|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2024 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 3-бап. Трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру 4-бап. Уәкілетті органдардың өкілеттіктері 5-бап. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері 5-1-бап. Халықаралық топқа қатысу туралы өтініш 7-бап. Трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік 7-4-бап. Салық салу мақсатында трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті пайдалану 8-бап. Уәкілетті органдардың басқа ұйымдармен өзара іс-қимылы 9-бап. Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу 10-бап. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету 11-бап. Тараптардың өзара байланыстылығын айқындау 12-бап. Нарықтық бағаны айқындау әдістері 13-бап. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі 14-бап. «Шығындарға қосу» әдісі 15-бап. Кейіннен өткізу бағасы әдісі 17-1-бап. Бағалар ауқымы мен рентабельділік (маржа) ауқымын айқындау тәртібі 17-2-бап. Рентабельділікті айқындау тәртібі 18-бап. Нарықтық бағаны айқындау үшін пайдаланылатын ақпарат көздері 20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мемлекеттік кіріс ысырабын болдырмау мақсатында трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпарат көздерінен алынған баға - ресми танылған ақпарат көздерінен, биржалық белгіленімдер туралы деректерден, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған баға; 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) бағалар ауқымы - осы Заңның 17-1-бабында көзделген тәртіппен белгіленетін, салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» қағидатына сәйкес айқындалған нарықтық бағалардың бірқатар мәндері; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2-1) бақылау - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес айқындалатын бақылау. «Бақылау» деген ұғым трансферттік баға белгілеу бойынша есептіліктің мақсаттары үшін пайдаланылады; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) белгіленім кезеңі - мәміле шарттарына сәйкес мәміле тараптары тиісті биржалық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнін айқындайтын кезең ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуге арналған келісімшартта белгіленген, бірақ биржадағы баға белгіленімдері жарияланған, қатарынан күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын баға белгілеу кезеңі; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3-1) белгіленім күні - ресми танылған ақпарат көздерінде тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) жарияланған баға белгіленімі бар күн; 4) бірдей тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - өздеріне тән бірдей негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары, сапасы және рыноктағы өтімділігі, шығарған және өндірген елі бар тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер); 5) бірдей (ал олар болмаған жағдайда - біртекті) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тиісті рыногы - нарықтық баға қалыптасатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) межелі (берілетін) рыногы немесе тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) межелі (берілетін) рыногының базасында нарықтық баға объективті түрде қалыптасатын және (немесе) айқындалатын рынок; 6) біртекті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - бірдей болмаса да ұқсас сипаттағы және ұқсас құрамдастардан тұратын, бұл оларға бір ғана функцияларды атқаруға және оларды өзара алмастыруға мүмкіндік беретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер); 7) дифференциал - мәміле бағасын немесе ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері; 8) жеңілдікті салық салынатын мемлекет - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалатын шет мемлекет; 9) комиссиялық (агенттік) сыйақы - мәмілеге қатысушы мен сауда брокері, трейдер немесе агент арасындағы жеке келісімде көзделген, жасалған мәміле сомасы немесе сомасының пайызы түрінде төленетін, тауарды сатып алу-сату, жұмысты орындау, қызметті көрсету бойынша сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің көрсеткен қызметі үшін төлемақы; 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) Қазақстан Республикасының аумағында жасалған, халықаралық іскерлік операцияға тікелей өзара байланысты мәміле - нысанасы халықаралық іскерлік операцияның нысанасы болып табылатын мәміле; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-1) қаржы жылы - халықаралық топтың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалатын кезең; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 10-2) қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық салдар - ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп тудыратын, сондай-ақ ұлттық экономиканың орнықты дамуына қатер төндіретін әлеуметтік және экономикалық салдардың жиынтығы; 11) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесі - мәміле бағасының қолданылу негізділігін растайтын және уәкілетті органдарға берілетін құжаттар мен ақпарат; 