|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Жайылымдар туралы (2023.07.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасы 3-бап. Жайылымдардың құқықтық режимі 4-бап. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасының қағидаттары 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті 7-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті 8-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органының құзыреті 9-бап. Ауданның (қалалардағы аудандардан басқа) 10-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қарауына жатқызылған мәселелер 11-бап. Жайылым пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері 12-бап. Жайылым пайдаланушылар бірлестігі (жай серіктестік, консорциум) 13-бап. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар 14-бап. Жайылымдарды беру шарттары 15-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі 16-бап. Шалғайдағы жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі 17-бап. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң жайылымдарды ұтымды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және жайылымдар мен олардың инфрақұрылымының жай-күйін жақсартуға, жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға бағытталған.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аридтік жайылымдар - сиретілген жартылай бұталы, сирек шөптесін өсімдіктері бар шөлді және шөлейтті аумақтарда орналасқан жайылымдар; 2) екпе жайылымдар - шығымдылығы жоғары шалғын өсіру, оларға күтім жасау және ұтымды пайдалану жөніндегі агротехникалық іс-шаралардың ғылыми негізделген жүйесі негізін құрайтын, өнімділігі жоғары жемшөп дақылдары бар жайылымдар; 3) жайылым айналымы - Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды өнімді жағдайда ұстап тұру үшін оларды кезеңділікпен және кезектілікпен пайдалану және оларға күтім жасау жүйесі; 4) жайылымдар - ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелері; 5) жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 6) жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау - жайылымдардың өнімділігін, шалғынның құрылымы мен құрамын, оның өскен жерлерін, жайылымдарды ауыл шаруашылығы жануарларының сан алуан түрін жаю үшін пайдалану мүмкіндігін, жайылымдардағы шөптесін және ағашты-бұталы өсімдіктердің сапасын айқындау мақсатында жүргізілетін зерттеп-қарау; 7) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары - жайылымдық шалғынның ботаникалық құрамы мен оның өнімділігіне залал келтірмей ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыруға болатын, жайылымдардың жалпы алаңына ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша, жайылымдардың типтері мен табиғи-климаттық аймақтар бөлінісінде өңірлер бойынша түсетін жүктеменің сараланған нормалары; 8) жайылымдардың оты-суының молдығы - жайылымдар алаңының бірлігіне шаққандағы жайылымдық шалғынның өнімділігі; 9) жайылымдарды суландыру - жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруды және персоналды ауызсумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін шахталы және құбырлы құдықтарды, су айдындарын, суат пункттерін және басқа да құрылыстарды салу; 10) жайылымдарды түбегейлі жақсарту - көпжылдық шөптердің және аридтік өсімдіктердің (дақылдардың) шығымдылығы жоғары сорттарын егу арқылы жаңа шалғын өсіру; 11) жайылымдық инфрақұрылым объектілері - құрылыстар, көпірлер, жолдар, суландыру құрылыстары (ұңғымалар, құбырлы және шахталы құдықтар, апандар), мал айдайтын жолдар, малды аялдатуға арналған алаңдар мен суат алаңдары, қойларды тоғытуға арналған ыдыстар, қоралар және қоршалған жерлер, жайылымдардың қоршаулары, шарбақтар (оның ішінде электрлі шарбақтар), ауыл шаруашылығы жануарларын қоршап-бөлшектеп жаюға арналған қашалар, ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық емдеуге арналған өткелектер, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен объектілер, жаңартылатын және баламалы энергия көздері пайдаланылатын объектілер, сумен жабдықтау объектілері және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да түрлері, персоналдың маусымдық тұруына арналған құрылыстар және жайылымдарды күтіп-ұстау мен пайдалану үшін қажетті өзге де мүлік; 12) жайылым пайдаланушы - осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жайылымдарды пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға; 13) маусымдық жайылымдар - жыл мезгілдеріне және (немесе) пайдалану кезеңділігіне сәйкес қолайлы табиғи-климаттық жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін пайдаланылатын жайылымдар; 14) шалғайдағы жайылымдар - елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар.
