімдері, клиникалық нысандары және аурудың ауырлық дәрежесі бойынша бөлек орналастыру үшін палаталар көзделуі тиіс. 19. Аурухана төсектері бір-бірінен кемінде 1 м қашықтықта орналастырылады. 20. Инфекциялық аурулар стационарында палаталық бөлімшенің негізгі құрылымдық бірлігі палата емес, бокс, жартылай бокс немесе боксталған палата болуы мүмкін. Бокстарда науқастарды толық оқшаулау қарастырылған, олар 1-2 төсекке жоспарланады. 21. Науқас шығарғанға дейін бокста болады және одан тамбурмен сыртқы шығу жолы арқылы шығады (бар болса). Персонал арнайы киімді ауыстыру, қолды жуу және дезинфекциялау жүргізілетін шлюз арқылы инфекциялық емес дәлізден бокстарға кіреді. 22. Жартылай бокстарда бокстарға қарағанда, сыртқы шығу жолы болмайды. Жартылай боксталған бөлімшенің режимі науқастардың санитариялық өткізгіштер арқылы бөлімшенің жалпы дәлізінен жартылай бокстарға түсетіндігімен ерекшеленеді. 23. Күнделікті мұқият ағымдық дезинфекция жүргізіледі, науқастарды шығарғаннан кейін - қорытынды дезинфекция жүргізіледі. 24. Науқастарға арналған тамақ «таза» блоктың кіретін асүй ыдысына жеткізіледі және онда асүй ыдысынан буфет госпиталінің ыдысына салынады. Буфет тамағына бөлімше ыдысына салынады және үлестіру бөлімшесіне жіберіледі, онда порциялар бойынша бөлінеді және палаталар бойынша таратылады. Бөлімшеге тамақ келіп түскен ыдыс зарарсыздандырылады, содан кейін ыдысы бар сыйымдылық буфеттік ыдысқа беріледі, онда оны жуады және келесі таратқанға дейін сақтайды. Тарату орны тамақ қалдықтарын зарарсыздандыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталады. Жеке ыдыс әрбір тамақ ішкеннен кейін зарарсыздандырылады. 25. Қызметкерлерге жұмыс істеген уақыттан кейін лас аймаққа қайта кіруге тыйым салынады. 26. Лас аймаққа медициналық бұйымдарды, дәрі-дәрмектерді, қан препараттарын, құрал-саймандарды, іш киімдерді, пациенттерге арналған тамақ құжаттарын және т.б. жеткізуге жауапты қызметкерлерді анықтау қажет. 27. Дәрі-дәрмектерді, емделушілерге тамақтануды және басқа да заттарды «лас» аймаққа беру ең аз инфекциялық қауіп-қатермен жүзеге асырылады. Берілетін заттарды «таза» аймақтың қызметкері шлюз үстелінде қалдырады және есікті таза жағынан жабады. Шлюзді таза аймақтан жапқаннан кейін «лас» аймақтың қызметкері шлюз есігін лас жағынан ашады, заттарды алады және есікті жабады. 28. «Лас» аймақтан шығарылатындардың барлығы вирустық инфекция режимі бойынша дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңделеді. 29. Зарарсыздандырылған медициналық қалдықтар медициналық қалдықтармен жұмыс істеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес кәдеге жаратылады. 30. Жалпы кәрізге ағызар алдында сарқынды суларды алдын ала зарарсыздандыру үшін кәріздік септик болуы қажет. 31. COVID-19-ға күдікті науқастарды тасымалдауды мынадай қауіпсіздік талаптары сақталған жағдайда жүзеге асыру қажет: 1) COVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті пациентке шақыруды орындайтын жедел медициналық жәрдем бригадасының медицина қызметкерлері шығар алдында тікелей жеке қорғаныш құралдарын киеді. Жеке қорғаныш құралдары әр науқастан кейін ауыстырылады; 2) жедел медициналық жәрдем бригадасының жүргізушісі жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі; 3) салон COVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті пациенттің биологиялық материалымен ластанған жағдайда, ластану орындары дереу зарарсыздандырылады;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |