4) жедел медициналық жәрдем бригадаларының жүргізушісі мен медицина қызметкерлері пациентті медициналық ұйымға бергеннен кейін белгіленген орындарда аяқ киімді, қолды жеке қорғаныш құралдарын дезинфекциялауға міндетті; 5) COVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті пациентті медициналық ұйымға медициналық эвакуациялау аяқталғаннан кейін жедел медициналық жәрдем автомобилі және медициналық эвакуация кезінде пайдаланылған заттар арнайы жабдықталған алаңда арнайы медициналық ұйымның аумағында дезинфекторлардың күшімен зарарсыздандырылады; 6) жедел медициналық жәрдем автомобилінің салонына дезинфекция жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, медициналық ұйым аумағында дезинфекторлардың күшімен дезинфекцияны жедел медициналық жәрдем бригадасының жүргізушісі және медицина қызметкерлері жүргізеді; 7) жедел медициналық жәрдем автомобилінің салонында дезинфекциялау салонының барлық беткейлеріне, оның ішінде медициналық бұйымдардың беткейлеріне жүргізіледі; 8) беткейлерді өңдеу дезинфекциялық ерітіндіге батырылған шүберекпен немесе дезинфекциялық ерітіндіні бүрку жолымен суландыру тәсілімен жүргізіледі; 9) экспозициядан кейін дезинфекциялық ерітіндіні таза сумен жуады, кейіннен дезинфектант иісі жойылғанға дейін желдетіле отырып, құрғақ шүберекпен сүртеді; 10) медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылған бір рет қолданылатын жеке қорғаныш құралдары, жинау шүберектері пакеттерге жиналады және медициналық ұйымның аумағындағы В сыныбының қалдықтарына арналған арнайы контейнерлерге салады; 11) жедел медициналық жәрдемнің мамандандырылған көшпелі бригадасының жүргізушісі мен медицина қызметкерлері шақыруды орындағаннан кейін дененің ашық жерлерін тері антисептигімен сүртуді қамтитын санитариялық өңдеуден өтуге міндетті; 12) медициналық авиация желісі бойынша қолданылатын әуе кемесімен covid-19-ға күдікті пациентті эвакуациялау кезінде эвакуациялау аяқталғаннан кейін әуе кемесінің салоны мен пайдаланылған заттар дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып зарарсыздандыруға жатады.
II. Барлық медициналық ұйымдардағы инфекциялық қауіпсіздік
32. Денсаулық сақтау ұйымдарында: 1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қорғау деңгейі бар ЖҚҚ; 2) санитариялық тораптарды сұйық сабынды дозаторлармен, электр кептіргіштермен немесе бір рет қолданылатын қағаз сулықтармен, пайдаланылған маскалар мен сулықтарды жинауға арналған педальмен жабдықталған қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз ету; 3) антисептиктердің, дезинфекциялық құралдардың жеткілікті санымен қамтамасыз ету; 4) барлық үй-жайларды үнемі желдету, адамдар болғанда ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құрылғыларды пайдалану; 5) санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қажет. 33. Респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері ықтимал жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарастыруы тиіс. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану керек. 34. Медицина қызметкерлеріне күн сайын сұрау және дене температурасын өлшеу арқылы бөлімшенің жауапты медицина қызметкері бақылау журналына тіркей отырып, күніне 2 рет тұрақты медициналық бақылау белгіленеді. 35. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді, дереу оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. 36. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелерінде қозғалысын шектеу қажет. 37. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда аумақта және ғимаратта сүзгіге тиісті көрсеткіштермен кіреберісте сұрыптауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажет. COVID-19-ға ұқсас белгілері бар пациент анықталған кезде оны арнайы бөлінген бөлмеге оқшаулауды қамтамасыз ету және жедел медициналық жәрдемді шақыру қажет. 38. Медицина қызметкерлері демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағаннан кейін, медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері (COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда) медициналық ұйымдарда практиканы бастау алдында медициналық ұйымға нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама немесе ревакцинация алғаны немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаты бар болған кезде жіберіледі.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 6-Қ қаулысының 50 қосымшасы
COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін оқшаулау тәртібі
1. COVID-19-бен ауыратын пациентпен жақын байланыста болған адамдарда COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болады. COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы: - COVID-19-бен ауыратын науқаспен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам; - COVID-19-бен ауыратын науқаспен немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам (мысалы, жөтелу, қол алысу кезінде және т.б.); - ЖҚҚ (қорғаныш маскасын) пайдаланбай жабық үй-жайда (мысалы, сыныпта, кеңеске арналған бөлмеде, ауруханадағы күту бөлмесінде және т.б.) COVID-19 жағдайымен бірге 15 минут немесе одан көп уақыт ішінде 1,5 метрден кем қашықтықта болған адам; - COVID-19 жағдайына тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған ЖҚҚ-сыз не ЖҚҚ-ны қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары; - ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19-бен ауыратын науқастан кез келген бағытта екі орындық қашықтықта болған байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19-бен ауыратын науқас ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері ретінде айқындалады. Жақын байланыста болғандарды анықтау үшін эпидемиологиялық байланыстарды тергеп-тексеру кезеңі COVID-19 жағдайы анықталғанға дейін 2 тәулік бұрын басталуы және COVID-19-бен ауыратын науқасты оқшаулау сәтімен аяқталуы тиіс. 2. COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарға қатысты шаралар (жақын байланыс): 1) COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 айда қоспағанда COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжаты болмаған кезде үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. Оқшаулау кезеңінде МСАК маманы күн сайын телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулығы туралы нақтылайды. Аурудың белгілері анықталған кезде МСАК маманы диагнозды белгілейді және COVID-19-бен ауыратын науқасы туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді. Үй карантинінің 7-ші күнінде ауру белгілері болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін байланыста болған адамнан сынама алу жүргізіледі. ПТР-зерттеудің теріс нәтижесімен үй карантині аяқталады. ПТР-зерттеудің оң нәтижесі болған кезде МСАК маманы COVID-19-бен ауыратын науқас туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді. Егер үй карантинінің 7-ші күнінде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін сынамаларды іріктеу жүргізілмесе, үй карантині оқшауланған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін жалғасады. 10 тәулік өткеннен кейін ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантині аяқталады. 2) егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өтсе, ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) МСАК маманының медициналық бақылауына жатады. Байланыста болған адамдар үй карантиніне оқшауланбайды, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмейді. 10 күн өткеннен кейін COVID-19 белгілері болмаған кезде медициналық бақылау аяқталады. Аурудың белгілері пайда болған кезде байланыста болған адам ПТР-тест нәтижелерін алғанға дейін COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексеруге және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. COVID-19 диагнозы расталған кезде МСАК маманы COVID-19-бен ауыратын науқас туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді. 3. Симптомсыз вирус тасымалдаған кезде (ПТР оң нәтижесі анықталған сәтте клиникалық белгілері жоқ адамдар) пациент амбулаториялық жағдайларда және үйде оқшаулауда (үй карантині) МСАК қызметкерлерінің медициналық бақылауына жатады. Клиникалық симптомдар болмаған кезде ПТР оң нәтиже берген күннен бастап 7 күн ішінде ПТР әдісімен немесе COVID-19-ға зертханалық тестілеу жүргізіледі. ПТР-зерттеудің теріс нәтижесімен үй карантині аяқталады. ПТР-зерттеудің оң нәтижесі кезінде бақылау оқшаулау сәтінен бастап 10 тәулік өткенге дейін жалғасады. 10 тәулік өткеннен кейін ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантині аяқталады. Карантин аяқталған кезде МСАК маманы симптомсыз вирус тасымалдаушыға COVID-19 алдын алу шараларын (медициналық масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық) сақтау қажеттілігі туралы ұсыныстар береді. Үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыда аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде МСАК маманы COVID-19-бен ауыратын науқас туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді. Шұғыл хабарламаны қабылдаған Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі осы COVID-19 ауруын тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, оны симптомсыз вирус тасымалдаушылардың есебінен шығарады, сондай-ақ симптомсыз вирус тасымалдаушылық жағдайларының манифестік нысандарға (симптомдары бар жағдайлар) көшуінің жеке статистикасын жүргізеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 6-Қ қаулысының 51 қосымшасы
Үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайлары
Үй карантинінің мақсаты - аурудың ықтимал көзінен COVID-19-ды ықтимал жұқтырудың алдын алу және осылайша Қазақстанның аумағында коронавирустың таралуын болдырмау.
Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұру жағдайларына қойылатын талаптар: Үй карантині мынадай талаптар/жағдайлар сақталған кезде болуы мүмкін: 1. Байланыста болған адам(дар) көршілерден (басқа отбасы мүшелерінен) оқшаулана алатын жеке пәтер (жеке дәретханасы бар жеке бөлме) бар. 2. Байланыста болған адам және отбасының/үй шаруашылығының басқа мүшелері жеке қорғаныш құралдарына (медициналық маскалар, қолғаптар) қол жеткізе алады және сақтық шараларын (қолды сабынмен жиі жуу, ылғалды жинау жүргізу, үй-жайды желдету) сақтауға қабілетті. 3. Үй шаруашылығында COVID-19 инфекциясынан кейін асқыну қаупі жоғары (60 жастан асқан адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз немесе жүректің, өкпенің немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар) адамдар жоқ. 4. Стационарлық телефонға немесе ұялы байланысқа қолжетімділік бар. 5. Үй карантинін сақтау жағдайларын міндетті орындау туралы қол қойылған қолхаттың болуы. 6. Адам үй карантині режимін сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алады және қолхатта жеке қол қоюымен растайды. Үй карантині режимін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Үй карантиніндегі адамға арналған нұсқаулықтар 1. Үйден шықпау. 2. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды спирт негізінде антисептикпен өңдеу керек. Үнемі тығыз жататын медициналық масканы кию және оны әр 2 сағат сайын ауыстыру керек. 3. Тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу керек. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған дұрыс. 4. Жеке ыдысты пайдалану қажет. 5. Температура немесе әлсіздену белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа жүгіну немесе жедел жәрдемге қоңырау шалу қажет.
Үй карантині қамтамасыз етілетін үй шаруашылығы мүшелеріне арналған нұсқаулықтар Мыналар ұсынылады: 1. Үйге бөгде адамдардың келуін болдырмау. 2. Карантин бөлмесіне кіру кезінде ауыз бен мұрынды тығыз жабатын медициналық маска кию қажет. Егер маска ылғалданған немесе ластанған болса, оны дереу жаңа медициналық маскамен ауыстыру қажет. Медициналық масканы тиісті техниканы пайдалана отырып, яғни оның алдыңғы бөлігін ұстамай шешу. 3. Күн сайын отбасының әрбір мүшесінің дене температурасын күніне кемінде 2 рет өлшеу керек. 4. Үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету. 5. Күн сайын ылғалды жинау. 6. Қолды сабынмен жиі жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу, қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды қолданған жөн. 7. Әрбір отбасы мүшесіне жеке ыдыс-аяқты, жеке гигиена құралдарын пайдалану. 8. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу керек. 9. Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде дене температурасы немесе сырқаттану белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, дереу COVID-19 бойынша колл-орталығына жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру. Үй карантинінде болуды қашықтықтан мониторингтеуді қамтамасыз ету Мониторингті қамтамасыз ету үшін: 1. Үй карантиніндегі адамға смартфонына Smart Astana мобильді қосымшасын орнату және қосымшаға барлық рұқсатты беру (GPS, WIFI, Bluetooth) 2. «Мен карантиндемін» режимін қосу және оны үй карантині режимінің қолданылған кезінде өшірмеу 3. Телефон үнемі қосылып тұруы және интернетке қосылған болуы тиіс 4. Мобильді қосымша белсенді болуы немесе фондық режимде жұмыс істеуі тиіс (қосымша қызметінің мәртебесін хабарламалардан немесе виджеттен тексеруге болады) 5. Үй карантині функциясын пайдалану кезінде пайдаланушы GPS, Bluetooth және WI FI режимін ажыратпауы тиіс.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 6-Қ қаулысының 52 қосымшасы
COVID-19 пандемиясы кезеңінде профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу бойынша алгоритм
1. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінің алынуына байланысты 2020 жылғы 11 мамырдан бастап жоспарлы профилактикалық егулерді жүргізу қайта басталды. 2. Толықтырылатын вакцинациялауды жүргізу үшін вакцинацияның бастапқы сериясындағы жоспарлы егулерді өткізіп алған 1 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша вакцинация басым топ болып табылады. 3. COVID-19-ға қатысты мәртебесіне байланысты адамдарды вакцинациялау: - COVID-19 диагнозы белгіленген пациенттер «медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес толық клиникалық сауыққаннан кейін вакцинациялануы тиіс; - COVID-19-бен ауыратын науқастармен жақын және ықтимал байланыста болған адамдар карантин (оқшаулау) мерзімі аяқталғаннан кейін және «Профилактикалық егулерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығына сәйкес профилактикалық етуді жүргізуге қарсы көрсетілімдер болмағанда мүмкіндігінше тез арада етіледі. Бұл ретте, адамдардың осы санаты вакцинацияға келген басқа адамдардан бөлек егілуі тиіс. 4. Профилактикалық егулерді алу мақсатында медициналық мекемеге барған кезде адамдар медициналық қорғаныш маскасын киюі тиіс. 5. COVID-19 тіркелген және респираторлық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық кезеңінде халықты жоспарлы иммундауды ұйымдастыру кезінде: - карантин кезеңінде профилактикалық егу жүргізуді өткізіп алған барлық адамдарды қоса алғанда, вакцинациялауға жататын адамдардың тізімін жасауды қамтамасыз ету; - вакцинациялауға жататын адамдарды егуге алдын ала шақыруды ұйымдастыру, бұл ретте емханаға бару кезінде уақыт аралығын және физикалық қашықтық шараларын сақтауды (дәрігерлердің қабылдау кабинетінде, егу кабинетінде, дәлізде) қамтамасыз ету; - жеке жақсы желдетілетін үй-жай болу, онда вакцинацияланған балалар мен оларды алып жүретін адамдар физикалық қашықтық талаптарын сақтай отырып, вакцинациядан кейін 30 минут бойы болуы тиіс; - «Халыққа профилактикалық етуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығына (бұдан әрі - № 361 бұйрық) сәйкес вакцинациялауға қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, вакцинациялау жүргізу; - ауруына байланысты және басқа себептер бойынша дәрігердің қабылдауына келген науқастардан профилактикалық егулер алатын адамдардың бөлек ағымын қамтамасыз ету; - балаларды қабылдау және вакцинациялау үшін жеке сағаттар және тәуекел тобындағы адамдарды (COVID-19, байланыста болған, қарт адамдар, созылмалы аурулары бар адамдар) қабылдау және вакцинациялау үшін жеке сағаттар бөлу жөнінде шаралар қабылдау; - вакцинация алу кезінде еріп жүретін адамдардың санын шектеу: 1 егілетін адамды алып жүру үшін 1 адамнан артық емес. 6. Профилактикалық егулер арнайы жабдықталған егу кабинеттерінде медицина қызметкерлері № 361 бұйрықтың талаптарына сәйкес талаптарды сақтай отырып жүргізеді. 7. COVID-19 және респираторлық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық кезеңінде емханаға кіретін жерде: - байланыссыз термометрияны қамтамасыз етегін сүзгі орнату және COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдардың болуына сауалнама жүргізу; - келушілердің қолын өңдеуге арналған санитайзерлер орнату; - ауру белгілері бар адамдар анықталған жағдайда олар үшін маскалар беруді, күту және дәрігердің қарауы үшін жеке үй-жайды қарастыру қажет; бұл пациенттерге қызмет көрсету кезінде басымдылық берілуі тиіс. 8. Емхана ғимаратында қолжетімді орындарда COVID-19 профилактикасы үшін қол гигиенасын сақтау қажеттілігі туралы ақпарат орналастыру, COVID-19 профилактикасы шаралары бойынша көрнекі құралдарды таратуды қарастыру. 9. Медицина қызметкерлері мен халық үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде шаралар қабылдау: - емхананың әрбір келушісі ықтимал қауіпті ретінде ескерілуі тиіс, осыған байланысты медицина қызметкерлерін респираторлық инфекциялардан қорғау шараларын сақтау қажет; - егу кабинеттерінде медицина қызметкерлерінің жеке гигиенасын сақтау үшін жағдай жасау, сондай-ақ келушілердің қол жууына жағдай жасау; - халық үшін қолжетімді орындарда медициналық қалдықтарды (пайдаланылған маскалар, қолғаптар, сулықтар және т.б.) қауіпсіз жинау және кәдеге жарату үшін контейнерлер орнату. 10. Егер вакцинаның кезекті дозасын енгізу қандай да бір себеппен кешіктірілсе, вакцинацияны қайтадан бастау қажеттілігі жоқ, вакцинаның келесі дозасын мүмкіндігінше тезірек енгізу қажет. 11. Вакциналарды енгізу арасындағы аралық № 361 бұйрықтың талаптарына сәйкес сақталады: егер вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттар сол бір күнде енгізілмесе, тірі вакциналарды енгізу арасындағы аралық кемінде төрт апта сақталады; тірі және инактивацияланған вакциналарды енгізу арасындағы аралық сақталмайды. 12. Қазіргі уақытта COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды және COVID-19 жағдайларымен байланыста болған адамдарды вакцинациялау үшін белгілі медициналық қарсы көрсетілімдер жоқ, сондай-ақ вакцинациялау кезінде балалардың COVID-19-ды жұктыру қаупінің артуы немесе вакцинацияның ауру ағымына әсері туралы деректер жоқ, яғни COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдар және клиникалық белгілері жоқ байланыста болған адамдар әдеттегідей вакцинацияланады.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 6-Қ қаулысының 53 қосымшасы
COVID-19 қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыру және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлау алгоритмі
1-бөлім. COVID-19 қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыру 1. ПТР әдісімен тестілеу диагностикалық, профилактикалық мақсатта және COVID-19 эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүргізіледі. 2. ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуге жататын контингентті жоспарлау және тексеру жиілігі осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес жүргізіледі. 3. COVID-19-ға тестілеуге жататын контингент ПТР әдісімен жоспарлауды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - АД) тиісті аумақтың денсаулық сақтау басқармаларымен (бұдан әрі - ДСБ) келісім бойынша айына, аптасына және күнге жоспар жасай отырып, 3 айға жүргізеді. 4. АД басшысы ДСБ келісімі бойынша ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу өткізетін зертханалардың тізбесін және әрбір зертхана үшін қуатын ескере отырып, кемінде бір апта мерзімге тестілеуге арналған контингентті бекітеді. 5. ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуге жататын контингенттің жоспарын тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері бекітеді. 6. Осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тестілеуге жататын адамдардың тегі бойынша тізімін ұйым басшылары АД аумақтық басқармасына ұсынады, ол қортынды ақпаратты АД-ға жібереді. 7. Меншік нысанына қарамастан, тестілеуді өткізуге жіберуді және COVID-19-ға материалдар алуды жүзеге асыратын АД, зертханалар мен медициналық ұйымдар осы қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес зерттелетін адамның барлық деректерін толтыра отырып, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеуге жолдаманы толтыруға және электрондық жолдаманы ҰСО Бірыңғай интеграциялық порталында (бұдан әрі - БИП) тіркеуді (рұқсат берілген сәттен бастап) қамтамасыз етуге міндетті. 8. Меншік нысанына қарамастан, ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу жүргізуді жүзеге асыратын зертханалар мен медициналық ұйымдар 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесін және ұсынылған нысан бойынша есепті АД мен ДСБ-ға ұсынады. 9. АД-ы COVID-19 барлық жаңа жағдайларын есепке алуды және тіркеуді және аурудың нәтижесін тіркеуді жүргізеді. 10. АД өз құзыретінің шегінде зерттеу нәтижелерін салыстыру, COVID-19 тестілеуді ұйымдастыру процесін бағалау үшін меншік нысанына қарамастан, ПТР әдісімен тестілеуді өткізетін зертханаларға және медициналық ұйымдарға мониторингтік бару жүргізуге құқылы. 11. COVID-19-да тестілеуді жүзеге асыратын меншік нысанына қарамастан зертханалар мен медициналық ұйымдар мониторингтік баруларға АД рұқсат беруі және COVID-19-да тестілеуді өткізу мәселелері бойынша сұратылған ақпаратты ұсынуы тиіс. 12. COVID-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен медициналық ұйымдар зертханалық ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі - АЖЖ) ҰСО-ның ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етуі және зерттеу нәтижелерін бірыңғай есепке алуды қамтамасыз ету үшін ҰСО-ның талаптарына сәйкес COVID-19 (әрбір зерттеу бойынша) жүргізілген зерттеулер нәтижелерін беруді қамтамасыз етуі тиіс. 13. ҰСО меншік нысанына қарамастан, covid-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен медициналық ұйымдардың зертханалық ақпараттық жүйелерін ҰСО БИП-мен интеграциялауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және үйлестіреді. 14. ҰСО-ы тестілеу нәтижелерін электрондық форматта және зерттеу хаттамаларын қағаз тасығыштарда салыстыру мақсатында АД үшін ҰСО АЖ-ға қолжетімділікке рұқсат береді. 15. Тиісті контингентті тестілеуді ұйымдастыру үшін бақылау, мониторинг және есеп беру АД басшысына жүктеледі. 16. ПТР әдісімен тиісті контингентті тестілеуді орындау бойынша есептілікті зертханалар меншік нысанына қарамастан АД-ға ұсынылған нысанға сәйкес күн сайын 2 реттен кем емес (сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, сағат 18-ден 19.00-ге дейін) ұсынады. 17. АД басшысы күніне кемінде 2 рет (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, сағат 20-дан 21.00-ге дейін) бұлттық қоймаға ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуге жататын контингенттің есебін жинақтау, ұсыну бойынша жауапты адамды анықтайды. 18. ҚР ДСМ ҚДСҰО-ы ПТР әдісімен COVID-19 тестілеу өткізу мониторингі бойынша есеп беру нысандарын әзірлейді, бұлттық қоймаға орналастырады және АД-ның қолжетімділігін қамтамасыз етеді. 19. ҚР ДСМ ҚДСҰО-ы осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес ПТР әдісімен тестілеуге жататын контингентті тестілеу бойынша жиынтық және ақпаратты өңірлер бөлігінде 2 реттен кем емес (бірінші есеп 8.00 с., екінші есеп 17.00 с.) ұсынады. 20. ҚДСҰО-ы, ҰСО-ы COVID-19 диагностика әдістері бойынша зертханалардың мамандарына халықаралық ұсынымдарға (ДДҰ, CDC) сәйкес әдіснамалық көмек көрсетеді, медициналық ұйымдарды іріктеу, сақтау және биоматериалдарды тасымалдау техникасына оқытуды жүргізеді.
I. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тестілеуді ұйымдастыру
21. Инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылғандар және COVID-19 амбулаториялық емдеуде жүрген, ЖРВИ және пневмониялар белгілері бар науқастар:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |