2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы (2016.12.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2014 жылғы 23 шілдедегі «Эксперимент тәртібінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын енгізу туралы» № 417 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мемлекеттік білім беру кәсіпорындарында, басқа да ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Мемлекеттік білім беру кәсіпорындарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын тиісті оқу орындарында орналастыруды; осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін. 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық әкімдігінің 2016.12.01. № 2/1 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Павлодар облысы әкімдігінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|