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) «қол созу» қағидаты - өзара байланысты тараптар арасындағы мәмілелер шарттарын осы Заңда белгіленген тәртіппен айқындалатын нарықтық баға бойынша мәмілелерді жүзеге асыратын тәуелсіз тараптар арасындағы мәмілелер шарттарымен салыстыру негізінде бағалар (маржа, рентабельділік) ауқымын ескере отырып, нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын қағидат; 13) маржа - тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі мәмілелерді жүргізу нәтижесінде сауда брокері, трейдер немесе агент алатын сома; 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) маржа ауқымы - осы Заңның 17-1-бабында көзделген тәртіппен белгіленетін, салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» қағидатына сәйкес айқындалған нарықтық маржаның бірқатар мәндері; 15) мәміле бағасы - осы Заңмен реттелетін мәмілені жасау кезінде мәмілеге қатысушылар қолданатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы; 16) мәмілеге қатысушы - осы Заңмен реттелетін мәмілені жасасқан жеке немесе заңды тұлға; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17) тармақша жаңа редакцияда 17) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік - трансферттік бағаларды қолдана отырып есепті кезең ішінде жасалған мәмілені қоса алғанда, уәкілетті орган бекітетін тәртіп пен нысанға сәйкес мәмілеге қатысушы жыл сайын мемлекеттік кіріс органдарына ұсынатын мәмілелер бойынша деректер; 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) 17-1) медианалық мән - тақ сандар жиынының ортасындағы мән немесе жұп сандар жиынының ортаңғы екеуінің орташа арифметикалық мәні; 18) нарықтық баға - «қол созу» принципіне сәйкес айқындалатын салыстырымды экономикалық шарттарда бірдей (ал олар болмаған жағдайда - біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылы кезінде қалыптасқан тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы; 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) 18-1) нарықтық рентабельділік - «қол созу» қағидатына сәйкес айқындалатын салыстырымды экономикалық шарттарда қалыптасқан рентабельділік; 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) 18-2) рентабельділік - осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген әдістерді қолдану үшін пайдаланылатын және бухгалтерлік есепке алу және (немесе) қаржылық есептілік деректері негізінде айқындалатын қаржылық көрсеткіш; 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19) рентабельділік ауқымы - осы Заңның 17-1 және 17-2-баптарына сәйкес айқындалатын, салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» қағидатына сәйкес айқындалған нарықтық рентабельділіктің бірқатар мәндері; 20) 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21) салықтар бойынша жеңілдіктер - салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша салық міндеттемелерінен босату (оларды азайту), инвестициялар жөніндегі келісімшартқа сәйкес инвестициялық салық преференцияларының болуы немесе қызметті арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асыру; 22) салыстырымды экономикалық шарттар - егер мұндай шарттар арасындағы айырмашылық бағаға ықпал етпесе немесе мәмілелердің шарттарын осы Заңға сәйкес салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру мақсатында түзету мүмкін болса, бірдей (ал олар болмаған жағдайда - біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы мәмілелердің шарттары; 23) сауда брокері, агент - мәмілеге қатысушымен жасалған агенттік келісімнің шарттарына сәйкес делдалдық қызмет көрсетулерді орындайтын тұлға; 24) сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы - сауда-делдалдық қызмет көрсетулерді жүзеге асырғаны үшін мәміле тараптары бірінің ақшалай сыйақы немесе тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу бағасына жеңілдіктер беру (бағаны кеміту) нысанындағы өтеуі; 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25) трансферттік баға (трансферттік баға белгілеу) - өзара байланысты тараптар арасында қалыптасатын және (немесе) тәуелсіз тараптар арасында мәмілелер жасау кезінде бағалар (маржа, рентабельділік) ауқымы ескеріле отырып, объективті түрде қалыптасатын нарықтық бағадан (маржадан, рентабельділіктен) айырмашылығы болатын, осы Заңға сәйкес бақылауға жататын баға; 26) трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім - белгілі бір кезеңге нарықтық бағаны айқындау әдісі және нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі белгіленетін, уәкілетті органдар мен мәмілеге қатысушының арасындағы жазбаша шарт; 27) трейдер - тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде дербес және (немесе) мәмілеге қатысушының тапсырмасы бойынша делдалдық функцияларды жүзеге асыратын тұлға; 28) түпкі тұтынушы - мәмілеге қатысушылармен осындай мәмілеге қатысушылар жүзеге асыратын мәміленің экономикалық нәтижелеріне ықпал ететін ерекше өзара қарым-қатынастары жоқ тәуелсіз тарап; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 28-1) түсім - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілік жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес айқындалатын, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістер; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 29) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы; 30) ұзақ мерзімдік баға - ресми танылған ақпарат көздерінде және (немесе) мәмілеге қатысушылар арасындағы келісімшартта (шартта) белгілі бір кезеңге белгіленген мәміле бағасы; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 30-1) халықаралық топ - осындай халықаралық топтың негізгі компаниясын қоса алғанда, халықаралық топқа қатысушылар болып табылатын, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін тұлғалардың жиынтығы: осы тармақшаның бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлғалар жиынтығының құрамына Қазақстан Республикасының резидентi болып танылатын не Қазақстан Республикасының резиденті болып танылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi құрылымдық бөлiмше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын ең болмағанда бiр тұлға кіреді; бақылау және (немесе) қатысу арқылы өзара байланысты болады; халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына немесе бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес өздеріне қатысты шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалады не қаржылық есептілігі тек қана осындай тұлғалардың мөлшеріне немесе деректерінің елеулілігіне орай шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалған кезде ескерілмейді; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 30-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 30-2) халықаралық топқа қатысушы - мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін тұлға: халықаралық топтың негізгі компаниясы; кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, өзіне қатысты халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалатын не егер осындай тұлғаның бағалы қағаздары қор биржасындағы сауда-саттыққа жіберілген болса, шоғырландырылған қаржылық есептілік (ол болмаған жағдайда) жасалуы мүмкін болған тұлға; кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес қаржылық есептілігі тек қана осындай тұлғаның мөлшеріне немесе деректерінің елеулілігіне орай халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалған кезде ескерілмейтін тұлға; осы тармақшаның екінші және (немесе) үшінші және (немесе) төртінші абзацтарында айқындалған, осындай құрылымдық бөлімшені немесе тұрақты мекемені құрған тұлғаны ішкі бақылау не оның қаржылық, салықтық немесе өзге де реттеушілік есептілігі мақсаттары үшін өзіне қатысты жеке қаржылық есептілік жасалатын тұлғаның құрылымдық бөлімшесі немесе тұрақты мекемесі; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 30-3) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 30-3) халықаралық топқа уәклетті қатысушы - халықаралық топтың негізгі компаниясы болып табылмайтын, бірақ: халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топтың атынан еларалық есептілікті дайындауға және (немесе) ұсынуға уәкілеттік берген және еларалық есептілікті ұсыну бойынша құқықтық қатынастарда халықаралық топтың негізгі компаниясы сияқты құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын, 30-3) тармақшаның үшінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді немесе халықаралық топқа өзге қатысушы халықаралық топтың немесе осындай қатысушының атынан негізгі есептілікті және (немесе) жергілікті есептілікті тиісті өкілеттіктерді берген халықаралық топқа өзге қатысушы резиденті болып табылатын не халықаралық топқа осындай қатысушы кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын мемлекетте (аумақта) дайындауға және (немесе) ұсынуға уәкілеттік берген халықаралық топқа қатысушы. Уәкілетті қатысушы негізгі есептілікті және (немесе) жергілікті есептілікті ұсыну бойынша құқықтық қатынастарда тиісті өкілеттіктерді берген халықаралық топқа өзге қатысушы сияқты құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады. Осы Заңда реттелетін құқықтық қатынастарда халықаралық топқа уәкілетті қатысушының әрекеттері (әрекетсіздігі) халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға тиісті өкілеттіктер берген халықаралық топқа қатысушының әрекеттері (әрекетсіздігі) болып танылады; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 30-4) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 30-4) халықаралық топтың негізгі компаниясы - бір мезгілде мынадай шарттарды қанағаттандыратын халықаралық топқа қатысушы: осындай қатысушы халықаралық топқа басқа қатысушылардың жарғылық капиталына тікелей және (немесе) жанама қатысады және мұндай қатысудың үлесі халықаралық топқа қатысушыларға қатысты шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау үшін жеткілікті шаманы құрайды; осындай қатысушының үстінен басқа негізгі компания болмайды; халықаралық топқа бірде-бір өзге қатысушы осы тармақшада көрсетілген барлық шарттарды бір мезгілде қанағаттандырмайды; 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 31) халықаралық іскерлік операциялар - мәмілеге қатысушының бірі Қазақстан Республикасында тіркелмеген бейрезидент болып табылатын және мәмілеге қатысушының екіншісі Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын мәмілелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары жерлерде жасаған мәмілелері; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 32) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 32) шоғырландырылған қаржылық есептілік - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілік жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес жасалатын, халықаралық топтың негізгі компаниясының және халықаралық топқа басқа да қатысушылардың активтері, міндеттемелері, капиталы, кірістері, шығыстары және ақша ағындары бір тұлғаның активтері, міндеттемелері, капиталы, кірістері, шығыстары және ақша ағындары ретінде ұсынылған халықаралық топтың қаржылық есептілігі.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді 3-бап. Трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру 1. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау (бұдан әрі - бақылау) мынадай: 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) халықаралық іскерлік операциялар бойынша; 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасының аумағында жасалған, мынадай: тараптардың бірі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген, өткізілетін пайдалы қазбалар бойынша; тараптардың бірінде салықтар бойынша жеңілдіктер болатын; тараптардың бірі мәмілелер жасасатын жылдың алдындағы соңғы екі салықтық кезең ішінде салық декларацияларының деректері бойынша залал шегетін; тараптарда корпоративтік табыс салығының әртүрлі мөлшерлемесі болатын халықаралық іскерлік операцияларға тікелей өзара байланысты мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. 2. Бақылау уәкілетті органдардың: 3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де рәсімдерді жүргізуі арқылы жүзеге асырылады. 3. 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. 2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Уәкілетті органдардың өкілеттіктері 1. Уәкілетті органдар бақылауды жүзеге асыру мақсатында: 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) мәмілеге қатысушылардан, мемлекеттік органдардан және үшінші тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нарықтық баға мен дифференциалды айқындауға қажетті ақпаратты, сондай-ақ мәмілелерге мониторинг жүргізу үшін басқа да деректерді сұратуға; 2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) мәмілелер мониторингін жүзеге асыруға; 4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 7) осы Заңның 7-2 және 7-3-баптарында белгіленген жағдайларда, халықаралық топқа қатысушыға есепті қаржы жылы үшін негізгі және (немесе) еларалық есептілікті уәкілетті органға ұсыну туралы талапты жіберуге құқылы. 2. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) осы Заңның ережелері қолданылатын мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың құқықтарын сақтауға; 2) мемлекет мүдделерін қорғауға; 3) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын растайтын құжаттарды және дифференциалды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірінің қолданылғаны туралы ақпаратты және қолданылатын бағаның негізділігін растайтын басқа да ақпаратты қарауға; 3-1) мәмілеге қатысушының трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға өтінішін мәмілеге қатысушыдан өтініш алған күннен бастап тоқсан жұмыс күні ішінде қарауға; 3-2) мәмілеге қатысушының өтінішін қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасудан бас тартудың себептерін көрсете отырып, мәмілеге қатысушыға жазбаша жауап жіберуге;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар3-бап. Трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру4-бап. Уәкілетті органдардың өкілеттіктері5-бап. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері5-1-бап. Халықаралық топқа қатысу туралы өтініш6-бап. Мәмілелер мониторингі7-бап. Трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік7-1-бап. Жергілікті есептілік7-2-бап. Негізгі есептілік7-3-бап. Еларалық есептілік7-4-бап. Салық салу мақсатында трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті пайдалану8-бап. Уәкілетті органдардың басқа ұйымдармен өзара іс-қимылы9-бап. Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу10-бап. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету10-1-бап. Жекелеген жағдайларда нарықтық бағаны айқындау және салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету11-бап. Тараптардың өзара байланыстылығын айқындау12-бап. Нарықтық бағаны айқындау әдістері13-бап. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі14-бап. «Шығындарға қосу» әдісі15-бап. Кейіннен өткізу бағасы әдісі16-бап. Пайданы бөлу әдісі17-бап. Таза пайда әдісі17-1-бап. Бағалар ауқымы мен рентабельділік (маржа) ауқымын айқындау тәртібі17-2-бап. Рентабельділікті айқындау тәртібі18-бап. Нарықтық бағаны айқындау үшін пайдаланылатын ақпарат көздері19-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |