Атқару парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 241-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған атқару парағының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті: 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін; 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментінің директорына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 550 бұйрығымен бекітілген
Нысан
АТҚАРУ ПАРАҒЫ
______________________________________________________________________ шешім шығарған соттың атауы және шешім шығарылған күн ______________________________________________________________________ өндіріп алушының (өндіріп алушылардың) деректері, жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), заңды тұлғаның атауы ______________________________________________________________________ борышкердің (борышкерлердің) деректері, жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), заңды тұлғаның атауы ______________________________________________________________________ орындау мәні, талап қою талаптары
Шешім қабылдады/Анықтады: ___________________________________________ сот шешімінің қарар бөлігі сөзбе-сөз көрсетіледі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|