Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығы
«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген
Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу кезінде қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|