Теріс нәтиже; С бақылау аймағында тек бір түсті сызық пайда болады. Т тест сызығы аймағында түрлі-түсті сызық жоқ.
Валидті емес (жарамсыз) нәтиже; Егер тест аяқталғаннан кейін нәтижелер терезесінде (С) бақылау сызығы көрінбесе, нәтиже жарамсыз болып саналады. Үлгінің жеткіліксіз көлемі, зерттеудің дұрыс жүргізілмеуі немесе мерзімі өткен тесттер бақылау (С) сызығының пайда болмауының неғұрлым ықтимал себептері болып табылады. Үлгіні жаңа тестпен қайта тестілеу ұсынылады.
Экспресс-тесттің сапасын бақылау. Тестке процедуралық бақылау қосылады. Бақылау сызығының (С) аймағында пайда болатын сызық - бұл ішкі процедуралық бақылау. Бұл үлгінің жеткілікті көлемін және процедураның дұрыс әдісін растайды. 6.17 Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері «В» класындағы медициналық қалдықтарға арналған ҚКЖҚ-на пайдаланылған материалды орналастырады, пайдаланылған тест-жолақты және қолғапты «В» класындағы медициналық қалдықтарға арналған ыдысқа кәдеге жаратады; 6.18 Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндіні араластыру режимі бар қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау режимін сақтай отырып, жұмыс беттерін (үстел, орындық немесе кушетка және т.б.) дайын дезинфекциялық ерітінділермен өңдейді; 6.19 Күніне кемінде 2 рет «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндіні араластыру режимі бар нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау ерітіндісін қолдана отырып, үй-жайларды ылғалды жинауды және белгіленген режимге сәйкес кварцтауды жүргізу, кейіннен үй-жайды кемінде 15 минут желдету; 6.20 Жұмыс аяқталғаннан кейін медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешіп, оларды «В» класының қалдықтарына арналған ыдысқа салады; 6.21 ЖҚҚ шешкеннен кейін медицина қызметкері қолды жуудың бекітілген алгоритміне сәйкес қолды жылы сумен және сабынмен мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді; 6.22 Ауысым аяқталғаннан кейін «вирустық инфекциялар кезінде» дезинфекциялау ерітіндісін араластыру режимімен күрделі жинау типі бойынша үй-жайларды (автомобильді) өңдеуді және белгіленген режимге сәйкес кейіннен үй-жайларды (автомобильді) кемінде 15 минут желдетумен кварцтауды жүргізу; 6.23 Экспресс-тесттің оң нәтижесін алған кезде зерттеу жүргізген персонал: 1) тестіленуші адамды хабардар етеді және оң нәтижесі бар пациент туралы медициналық ұйым басшысына немесе ҚР ДСМ СЭБК аумақтық департаментіне 2 сағат ішінде хабарлайтын жауапты адамға хабарлайды; 2) пациентті одан әрі жүргізу тактикасы пациенттің жағдайына сәйкес жүзеге асырылады (оқшаулау жағдайларын қамтамасыз ете отырып, бейінді стационарға емдеуге жатқызу немесе амбулаториялық емдеу). 3) SARS-CoV-2 вирусының таралуы төмен болған кезде жалған оң нәтижелерді болдырмау үшін ЭТ-нің барлық оң нәтижелеріне ПТР әдісімен қосымша тестілеу жүргізіледі. 6.24 Теріс нәтиже алған кезде: 1) COVID-19-ды жоққа шығармайтын және жұқтыру қаупі жоғары белгілері бар адамдарда ПТР-ға биологиялық материал алу жүргізіледі және пациентке ПТР тестілеу нәтижелерін алғанға дейін өзін-өзі оқшаулау қағидаларын сақтай отырып, үйде қалу ұсынылады; 2) ПТР тестілеудің оң нәтижесін алған кезде пациентті жүргізу және хабардар ету тактикасы 6.23-тармаққа сәйкес.
