ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Жайылымдар туралы (2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасы 3-бап. Жайылымдардың құқықтық режимі 4-бап. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасының қағидаттары 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті 7-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті 8-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органының құзыреті 9-бап. Ауданның (қалалардағы аудандардан басқа) 10-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қарауына жатқызылған мәселелер 11-бап. Жайылым пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері 12-бап. Жайылым пайдаланушылар бірлестігі (жай серіктестік, консорциум) 13-бап. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар 14-бап. Жайылымдарды беру шарттары 15-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі 16-бап. Шалғайдағы жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі 17-бап. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң жайылымдарды ұтымды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және жайылымдар мен олардың инфрақұрылымының жай-күйін жақсартуға, жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға бағытталған.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аридтік жайылымдар - сиретілген жартылай бұталы, сирек шөптесін өсімдіктері бар шөлді және шөлейтті аумақтарда орналасқан жайылымдар; 2) екпе жайылымдар - шығымдылығы жоғары шалғын өсіру, оларға күтім жасау және ұтымды пайдалану жөніндегі агротехникалық іс-шаралардың ғылыми негізделген жүйесі негізін құрайтын, өнімділігі жоғары жемшөп дақылдары бар жайылымдар; 3) жайылым айналымы - Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды өнімді жағдайда ұстап тұру үшін оларды кезеңділікпен және кезектілікпен пайдалану және оларға күтім жасау жүйесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|