2-бап. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Жайылымдардың құқықтық режимі Жайылымдардың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының жер, орман, су заңнамасына, Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жердің қандай да бір санатына олардың тиесiлілігі және рұқсат етілген пайдалану тәртібі негiзге алына отырып айқындалады.
4-бап. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасының қағидаттары Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасы мынадай қағидаттарға негізделеді: 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) өсімдіктердің түрлік құрамын сақтай отырып, жайылымдарды ұтымды пайдалану; 2) жеке және заңды тұлғалар үшін жайылымдардың қолжетімді болуы; 3) жайылымдарды беруге және пайдалануға байланысты іс-шараларды жүргізу кезіндегі жариялылық; 4) жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі мәселелерді шешуге жеке және заңды тұлғалардың қатысуы.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) жайылымдарды басқару, суландыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 3) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді; 4) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларын әзірлейді және бекітеді; 5) жайылымдардың, оның ішінде аридтік жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір облыстың аумағындағы шалғайдағы жайылымдарды басқа облыстың ұзақ мерзімді пайдалануына беру туралы ұсыныс енгізеді; 7) жайылымдардың оты-суының молдығы және жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы деректер жинауды жүзеге асырады; 8) жайылымдарды қалпына келтіру, сақтау, ұтымды пайдалану және түбегейлі жақсарту үшін ғылыми-зерттеу, іздестіру, жобалау жұмыстарын ұйымдастырады; 9) жайылымдарды пайдалану және қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне: жайылымдарды ұтымды пайдалану; жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу; жайылымдардың оты-суының молдығы; жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну; 2) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеу және бекіту; 3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
8-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органының құзыреті Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органының құзыретіне: 1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту; 2) ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есебін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен тыңдау; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
9-бап. Ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің құзыреті 1. Ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне: 1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп әзірлеу, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу; 2) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну; 3) жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын әзірлеу және бекіту; 4) жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыру; 5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 2. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері: 1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етеді және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; 2) жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асырады; 3) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларының сақталуын жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп қамтамасыз етеді; 4) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды өздерінің интернет-ресурстарына орналастырады; 5) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерді тиісті аумақтарда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды; 6) облыстың жергілікті атқарушы органына тапталған және тозған жайылымдар туралы ақпарат береді; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздерінің қарауына жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.
10-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қарауына жатқызылған мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдары: 1) ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеуге қатысады; 2) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерін тыңдайды және талқылайды; 3) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ аумақтарының шегінде орналасқан жайылымдарды қайта бөлу мәселесін қарау кезінде қатысады; 4) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруға қатысады; 5) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жайылымдарды беру және пайдалану мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді; 6) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ аумақтарының шегінде жайылымдарды басқару және пайдалану мәселелері бойынша жайылым пайдаланушылармен, жайылым пайдаланушылар бірлестіктерімен (жай серіктестіктермен, консорциумдармен) өзара іс-қимыл жасайды.
11-бап. Жайылым пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері 1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеуге қатысуға; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жайылымдарды беру және пайдалану мәселелері бойынша жергілікті қоғамдастық жиналыстары мен жиындарына қатысуға; 3) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда, жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуды жүзеге асыруға; 4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 1) жайылымдарды беру шарттарына сәйкес жайылымдарды нысаналы мақсаты бойынша ұтымды пайдалануға; 2) жайылым айналымдары схемасын сақтауға; 3) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға; 4) басқа жайылым пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға; 5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
12-бап. Жайылым пайдаланушылар бірлестігі (жай серіктестік, консорциум) 1. Жайылымдарды пайдалану кезінде бірлескен қызметті жүргізу үшін жайылым пайдаланушылар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалатын бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жайылым пайдаланушылар бірлестігін (жай серіктестікті, консорциумды) құруға құқылы. 2. Жайылым пайдаланушылар (жай серіктестікке, консорциумға қатысушылар) өзара келісу бойынша ортақ істерге басшылық жасауды және оны жүргізуді жайылым пайдаланушылардың біріне (жай серіктестікке, консорциумға қатысушыға) тапсыра алады. 3. Бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін жайылым пайдаланушылар - бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар ақшалай немесе басқа мүлікпен немесе тиісінше еңбек үлесі арқылы жарналарды енгізеді. Жайылым пайдаланушылар бірлестігінің (жай серіктестіктің, консорциумның) ортақ мүлкін пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалады. 4. Жайылым пайдаланушылар бірлестігінің (жай серіктестіктің, консорциумның) қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалады.
13-бап. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар 1. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктердің тиісті аумақтарында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю дәстүрі ескеріледі. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және (немесе) ұзақ мерзімді (екі жылға дейін) кезеңдерге бекітілетін нормативтік құқықтық акт болып табылады. 2. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар: 1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын); 2) жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын; 3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картаны; 4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын; 5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын; 6) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын; 7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графикті; 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 7-1) жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картаны; 8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар: жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер; ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер; иелерін - жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер; ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер; шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер; екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері; малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер; мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданады. 3. Жайылымдарды пайдалану жөніндегі қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
14-бап. Жайылымдарды беру шарттары 1. Осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жайылымдар жеке ауланы ұстау, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беріледі. 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1. Осы Заңның 13-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 7-1) тармақшасында көрсетілген жайылымдар жеке меншікке және жер пайдалануға берілмейді және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына ғана пайдаланылады. 2. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды беру кезінде мынадай шарттар ескерілуге тиіс: 1) ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының болуы; 2) жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің болуы және олардың жай-күйі; 3) жер учаскесінің өнімділігі. 3. Екі жыл бойы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары болмаған не олардың саны жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болған және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабу болмаған жағдайда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген тәртіппен алып қоюға жатады. 4. Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын айқындау кезінде басқа ауыл шаруашылығы алқаптарының ішіндегі ұсақ контурлы (қосылған) жайылымдар ескерілмейді.
15-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі 1. Кенттердің және ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша мұқтажын қанағаттандыру үшін беріледі. 2. Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде ғана, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға рұқсат етіледі. Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктменің шекті рұқсат етілетін нормалары асып кеткен кезде Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдар аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде беріледі. 3. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес шалғайдағы жайылымдарға ауыстырылады. 4. Жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау үшін елді мекендер шегінде жайылымдар беру Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің, ал аудан, облыстық маңызы бар қала шегінде - ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шешімдерімен жүзеге асырылады. 5. Бір аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ аумағындағы жайылымдарды басқа аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің пайдалануына беруді аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұсынысы бойынша ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. 6. Бір ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жайылымдарды басқа ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың пайдалануына беруді ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. 7. Бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы жайылымдарды басқа облыстың пайдалануына беруді облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
16-бап. Шалғайдағы жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі 1. Бір облыстың аумағындағы шалғайдағы жайылымдарды басқа облыстың ұзақ мерзімді пайдалануына беруді уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. 2. Бір ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы шалғайдағы жайылымдарды басқа ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың ұзақ мерзімді пайдалануына беруді ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. 3. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарда айқындалатын қашықтықтағы шалғайдағы жайылым учаскелеріне тікелей жақын орналасқан елді мекен аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалардың немесе елді мекен аумағында тіркелген заңды тұлғалардың және ауыл шаруашылығы жануарлары осы Заңның 15-бабының 3-тармағына сәйкес ауыстырылатын, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарды беруде артықшылықты құқығы бар. 4. Шалғайдағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын жайылым пайдаланушылардың табиғи су айдындарына және бюджет қаражаты есебінен салынған суландыру құрылыстарына тең қол жеткізу құқығы бар.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасы3-бап. Жайылымдардың құқықтық режимі4-бап. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасының қағидаттары5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті6-бап. Уәкілетті органның құзыреті7-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті8-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органының құзыреті9-бап. Ауданның (қалалардағы аудандардан басқа)10-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қарауына жатқызылған мәселелер11-бап. Жайылым пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері12-бап. Жайылым пайдаланушылар бірлестігі (жай серіктестік, консорциум)13-бап. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар14-бап. Жайылымдарды беру шарттары15-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі16-бап. Шалғайдағы жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі17-бап. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |