|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2023.01.05. берілген өзгерістермен)
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 1-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді 1) 43-бап мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын: «1-3. Әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан, оның ішінде осы Кодекстің 43-1, 44, 44-1, 45 және 119-2-баптарына сәйкес берілетін жер учаскелерін беру, сондай-ақ осы Кодекстің 48-бабына сәйкес жер учаскелеріне құқықтарды алу Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.»; 2) 115-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде: «кеден органдары» деген сөздер «кедендік» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтың тармақшасының үшінші абзацы 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді «тіреуіштерді» деген сөзден кейін «, автоматтандырылған өлшеу станцияларын» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді 3) 117-баптың бірінші бөлігіндегі «Әуе көлігінің қажеттеріне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесінің меншік иесімен немесе жер пайдаланушысымен (жалға алушымен) шарт жасасу кезінде бір жыл ішінде үш айдан аспайтын шектеулі кезеңде пайдаланылатын қону алаңдарын қоспағанда, әуе көлігінің мұқтаждарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 121-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) әуеайлақ маңындағы аумақ;». 2-тармақ 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 49-баптың 1-тармағының 39) тармақшасында: «пайдалануды» деген сөз «пайдалану» деген сөзбен ауыстырылсын; «қызметін реттейтін» деген сөздер «қызметі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 3-тармақтың 1) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1) 124-6-бап мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын: «10-2) Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасында көзделген уақытша теңгерімдеуші төлемді есептеу және төлеу қағидаларын теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;»; 3-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді 2) 140-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 18) тармақшасындағы «жол бойында» деген сөздер алып тасталсын. 4-тармақ 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді 4. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне: 491-баптың үшінші бөлігінің 5) тармақшасы «көтеруге» деген сөзден кейін «(суға батқан мүлікті аластауға)» деген сөздермен толықтырылсын. 5-тармақ 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді 5. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне: 141-бап мынадай редакцияда жазылсын: «141-бап. Азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы жұмыскерлердің еңбегін реттеу Азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы жұмыскерлердің еңбегі: 1) ұшу қауіпсіздігіне, оның ішінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуге тікелей байланысты авиация персоналы үшін жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимі ұзақтығының ерекше нормаларын белгілейтін «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодексте реттеледі; Осындай ерекше нормалар азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы халықаралық стандарттар мен нормативтер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделуі мүмкін; 2) авиациялық оқиғалар туралы хабарлайтын немесе есептерде аталатын авиация персоналы мен өзге де жұмыскерлер үшін тәртіптік және (немесе) материалдық жауаптылыққа тартудың ерекше нормаларын; 3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторлары үшін шектеулер мен тәртіптік жазалау түрлерін көздейтін ерекше нормаларды белгілейтін «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодексте реттеледі.». 6-тармақ 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді 6. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 355-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы «көтеру» деген сөзден кейін «(суға батқан мүлікті аластау)» деген сөздермен толықтырылсын. 7. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 28-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде кадрлардағы елішілік құндылық шарттары осы Кодекстің 36-бабының ережелері ескеріле отырып айқындалады.»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың ережелері Каспий немесе Арал теңізінің қазақстандық секторы шегінде толық немесе ішінара орналасқан жер қойнауы учаскелеріндегі күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттарға қолданылмайды.»; 2) 36-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «36-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нысаны мен мазмұны»; мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттарына және пайдалы қазба түріне қарай үлгілік келісімшарттардың мынадай нысандарын бекітеді: 1) күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт; 2) күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт; 3) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт; 4) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт; 5) уран өндіруге арналған үлгілік келісімшарт. 1-2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін күрделі жобаларға мыналар жатады: 1) Каспий немесе Арал теңізінің қазақстандық секторы шегінде толық немесе ішінара орналасқан жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) кез келген көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді көздейтін теңіз жобалары; 2) мынадай: құрамында дәстүрлі емес көмірсутектер қоры болатын; анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын; табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын; табылған кенжатын (кен орны) ұңғыманың оқпанындағы сұйықтықтың тығыздығы 1000 кг/м3 болатын гидростатикалық қысымға қабаттық қысымның қатынасы ретінде айқындалатын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан жоғары аномальдық жоғары қабаттық қысыммен сипатталатын; табылған кенжатын (кен орны) қалыңдығы 100 метрден асатын тұзды шөгінділердің астында орналасатын; табылған кенжатын құрылымдық емес тұтқыштарға жататын параметрлердің кем дегенде біреуі болатын жер қойнауының кез келген учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіруді көздейтін құрлықтағы жобалар; 3) газ немесе газ конденсатының кенжатыны немесе мұнайға қаныққан бөлігі көлемінің үлесі кенжатынның немесе кен орнының жалпы көмірсутектер көлемінің жиырма бес және одан аз пайызы болатын кен орны бар жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді көздейтін құрлықтағы газ жобалары. 1-3. Күрделі жобаға жатқызуға мүмкіндік беретін геологиялық ақпараты жоқ құрлықтағы жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасалады. Мұндай жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 116-бабының 2-тармағында белгіленген барлау кезеңінің ішінде кез келген уақытта төменде көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен: 1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған, кен орнының осы баптың 1-2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген күрделі жобалар өлшемшарттарының кем дегенде біреуіне сәйкестігін растайтын, геологиялық қорларды жедел есептеу жөніндегі есеппен; 2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған, кен орнының осы баптың 1-2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген күрделі жобалар өлшемшарттарының кем дегенде біреуіне сәйкестігін растайтын, геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есеппен күрделі жобаның мәртебесін растайды. Күрделі жобаның мәртебесін осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының таңдауы бойынша жүргізілген растау түпкілікті болып табылады және барлау кезеңінің тиісті келесі кезеңдерінде және (немесе) өндіру кезеңінде қосымша растауды талап етпейді. Күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі ішінде күрделі жобаның мәртебесі расталмаған жағдайда, өндіру кезеңіне өту кезінде мұндай келісімшарттың талаптары осы Кодекстің 119-бабына сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес келтірілуге тиіс. 1-4. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша табылған кен орындарынан ең болмағанда бір кен орны осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген күрделі жоба өлшемшарттарының біріне сәйкес келсе, мұндай кен орындарына осы Кодекстің күрделі жобалар үшін белгіленген ережелері күрделі санаттарға жататын кен орнының (кен орындарының) бастапқы алынатын көмірсутек қорлары үлесінің келісімшарт бойынша табылған барлық кен орындарының бастапқы алынатын қорларының жартысынан астамын құрау шартымен қолданылады.»; 2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта қамтылатын міндетті шарттардың қатарына мыналар жатады:»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт мынадай шарттарды қамтуға тиіс: 1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрі; 2) келісімшарттың қолданылу мерзімі; 3) жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) шекаралары; 4) жер қойнауын пайдаланушының жұмыстар (қосымша жұмыстар) бағдарламасында көзделген, барлау кезеңіндегі жер қойнауы учаскесіндегі жылдар бойынша жұмыстардың көлемдері, түрлері және мерзімдері бойынша міндеттемелері; 5) жер қойнауын пайдаланушының өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелері; 6) жер қойнауын пайдаланушының өндіру кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша міндеттемелері; 7) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелері және осындай міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілдері; 8) жер қойнауын пайдаланушының өндіру кезеңінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар бойынша міндеттемелері; 9) салық салу және кедендік әкету баждарын төлеуден босату шарттары; 10) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылығы; 11) кадрлардағы елішілік құндылықтың үлесі; 12) тиісті күрделі жобаға осындай талап қолданылған жағдайда жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықтың үлесі; 13) келісімшарттың қолданылу мерзімін өзгерту және ұзарту шарттары мен тәртібі; 14) дауларды шешу тәртібі; 15) көмірсутектердің ірі кен орындары үшін осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделген міндеттеме; 16) жер қойнауын пайдалану құқығы берілген және (немесе) тиісті үлгілік келісімшартта көрсетілген өзге де шарттар.»; 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты қоспағанда, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі онда дәйекті түрде бекітілген барлау кезеңімен, дайындық кезеңімен (қажет болған кезде) және өндіру кезеңімен айқындалады. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі бірлескен болып табылады және осы Кодекстің 116-бабының 2-тармағына сәйкес бастапқы барлау кезеңін, бағалау кезеңін және сынап пайдалану кезеңін қамтитын барлау кезеңінен және ірі кен орындары үшін осы Кодекстің 119-бабының 1-1-тармағында көзделген өндіру кезеңінен тұрады. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты қоспағанда, көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі онда дәйекті түрде бекітілген дайындық кезеңімен және өндіру кезеңімен айқындалады. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі осы Кодекстің 119-бабының 1-1-тармағына сәйкес айқындалатын өндіру кезеңінің мерзімі негізінде белгіленеді. 5. Егер жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайларының дәлелдемелерін ұсынатын болса, құзыретті орган барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың, өндіруге арналған келісімшарттың, күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың немесе күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін осындай мән-жайлардың әсер ету мерзіміне ұзартады.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттағы кадрлардағы елішілік құндылық үлесін жер қойнауын пайдаланушы мыналарды: 1) жер қойнауын пайдаланушының басқарушылық және әкімшілік мұқтаждарына қарай оның шетелдік немесе қазақстандық кадрларды қажетсінуін; 2) Қазақстан Республикасының нарығында жер қойнауын пайдаланушының қажеттіліктеріне сәйкес келетін белгілі бір санат бойынша білікті қазақстандық персоналдың болуын; 3) тағылымдаманы қоса алғанда, қазақстандық кадрларды кезең-кезеңімен оқытуды және басшы санаттар бойынша шетелдік кадрларды қазақстандық кадрлармен кейіннен біртіндеп ауыстыруды ескере отырып айқындайды. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартта мамандар мен білікті жұмысшылар бойынша кадрлардағы елішілік құндылықтың ең аз үлесі келісімшартты орындау кезінде тартылған персоналдың тиісті санат бойынша жалпы санының кемінде жетпіс пайызын құрауға тиіс.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Келісімшарт қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Егер жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес иелерінің ең болмағанда біреуі шетелдік, шетелдік заңды тұлға немесе шетел қатысатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылса, онда осындай жер қойнауын пайдаланушымен күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша ағылшын тілінде де жасалады.»; 7-тармақта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген кепілдіктер осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық салу, кедендік реттеу және бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қолданылмайды.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген кепілдіктер күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндірілген шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден уақытша босатуды көздейтін Қазақстан Республикасының кедендік реттеу саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қолданылады.»; 3) 37-бапта: 2-тармақтың 9) тармақшасындағы «өзгертілген жағдайларда жасалады.» деген сөздер «өзгертілген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын: «10) келісімшарт талаптары оның күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа жатқызылуына байланысты өзгертілген; 11) келісімшарт талаптары барлау нәтижелері бойынша күрделі жоба мәртебесінің расталмауына байланысты өзгертілген; 12) осы Кодекстің 36-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда жасалады.»; 8-тармақтағы «9)» деген цифр «12)» деген цифрлармен ауыстырылсын; 4) 38-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) келісімшарт жасалған мерзім өткен;»; 5) 49-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілер құратын немесе айқындайтын, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының өкілі ретінде әрекет ететін заңды тұлға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі кен орны, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша оператор болып табылады. 2. Жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт немесе лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын жалғыз иеленуші болып табылатын тұлға оператор болып тағайындалмайды.»; 6) 55-баптың 2-тармағындағы «Мұндай қамтамасыз етуді ұсыну» деген сөздер «Жер қойнауын пайдаланушының мұндай қамтамасыз етуді ұсынуы» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 56-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда, кепілдікке орай кепілгер Қазақстан Республикасының алдында осы Кодекске сәйкес айқындалатын толық ақшалай соманы төлеу бойынша жауапты болады.»; 2-тармақтың екінші сөйлемі «кепілгерлер» деген сөзден кейін «, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілетін кепілдіктердің ерекшеліктері осы Кодекстің Ерекше бөлігінде белгіленеді.»; 8) 70-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы үшінші абзацындағы «үшін берілетін аумақтардың географиялық координаттары;» деген сөздер «үшін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «күрделі жобалар ретінде көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін берілетін аумақтардың географиялық координаттары;»; 9) 78-бап мынадай редакцияда жазылсын: «78-бап. Жер қойнауын пайдалануға байланысты дауларды шешу тәртібі 1. Жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыруға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес реттелуге жатады. 2. Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша туындаған даулар жер қойнауын пайдаланушының таңдауы бойынша келісімшарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) төрелік регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы немесе одан тысқары жердегі төрелікте шешілуге жатады.»; 10) 95-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өткізу туралы хабархатта осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 11), 13) және 14) тармақшаларын қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, аукционға қатысуға мүдделі тұлғаның аукционға қатысуға арналған өтінішінде осы Кодекстің 36-бабының 5-1-тармағына сәйкес кадрлардағы елішілік құндылық бойынша ең төменгі міндеттемені айқындауы туралы талабы да қамтылуға тиіс.»; 11) 96-баптың 3-тармағы 5) тармақшасындағы «құжат қоса беріледі.» деген сөздер «құжат;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда, осы Кодекстің 36-бабының 5-1-тармағына сәйкес өтініш иесі айқындаған кадрлардағы елішілік құндылық бойынша ең төменгі міндеттемелер қоса беріледі.»; 12) 100-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын; 13) 103-бапта: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компания бекіткен және құзыретті органмен келісілген талаптарға сәйкес келетін, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша инвестициялық қаржыландыруды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт бойынша қол қою бонусын өтеу жөніндегі міндеттемелерді өзіне алған заңды тұлға немесе заңды тұлғалардың консорциумы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның стратегиялық әріптесі болып танылуы мүмкін. Стратегиялық әріптесті ұлттық компания тікелей келіссөздер жүргізуге өтініш берген кезде айқындайды.»; 7-тармақтың бірінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын; 14) 106-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «106-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мынадай жағдайларда: 1) егер күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы қорларды есептеу жөніндегі есебі осы Кодексте көзделген жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған кен орнын анықтамаса; 2) құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын осы бапта көзделген жағдайларда біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатса; 3) жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттың қолданылу мерзімі өткенге дейін жер қойнауының бүкіл учаскесін қайтарса; 4) осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда, өз қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мынадай: 1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметке тыйым салу туралы сот шешімі күшіне енген; 2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған тиісті жобалау құжаттарынсыз көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген; 3) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге алып келген, осы Кодекстің 44-бабы 1-тармағының талаптары бұзылған жағдайларда, біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.»; 15) 110-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа сәйкес көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары мыналар ескеріле отырып, оның ажырамас бөлігі болып табылатын осындай келісімшартқа қосымшада белгіленеді: 1) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша көмірсутектерді барлау немесе өндіру учаскесінің бастапқы кеңістіктік шекаралары мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына сәйкес айқындалады; 2) табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау мақсатында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезінде, сондай-ақ күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша бағалау кезеңіне өту кезінде барлау учаскесінің (учаскелерінің) кеңістіктік шекаралары өздерінің шегінде бағалауды талап ететін табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурлары толық немесе ішінара орналасқан блоктарды қамтиды; 3) табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) сынап пайдалану мақсатында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезінде барлау учаскесінің (учаскелерінің) кеңістіктік шекаралары өздерінің шегінде сынап пайдалануды жүргізу жоспарланып отырған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурлары толық немесе ішінара орналасқан блоктарды қамтиды;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |