Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 293 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 293 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3328 болып тіркелген, 2015 жылы 21 қарашада «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-қосымшада: көрсетілген қаулымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 1-тармақтың үшінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын: «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);»; 4-тармақтағы «қызмет стандарттарын бекіту туралы» деген сөздерден кейін» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген)» деген сөздермен толықтырылсын; барлық мәтін бойынша «ХҚО», «ХҚО-ның» деген сөздер сәйкесінше «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияның» деген сөздермен өзгертілсін; 4 бөлімінің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын: «4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»; Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес 1, 2, 3-қосымшалар жаңа редакцияда мазмұндалсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|