Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың кейбір мәселелері туралы (2010.10.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындар кейіннен олардың мемлекеттік қатысу үлестерін тиісті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге бере отырып, мемлекет жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес кен орындары бойынша өтінімдер берілген күннен бастап екі ай мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде тікелей келіссөздер жүргізсін. 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) әкімдіктерге кең таралған пайдалы қазбалар бойынша өтінімдер берілген күннен бастап екі ай мерзімде осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде тікелей келіссөздер жүргізсін; 4) ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) бір ай мерзімде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жалпы таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдалану құқықтарын алуға арналған өтінімдерін қарауды және оң шешім қабылданған жағдайда екі ай мерзімде тікелей келіссөздер жүргізу жолымен жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтарын беруді қамтамасыз етсін; 6) ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 640 қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 640 қаулысымен 4-2-тармақпен толықтырылды 4-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулының 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сатып алынған акциялардың пакеттерін республикалық меншікке қабылдасын. 5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өкілдерінің жер учаскелерін және кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру жөніндегі комиссиялардың құрамдарына енгізілуін қамтамасыз етсін. 6. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін. 9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы № 1020 қаулысында: акцияларының мемлекеттік пакеттері «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесіндегі 17-тармақ алынып тасталсын. 2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 274 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 22 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 10-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «ӘКК» ҰК» АҚ барлауды, өндіруді және қайта өңдеуді жүзеге асыра алатын пайдалы қазбалар, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемінің тізбесі мынадай мазмұндағы 20, 21, 22, 23, 24 және 25-тармақтармен толықтырылсын:
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 мамырдағы № 376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» «ӘКК» ҰК» АҚ, «Ертіс» «ӘКК» ҰК» АҚ және «Жетісу» «ӘКК» ҰК» АҚ барлауды, өндіруді және қайта өңдеуді жүзеге асыра алатын пайдалы қазбалар, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемінің тізбесі мынадай мазмұндағы 20, 21, 22, 23, 24 және 25-тармақтармен толықтырылсын:
4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлімдегі 8-тармақ алынып тасталсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлімдегі 2-тармақ алынып тасталсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. «Қарағанды полиграфия» акционерлік қоғамы 49%»; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген Бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және 23-тармақпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 23. «Елорда» баспасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны». 5. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 407 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 818 қаулысында: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Каспий» «ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» «ӘКК» ҰК» АҚ барлауды, өндіруді және қайта өңдеуді жүзеге асыра алатын пайдалы қазбалар, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемінің тізбесі мынадай мазмұндағы 20, 21, 22, 23, 24 және 25-тармақтармен толықтырылсын:
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыруларда: 1-тармақтың үшінші, бесінші абзацтарындағы «384-4», «299-10» деген сандар тиісінше «236-8», «229-10» деген сандармен ауыстырылсын.
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулысына 1-қосымша
Мемлекеттік қатысу үлестерін кейіннен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге бере отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылуға жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 640 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.26.12. № 1270 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 2-қосысша өзгертілді
2-қосымша ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-қосымша ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 640 қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулысына 4-қосымша
Жер қойнауын пайдалану құқықтары тікелей келіссөздер жүргізу жолымен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға беруге жататын қатты пайдалы қазбалар кен орындарының тізбесі
«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ
Ақтөбе облысы бойынша: 1. Көкбұлақ темір рудаларының кен орны; 2. Жыланды калийлі тұзы кен орны; 3. Қопа кирлі және битуминозды жыныстар кен орны; 4. Дөңгелексор кирлі және битуминозды жыныстар кен орны; 5. Алашқазған кирлі және битуминозды жыныстар кен орны; 6. Ақшоқы кирлі және битуминозды жыныстар кен орны; 7. Жайсаң қоңыр көмір кен орны; 8. Мамыт қоңыр көмір кен орны; 9. Алтынтас вермикулит рудаларының кен орны; 10. Қурайлы жер асты сулары кен орны. 10-1. Қарағанды сай марганец рудаларының кен орны; 10-2. Көкпекті марганец рудаларының кен орны; 10-3. Өлетті марганец рудаларының кен орны; 10-4. «Авангард» мыс кен орны; 10-5. Көкжарлы мыс кен орны; 10-6. «Жарлыша» мыс кен орны; 10-7. Жыланды мыс кен орны; 10-8. Сарлыбай мыс кен орны.
Батыс Қазақстан облысы бойынша: 10-9. Шалқар тұз құрылымы;
«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ
Шығыс Қазақстан облысы бойынша: 11. «Құмды» шашыранды титан рудаларының кен орны; 12. «Путинцевское» қорғасын-мырыш кен орны. Павлодар облысы бойынша: 13. Сувенир қорғасын-мырыш рудаларының кен орны; 14. «Майқайың Е» қорғасын-мырыш рудаларының кен орны.
«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ
Алматы облысы бойынша: 15. Боғыты вольфрам рудаларының кен орны; 16. Ойқарағай қоңыр көмір кен орны; 17. «Көлжат» қоңыр көмір кен орны.
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ
Маңғыстау облысы бойынша: 18. ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 640 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 19. Қызылқаспақ-Айыржал көмір кен орны. 19-1. «Бескемпір» темір рудаларының кен орны.
Атырау облысы бойынша: 20. Индер бром кен орны; 21. Ақши кирлі және битуминозды жыныстар кен орны; 22. Көлжан кирлі және битуминозды жыныстар кен орны.
«Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша: 23. Леңгір көмір кен орны; 24. Иірсу темір рудасы кен орны; 25. Абайыл темір рудасы кен орны.
Жамбыл облысы бойынша: 26. Бурылтас қорғасын-мырыш рудаларының кен орны.
«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ
Қарағанды облысы бойынша: 27. Шөптікөл мыс және полиметалдар кен орны; 28. Батыстау вольфрам және полиметалдар кен орны; 29. Бестөбе полиметалдар кен орны; 30. Қужал полиметалдар кен орны; 31. Алашпай полиметалдар кен орны; 32. Орта Қытай темір марганец рудалары кен орны; 33. Қытай темір марганец рудалары кен орны; 34. Байназар вольфрам кен орны; 35. Шұбаркөл Орта және Төменгі көкжиек көмір кен орны; 36. Алайғыр волластонит кен орны; 37. «Сюрприз» волластонит кен орны; 38. Құбасадыр нефелин сиениттері кен орны; 39. Қызылтал қоңыр көмір кен орны; 40. Жалын көмір кен орны. 40-1. Қарағанды көмір бассейнінің «Долинская» шахтасы.
«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ
Қостанай облысы бойынша: 41. Ломоносов темір кен орны. 41-1. Приозерный боксит кен орны; 41-2. Құшмұрын боксит кен орны; 41-3. Көктал боксит кен орны; 41-4. Батыс-Обаған кен орны; 41-5. Тарутинск мыс-порфир рудаларының кен орны.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша: 42. Славян ұсақ тау жыныстары, титан-цирконий рудаларының кен орны.
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен 5-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-қосымша ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 640 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-қосымша өзгертілді
6-қосымша ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 640 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-қосымша өзгертілді
7-қосымша ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен 8-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулысына 8-қосымша
Жер қойнауын пайдалану құқықтар тікелей келіссөздер жолымен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілуге тиіс кең таралған пайдалы қазбалар кен орындарының тізбесі
«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ
Ақтөбе облысы бойынша: 1. «Мұғалжар» тығыз қорытылатын басшық кен орны; 2. «Қырғыз» кремнилі шикізат кен орны; 3. «Мұғалжар» кварц пен кварциттер кен орны; 4. «Қорған-Тұз өзені» ас тұзы кен орны; 5. «Қурайлы» керамзит шикізаты кен орны; 6. «Сазды» керамзит шикізаты кен орны; 7. «Тамды» керамзит шикізаты кен орны; 8. «Алға» құрылыс кұмы кен орны; 9. «Ақтөбе» кұрылыс құмы кен орны; 10. «Ұлғайсын II» кұрылыс тасы кен орны; 11. «Мамыт» құрылыс тасы кен орны; 12. «Анастасьев» кұрылыс тасы кен орны; 13. «Мәртөк» кірпіш шикізаты кен орны; 14. «Әлімбетов» кірпіш шикізаты кен орны; 15. «Ильичев» кірпіш шикізаты кен орны; 16. «XXII партсъезд» кірпіш шикізаты кен орны; 17. «Ембі» кірпіш шикізаты кен орны; 18. «Родников» минералдық бояулар кен орны; Батыс Қазақстан облысы бойынша: 19. «Федоров» қыш сазы кен орны; 20. «Бөрілі - II» бор кен орны; 21. «Ақсай» бор кен орны; 22. «Ақсуат» цемент шикізаты кен орны; 23. «Түксай» керамзит шикізаты кен орны; 24. «Рубежин-Шолпан» құм-киыршықтас қоспасы кен орны; 25. «Орал» (Жаңа карьер) құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 26. «Қарабек» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 27. «Орал» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 28. «Шыңғырлау» (Миргородское) құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 29. «Дмитров» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 30. «Цыганов» құрылыс құмы кен орны; 31. «Коловертнов» құрылыс құмы кен орны; 32. «Бурлы» құрылыс құмы кен орны; 33. «Қазақстан» кірпіш шикізаты кен орны; 34. «Косубинское» кірпіш шикізаты кен орны; 35. «Чапаев-2» кірпіш шикізаты кен орны; 36. «Ақбұлақ» кірпіш шикізаты кен орны; 37. «Ұлғайсын-2» құрылыс тасы кен орны;
«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ
Шығыс Қазақстан облысы бойынша: 38. «Овечье» құрылыс құмы кен орны; 39. «Семей -1» құрылыс құмы кен орны; 40. «Жаңа-Таубин» цемент шикізаты кен орны; 41. «Алексеев» кірпіш шикізаты кен орны; 42. «Ландманов» кірпіш шикізаты кен орны; 43. «Бурабай» кірпіш шикізаты кен орны; Павлодар облысы бойынша: 44. «Беловод» кірпіш шикізаты кен орны; 45. «Ертіс II» кірпіш шикізаты кен орны; 46. «Қадырбай» кірпіш шикізаты кен орны; 47. «Шарбақты» кірпіш шикізаты кен орны; 48. «Ковыльное» құрылыс тасы кен орны; 49. «Придорожное» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 50. «Харьков» құрылыс құмы кен орны; 51. «Шекарашы» цемент шикізаты кен орны;
«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ
Алматы облысы бойынша: 52. «Таусүгір» кірпіш шикізаты кен орны; 53. «Рославлев» кірпіш шикізаты кен орны; 54. «Амангелді» кірпіш шикізаты кен орны; 55. «Бақанас» кірпіш шикізаты кен орны; 56. «Тельман» кірпіш шикізаты кен орны; 57. «Еркін» кірпіш шикізаты кен орны; 58. «Жансүгіров» кірпіш шикізаты кен орны; 59. «Развильнен» кірпіш шикізаты кен орны; 60. «Жансүгіров-3» кірпіш шикізаты кен орны; 61. «Көктал» кірпіш шикізаты кен орны; 62. «Құрғақ-өзен» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 63. «Карьер КСМК» құм-киыршықтас қоспасы кен орны; 64. «Сарытауқұм» құм-киыршықтас қоспасы кен орны; 65. «Қарасаз» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 66. «Жалаңаш» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 67. «Беже» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 68. «Беже-ІІ» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 69. «Шолақ» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 70. «Комсомол» кұм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 71. «Антонов» құм-қиыршыктас қоспасы кен орны; 72. «Айнабұлақ» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 73. «Лепс» құрылыс тасы кен орны; 74. «Ақтоғай» құрылыс тасы кен орны; 75. «Қызбұлақ» әрлеу тасы кен орны; 76. «Тополев» әрлеу тасы кен орны;
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ
Маңғыстау облысы бойынша: 77. «№ 5 Карьер» керамзит шикізаты кен орны; 78. «№ 6 Разъезд» кескіш тас кен орны; 79. «Қызылсай» құрылыс тасы кен орны; 80. «Орпа» бор кен орны; 81. «Қарамандыбас» бентонит балшығы кен орны; 82. «Ақсай» бентонит балшығы кен орны; 83. «Қайылы соры» ас тұзы кен орны; Атырау облысы бойынша: 84. «Индер» гипс кен орны; 85. «№ 98 Индер» гипс кен орны; 86. «Южный» учаскесі «Индер II» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 87. «Жаман-Индер» құрылыс құмы кен орны; 88. «Ганюшкин» кірпіш шикізаты кен орны; 89. «Соколок 1» кірпіш шикізаты кен орны; 90. «Соколок 2» кірпіш шикізаты кен орны; 91. «Алғабас» кірпіш шикізаты кен орны; 92. «Гурьев II» кірпіш шикізаты кен орны; 93. «Мақат» бентонитті балшық кен орны; 94. «Индер (Ақ шашыранды)» ас тұзы кен орны;
«Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша: 95. «Ақтас» кірпіш шикізаты кен орны; 96. «Киров» кірпіш шикізаты кен орны; 97. «Маяқұм» кірпіш шикізаты кен орны; 98. «Қожа-Тоғай» кірпіш шикізаты кен орны; 99. «Шаян» кірпіш шикізаты кен орны; 100. «Киров» (Қарамұрт ауылы) кірпіш шикізаты кен орны. 101. «Арыс» кірпіш шикізаты кен орны; 102. «Зертас» кірпіш шикізаты кен орны; 103. «Батыс Кентау» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 104. «Сарыбай» құрылыс тасы кен орны; Жамбыл облысы бойынша: 105. «Бостандық» кірпіш шикізаты кен орны; 106. «Байқадам» кірпіш шикізаты кен орны; 107. «Георгиев» кірпіш шикізаты кен орны; 108. «Тамды» кірпіш шикізаты кен орны; 109. «Қызыл Октябрь» кірпіш шикізаты кен орны; 110. «Молдыбай» кірпіш шикізаты кен орны; 111. «Бөрне» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 112. «Новоиванов» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны; 113. «Шоқпар» кірпіш шикізаты кен орны; 114. «Жастар-ІІ» кірпіш шикізаты кен орны; 115. «Жаңатас» кірпіш шикізаты кен орны; 116. «Шатыркөл» кірпіш шикізаты кен орны; 117. «Ақбақай» әрлеу тасы кен оны; 118. «Тұранғы-3» гранит кен орны; Қызылорда облысы бойынша: 119. «Александров» кірпіш шикізаты кен орны; 120. «Арал маңы» кірпіш шикізаты кен орны; 121. «Бірінші май» кірпіш шикізаты кен орны; 122. «Сырдария» кірпіш шикізаты кен орны; 123. «Тоғызкен» кірпіш шикізаты кен орны; 124. «Қатынбұлақ» құм-қиыршықтас қоспасы кен орны;
«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ
Ақмола облысы бойынша:
125. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 126. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 127. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 128. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 129. «Талдыкөл» әктас кен орны; 130. «Нововладимиров» әктас кен орны; 131. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 132. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 133. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 134. «Мамай» кұрылыс құмы кен орны; Қарағанды облысы бойынша: 135. «Ақтөбе» құрылыс құмы кен орны; 136. «Көкөзек-1» әрлеу тасы кен орны; 137. «Көкөзек-2» әрлеу тасы кен орны; 138. «Спасское уч.2» құрылыс тасы (гранодиорит) кен орны; 139. «Тоғыз үй» құрылыс тасы кен орны (гранит); 140. «Маман» гипс кен орны; 141. «Көкдомбақ» гипс кен орны; 142. «Қаражал» гипс кен орны;
«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ
Қостанай облысы бойынша: 143. «Комаров» мрамор кен орны; 144. «Острова» кұрылыс құмы кен орны; 145. «Соналық» құрылыс құмы кен орны; 146. «Данилов» кұрылыс құмы кен орны; 147. «Данилов» керамзит шикізаты кен орны; 148. «Спиридонов» құрылыс тасы кен орны; 149. «Козырев» құрылыс тасы кен орны; 150. «Белин» құрылыс тасы кен орны; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша: 151. «Жантайсор» құрылыс тасы кен орны; 152. «Теке көлі» ас тұзы кен орны.
Ескертпе:
|