Прокуратура органдарына, ведомстволары мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының салалық нормативтерін бекіту туралы
ҚР Бас Прокурорының 2021 жылғы 18 мамырдағы № 69 бұйрығымен күші жойылды
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған прокуратура органдарына, ведомстволары мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының салалық нормативтері бекітілсін. 2. Осы бұйрық облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, Құқық қорғау органдары академиясының, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасының, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Шаруашылық басқармасының мәліметіне жеткізілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің директорына жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 34 бұйрығымен
Прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне салааралық нормативтері
Мазмұны
1.1. Осы сан нормативтері (бұдан әрі - Нормативтер) техникалық қызмет көрсететін және прокуратура органдарының, ведомстволарының және мекемелерінің жұмысын қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер санын белгілеуге арналған. 1.2. Сан нормативтері негізіне мыналар жатады: функциялар матрицалары; озық еңбек әдістерін зерделеу; өндірістік процесс талдауы, оны элементтерге бөлу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|