II. ИФТ әдісімен тестілеу
1. ИФТ әдісімен тестілеу зерттеу хаттамасына сәйкес жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясына ұжымдық иммунитетті анықтауға серологиялық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізу кезінде эпидемиологиялық қадағалау мақсатында жүргізіледі. 2. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған материал - бұл қан сарысуы. 3. Биоматериалды алуды денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. 4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ пайдаланылады. 5. Пациенттің қан сарысуы бар шыны түтікшесі науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН. жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы. 6. Қан сарысуы бар шыны түтікше биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып центрифугаланады. Сарысуды аликвотирлеуге жол берілмейді! 7. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді тоңазытқышта 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде сақтау қажет. 8. Пациенттен алынған үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҰСО филиалының зертханасына немесе COVID-19-ға тестілеу үшін айқындалған басқа зертханаға тасымалдау керек. 9. Зертханаларда ҚР-да диагностика жүргізу үшін тіркелген және рұқсат етілген тест-жүйелерді қолдана отырып, ИФТ (ИХЛ/АХЛ) әдісімен COVID-19 антиденелерін анықтау жүргізіледі. 10. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға зерттеу нәтижелері туралы хабарлау және т.б. жүргізіледі. 11. Тестілеуді жүргізетін зертханалар белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есептілікті СЭБКД-не ұсынады. 12. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер және СЭБКД-мен келісім бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, ИФТ (ИХЛ/ЭХЛ) әдісімен үлгілерді референс тестілеуді және референс тестілеу нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД-ны хабарлауды жүргізеді. 13. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілер науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы, басқа зертханаларда алынған зерттеу нәтижесі (бар болса) және т.б. 14. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына, сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына тасымалдау керек. 15. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған референс тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға референс тестілеу нәтижелері туралы хабарлау және т.б. жүргізіледі.
III. ПТР әдісімен тестілеу
1. COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу медициналық ұйымның немесе СЭБК департаментінің аумақтық бөлімшесінің жолдамасы бойынша жүргізіледі. ПТР әдісімен тестілеуге мыналар жатады: 1.1. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша: 1) COVID-19-бен инфекциялық стационарға жатқызылған адамдар; 2) ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар; 3) COVID-19-бен ауыратын науқастармен жақын байланыста болғандар қатарындағы адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда); 4) респираторлық симптомдары және COVID-19-ға ұқсас басқа белгілері бар медицина қызметкерлері; 1.2. Профилактикалық мақсатта: 1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарда Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар; 2) жиналу пункттеріне мерзімдік әскери қызметке шақырылатын адамдар және әскери бөлімдерге келуі бойынша жас буын (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда); 3) әскери бөлімдерден шығу алдында мерзімді әскери қызметтен кейін әскери қызметтен босатылған адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда); 4) стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда); 5) шұғыл емдеуге жатқызу кезінде пациенттер (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда); 6) науқас баланы күту бойынша медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызылатын адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда); 7) емдеуге жатқызу алдында жүкті әйелдер (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда); 8) айына 1 рет гемодиализде болатын пациенттер (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда); 9) ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда); 10) медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда); 11) демалыстан, іссапардан, науқастануына және басқа да себептерге байланысты күнтізбелік 5 және одан да астам күн жұмыс орнында болмаған медицина қызметкері (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда); 12) медициналық ұйымдарда практика басталу алдында медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда). 2. COVID-19-ды анықтау үшін материал аңқа мен мұрын жұтқыншақтан бөлінетін сынама, транстрахеалдық, мұрын жұтқыншақ аспираты, мұрын шайындысы, қақырық болып табылады. 3. Биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының (санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, МСАК, стационарлар қызметкерлері) медицина қызметкері жүзеге асырады. 4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ қолданылады. 5. Жағындылардың үлгілері пластикалық өзектегі синтетикалық материалдан (мысалы: полиэстер немесе дакрон) жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, стационарларда, жұмыс орны бойынша) алынады. 6. Бір науқастан вирустық тасымалдау ортасы бар түтікшеге материал жинау жүзеге асырылуы қажет. 7. Пациенттен алынған үлгі науқастың тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алу күні және симптомдары, келген елі, науқастармен байланыс туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді. 8. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет. 9. ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, пациенттен алынған үлгілерді ҰСО филиалының зертханасына немесе басқа зертханаға тасымалдау керек. 10. Зертханаларда нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен COVID-19-дың спецификалық диагностикасы жүргізіледі. 11. COVID-19-ға тестілеу аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін жіберген ұйымға беру және зерттеу нәтижелері туралы жіберген ұйымға және АД-ға хабарлау жүргізіледі. 12. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, үлгілерге ДДҰ валидациялаған тест-жүйелерінде ПТР реал-тайм әдісімен референттік тестілеу және референттік тестілеудің нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД-не хабарлауды жүргізеді. 13. ҚДСҰО СЭСМҰҒО филиалы COVID-19 зертханалық зерттеулерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында зертханааралық салыстыру сынақтарын (кәсіптік тестілеу), оның ішінде «Сәйкестікті бағалау. Саралауды тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» ISO 17043-2013 стандартының, сондай-ақ ДДҰ-ның Сапаны сыртқы бағалаудың ұлттық бағдарламаларын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарының талаптарына сәйкес ДДҰ-ның ынтымақтасатын зертханасымен бірге жүргізеді. 14. Сапаны сыртқы бағалау (зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіптік тестілеу) тестілеуді эпидемиологиялық мақсатта, профилактикалық мақсатта және эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асыратын зертханалар үшін жүргізіледі. 15. Халықтың жабық ұйымдастырылған топтарында халықты тестілеу топтарын кеңейту қажет болған жағдайда пулға диагностикалық тестілеуді біріктіру жолымен скринингтік зерттеулер жүргізуге жол беріледі. 16. Талдаудың сезімталдығын төмендетуге жол бермеу мақсатында халықтың скринингі үшін пулға диагностикалық тестілерді біріктіру 3-5 үлгіден артық емес ерітуде тестілеуді біріктіруге жол беріледі. 17. Зертханалық скрининг кезінде диагностикалық тестілеу жүргізу және пулға біріктіруді кеңейтуді қатаң түрде валидацияланған әдістеме және сезімталдықтың төмендеуіне жол бермеу негізінде жүргізу керек. 18. Диагностикалық тесттерді нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен талдау жүргізу кезінде ғана пулға біріктіруге жол беріледі. 19. Пулирлеу биологиялық қауіпсіздік талаптары, үлгілерді вортекстеу және пулды 500 мкл көлемінде қалыптастыру және пулды тиісті сәйкестендіру рәсімдері сақтала отырып жүргізіледі. 20. Диагностикалық пулда оң нәтижелер алынған жағдайда пулға біріктірілген әрбір үлгінің жеке диагностикасы жүргізіледі.
IV. SARS CoV-2 вирустарының молекулалық-генетикалық мониторингі
1. Патогендердің генетикалық өзгергіштігін, олардың таралуы мен шығу тегін мониторингілеу үшін екінші буын секвенирлеу әдісін пайдалану диагностикалық тесттерді қоса алғанда, медициналық қарсы шаралардың тиімділігіне әсер етуі мүмкін. 2. Вирустың толық геномдық секвенирлеуін жүргізетін зертханалар ведомстволық тиістілігіне қарамастан: - COVID-19 коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін секвенирлеу нәтижелері туралы ҚР ДСМ хабардар етуі; - нуклеотидтер тізбегін GISAID дерекқорына сақтау беру қажет. 3. ҚДСҰО вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс зертхана GISAID дерекқоры арқылы SARS CoV-2 вирусының мутациясына мониторинг жүргізуі және ҚР ДСМ-ге есеп беруі қажет.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 6-Қ қаулысының 55 қосымшасы
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде меншік нысанына қарамастан, балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) қызмет алгоритмі
Объектіге кіруге рұқсат: 1. Жұмыс ауысымының алдында және байланыссыз термометриясы бар ұйымға қабылдау кезінде және бір күн ішінде (көрсеткіштер бойынша) қызметкерлердің күн сайынғы таңертеңгілік сүзгісін, респираторлық аурулар симптомдарының болуына, оның ішінде отбасы мүшелерінде болуын сұрау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар қызметкерлерді жұмыстан шеттету мақсатында шетелден келген адамдармен қарым-қатынастың болуын қамтамасыз ету, ал COVID-19 жоққа шығармайтын симптомдары бар (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) адамдар үшін оқшаулау және дереу жедел жәрдем шақыру қамтамасыз етіледі. 2. Стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының персоналын (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 айда қоспағанда) жұмысқа жіберу жұмыс басталғанға дейін 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі немесе ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжат бар болған кезде жүзге асырылады. 3. Стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарына келу кезінде әрбір бала мен еріп жүретін ересектерді жанаспайтын термометрлермен журналдарда нәтижелерін ресімдей отырып, термометрия жүргізіледі; 4. Ұйым аумағына бөгде адамдар мен автокөліктердің кіруіне жол берілмейді, арнайы автокөлік лагері аумағына кірген кезде дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз егу, тамақ өнімдерін жеткізуші үшін азық-түлікті қабылдау үшін кіреберісте арнайы алаңды жабдықтауға болады; 5. Арнайы алаңда азық-түлікті қабылдау кезінде одан әрі тасымалдауды лагерь қызметкерлері мобильді құрылғыларды (тачкаларды, тасуларды және т.б.) пайдалана отырып жүзеге асырады. Өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар буып-түйілген түрде жеткізіледі, одан әрі қаптамаға дезинфекция жүргізіледі; 6. Балаларды қабылдауға қатысатын барлық қызметкерлер маскаларда, тамақ өнімдерін қабылдау-беру кезінде - маскалар мен қолғаптарда болуы керек;
Балалар күндіз болатын ұйымдардың жұмыс процесін ұйымдастыру 7. Мектеп жанындағы лагерьлерді ашу карантин кезеңінде санитариялық қағидалардың талаптары мен санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарды қамтамасыз ете отырып, Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттарына (бұдан әрі - Өлшемшарттар) сәйкес жүргізіледі. 8. Әр ауысымды ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі тазалау жұмыстарын жүргізіледі. 9. Барлық ғимараттарға кірер кезде және асханаға кірер алдында қолды өңдеу үшін тері антисептиктерімен қолды өңдеуге арналған дозатор ұйымдастырылады. 10. Сауықтыру ұйымының жұмысы барысында бір рет қолданылатын ыдыспен қамтамасыз етілуіне және кулерлер мен мөлшерлегіштерге өңдеу жүргізуге ерекше назар аудара отырып, ауыз су режимін ұйымдастыруды бақылау күшейтіледі. 11. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды тазалау) жауапты адам анықталады. 12. Күн сайын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күн сайын ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу, міндетті түрде жанасатын беткейлерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын, жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды және т.б. өңдеу жүргізіледі. Балалар үшін үй-жайды тікелей толассыз желдетудің болмауы қамтамасыз етіледі. 13. Респираторлық аурулар симптомдары бар және температурасы жоғары балалар анықталған жағдайда, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары) келгенге дейін немесе «жедел жәрдем» бригадасы келгенге дейін изоляторға немесе арнайы бөлінген үй-жайға дереу оқшаулау қамтамасыз етіледі. 14. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, құралдар қолданылады. 15. Есептік қажеттілікке, алаңға және өңдеу еселігіне байланысты дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры қамтамасыз етіледі. 16. Профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын, желдету режимін сақтау қамтамасыз етіледі.
Стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының (қала сыртындағы лагерьлер, базалар) жұмыс процесін ұйымдастыру 17. Әр ауысымды ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу. 18. Лагерьдің барлық қызметкерлерінің бір пайыздық кіруін жүзеге асыру. 19. Ауысым жұмысы кезеңінде қызметкерлердің лагерьден тыс жерлерге шығу мүмкіндігін болдырмау. 20. Барлық балалардың лагерьге бір мезетте келуі (бір күнде), сондай-ақ ауысым арасындағы кемінде 2 күн үзілісімен бір мезетте шығуы (қорытынды дезинфекция жүргізу үшін) жүзеге асырылады. Келген күнінен кейін балаларды қабылдауға және ауысым кезінде уақытша шығуға тыйым салынады. 21. Тәулік бойы болатын әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінен (мектеп-интернаттар, балалар үйлері және т.б.) балалар үшін жеке кіру және жеке ауысым ұйымдастыру ұсынылады. 22. Әрбір балаға келу кезінде денсаулық жағдайы туралы құжаттар (079/е нысаны Сауықтыру лагеріне баратын оқушыға медициналық анықтама), инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19 бойынша байланыстың жоқ екендігі туралы анықтамалар, келгенге дейін кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19 зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі бар құжат болуы тиіс. Осы тармақтың та.таптары тәрбиеленушілердің өз қала сыртындағы лагерьлерде демалысын ұйымдастырған, сондай-ақ осы мекеменің тәрбиеленушілері болып табылмайтын балаларды бөгде персоналды тартпай қабылдауға жол бермеген жағдайда балалар үйлеріне (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер және т.б.) қолданылмайды. 23. Барлық ғимараттарға кірер кезде және асханаға кірер алдында қолды өңдеу үшін тері антисептиктерімен қолды өңдеуге арналған дозатор ұйымдастырылады. 24. Күн сайын балалар мен қызметкерлерге термометрия жүргізу, бұл ретте балалардың барынша ажыратылуын қамтамасыз ету, олардың жиналуын болдырмау (әр отрядты жанаспайтын термометрлермен қамтамасыз ету) қамтамасыз етіледі. 25. Респираторлық аурулар белгілері бар және жоғары температуралы балалар анықталған жағдайда, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары) келгенге дейін немесе «жедел жәрдем» бригадасы келгенге дейін изоляторға дереу оқшаулау қамтамасыз етіледі. 26. Медицина қызметкерлерінің (дәрігер және медбике) тәулік бойы міндетті болуы қамтамасыз етіледі, медицина қызметкерлерінің санын балалардың санына байланысты есептеу көзделеді. 27. Қажет болған жағдайда штатқа инфекционист-дәрігерді қосу немесе инфекционист-дәрігердің консультациялық көмегін қамтамасыз ету жөніндегі медициналық ұйыммен шарт жасалады. 28. Кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін балаларды орналастыруды ұйымдастырылады. 29. Сауықтыру ұйымының жұмысы барысында бір рет қолданылатын ыдыспен қамтамасыз етілуіне және кулерлер мен мөлшерлегіштерге өңдеу жүргізуге ерекше назар аудара отырып, ауыз су режимін ұйымдастыруға бақылау күшейтіледі. 30. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, сулықтар, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды тазалау) жауапты адам анықталады. 31. Күн сайын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күн сайын ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу, міндетті түрде жанасу беттерін, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын, жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды және т.б. өңдеу қамтамасыз етіледі. Балалар үшін үй-жайды тікелей толассыз желдетудің болмауы қамтамасыз етіледі. 32. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, құралдар қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |