Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері (2015.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2015.17.06. № 446 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 372 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.22.08. № 936 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.05. № 581 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.17.06. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі), 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі, «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2015.17.06. № 446 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидалары бекітілсін. ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1268 қаулысымен; 2005.21.04. № 372 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.31.12 № 1329 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.30.05. № 581 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.23.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.17.06. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Мыналар: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары - республикалық меншікке; аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық меншікке жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. 3. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 372 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4. «Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi № 1467 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2011.22.08. № 936 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.23.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.17.06. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған қағидалары
1. Осы Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті (бұдан әрі - мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидалар сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті: 1) тәркіленген мүлікті; 2) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды (бұдан әрі - заттай айғақтар); 3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді (бұдан әрі - көмбелер); 4) жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдар берген, арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрі — сыйлықтар); 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. 4. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған; 2) мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен, сондай-ақ қайтыс болған адамнан мұрагерлікке қалған; 3) олжаларды; 4) қараусыз қалған жануарларды; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде орналастырылған тауарларды; 6) мәдени құндылықтарға жататын заттарды қамтымайтын көмбелерді (көмбедегі үлесті); 7) тәркіленген мүлікті; 8) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. 5. Уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына олар белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысанда мүлік туралы мәліметтерді ұсынады.
2. Мүлікті есепке алу және сақтау
6. Мүлікті есепке алу: 1) тиісті сот актілері; 2) нотариус беретін мемлекеттің мұрагерлікке құқығы туралы куәлік; 3) кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режиміне сәйкес мәлімделген кедендік жүк декларациясы; 4) мемлекет меншігінің құқығы туындағанын растайтын өзге де құжаттар негізінде жүзеге асырылады. 7. Мүлік осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі негізінде беріледі. Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі (бұдан әрі - тізімдеу актісі) онда көрсетілген тараптардың саны бойынша жасалады. 8. Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды алып қойған (берген) сот орындаушылары немесе органдар (тұлғалар) уәкілетті органды немесе жергілікті атқарушы органды мүлікті беру күні, орны және уақыты туралы олардың орындалуына дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып және өзге де (алып қою актілері, сот сараптамасының актілері, атқару парақтары және басқалары) құжаттар болған кезде жазбаша хабарлайды. Мүлікті сот орындаушыларынан немесе мүлікті алып қойған (беретін) органдардан (тұлғалардан) уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға беру мүлікті сақтау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің қатысуымен, уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның тізімдеу актісін жасай отырып белгіленген күні, уақытында және орнында жүзеге асырылады. 9. Тізімдеу актілерін есепке алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы (бұдан әрі - есепке алу кітабы) жүргізіледі. Есепке алу кітабына тізімдеу актілері түсуіне қарай тіркеледі. Есепке алу кітабындағы жазбалар уақтылы, анық және түзетілмей жүргізілуі тиіс. Есепке алу кітабы нөмірленуге, тігілуге және уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның мөрімен бекітілуге тиіс. 10. Тізімдеу актісі есепке алу кітабына енгізілгеннен кейін әр жазбаға мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша түгендеу карточкасы ашылады. Түгендеу карточкасының тақырыбында мүліктің кімге берілгені, сондай-ақ мүлікті беру уақыты туралы мәліметті қамтылуға тиіс. Мүлікті сатқан кезде түгендеу карточкасында бюджетпен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының (тарының) нөмірі мен күні көрсетіледі. Түгендеу карточкасына тізімдеме актісінің нөміріне сәйкес келетін нөмір беріледі. Мүлік бір тізімдеме актісі бойынша бірнеше ұйымға берілген жағдайда, түгендеу карточкалары бір нөмірмен әр ұйымға жеке ашылады. 11. Жергілікті атқарушы орган иесіз жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді. 12. Мүлікті сақтау 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Негізгі бөлім) белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі. Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді. Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді. Республикалық меншікке (коммуналдық меншікке) айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдауды уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 13. Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті тасымалдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді. Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті тасымалдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді. Мүлікті тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
14. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі. Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді. Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді. Бағалаушыны таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 15. Ақша мен төлем құжаттары бағалаушыны тартпай-ақ атаулы құны бойынша бағаланады.
16. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйіне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы мәселелерді қарау үшін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады, оның құрамына уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келісімімен жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, сондай-ақ қажет болған кезде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, мемлекеттік кірістер органдарының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия туралы ережені уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган әзірлейді және бекітеді. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамнан тұрады. Комиссияның төрағасы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның өкілі болады. Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды. Комиссияның шешімдері қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады, ұсынымдық сипатта болады және хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімдері уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган үшін ұсынымдық сипатта болады. 17. Мүлікті одан әрі пайдалану (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйіне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 18. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкін мүлікке «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын арнайы комиссия сараптама жасайды. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылыққа жатқызылған мүлік тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мұражайларға өтеусіз берілуі мүмкін. 19. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды қабылдау, есепке алу, тасымалдау, бағалау, сақтау, пайдалану, өткізу және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. 20. Ақша түріндегі мүлік бюджет кірісінің есебіне жатқызылады. Шетел валютасы операция жасалған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы бюджет кірісінің есебіне жатқызылады. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған, айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, өткізу тәртібін, сондай-ақ оларды өткізуден түскен ақшаны бюджет есебіне жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді. Ақша түріндегі мүлікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және олардың филиалдарына беруді осындай мүлікті алған орган мүліктің сомасы, берілу уақыты және алушысы көрсетілген беру туралы хабарламаны уәкілетті органға жібере отырып жүргізеді. 21. Мемлекеттік меншіктің құрамына түскен салымдар (депозиттер) сомасын банктер номиналды түрде толық көлемінде бюджеттің кірісіне аударады. 22. Осы Қағидалар лотерея билеттері бойынша ұтыс түріндегі мүлікке қолданылады. Лотерея билеттері бойынша заттай ұтыстың құнын лотереяның ұйымдастырушысы болып табылатын тұлға бюджет кірісінің есебіне жатқызады. Лотерея билеттерін беру тізімдеме актісі бойынша жүргізіледі, онда лотереяның атауы, шығарылған күні, ұтыс ойынын жүргізген тұлғаның атауы, билеттердің сериясы, нөмірі және ұтыстың сомасы көрсетіледі. 23. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына қосылады. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен тұрғын үйлерді одан әрі пайдалану тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24. Уәкілетті органға тапсырылған сыйлықтар арнаулы мемлекеттік қорды құрайды және мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алынады. Арнаулы мемлекеттік қордағы мүлікті өткізу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдар білмей келіп түскен сыйлықтар, не олар өздерінің лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған сыйлықтар, сондай-ақ лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлықтар уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға сыйлық алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қоса бере отырып, тізімдеме актісі бойынша тапсырылады. Арнайы мемлекеттік қорға тапсырылған сыйлықтарды есепке алуды, бағалауды және сақтауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органға тапсырылған сыйлықтар есепке алуды, сақтауды және бағалауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға берілуге тиіс. Жергілікті атқарушы орган уәкілетті органға тізімдеу актісіне қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жібереді. 26. Арнайы мемлекеттік қордың бағалы металдардан жасалған сыйлықтарын сараптауды, бағалауды және сақтауды оларды өткізгенге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 26-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 26-1. Сыйлықты тапсырған адам оны жоғары тұрған лауазымды адамның келісімімен арнаулы мемлекеттік қордан сатып алуға құқылы. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 26-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 26-2. Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті орган мен сыйлықты алған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша жүзеге асырылады. Тапсырылған сыйлықты беру «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған, сатып алу-сату шартында көрсетілген сыйлық құнын толық төлегеннен кейін уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасында қабылдап алу-беру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 27-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27. Сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік қордан сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы. 28. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) жер учаскелері мемлекеттік жер қорына қосылады. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған жер учаскелерін одан әрі пайдалану тәртібі 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексімен реттеледі.
5. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібі
29. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою мынадай тәртіппен жүзеге асырылады. Комиссия белгілеген ең төменгі бағамен сатылмаған, пайдалануға жарамды мүлік балалар үйлеріне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не болмаса арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілерге (бұдан әрі - әлеуметтік қызмет субъектілері) өтеусіз беріледі. Мүлік туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган Мүлікті есепке алу және өткізу бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қолжетімділік нүктесін беретін www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста (бұдан әрі - тізілім веб-порталы) жариялайды. Мүлікті өтеусіз алуға өтінім тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде әлеуметтік қызмет субъектілерінен тізілім веб-порталында қабылданады. Мүлікті өтеусіз алу өтініміне әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері қоса беріледі. Мүлікті өтеусіз алуға өтінімді ашу хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты келген кезде автоматты түрде тізілім веб-порталы арқылы жүргізіледі. Мүлікті өтеусіз алуға өтінімді уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қарайды, олар өтінімдерді ашу күнінен бастап үш күн мерзімде тізілімнің веб-порталында өтінімдері қанағаттандырылған әлеуметтік қызметтердің субъектілері туралы ақпаратты жариялайды. Мүлікті алуға ниетті бірнеше өтінім беруші болған кезде өз өтінімдерін бұрын берген тұлғалар артықшылықты пайдаланады. Мүлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде әлеуметтік қызмет субъектілеріне беріледі. Мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз өткізген кезде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қызмет субъектілері арасында қабылдап алу-беру (тапсыру актісі) актісі үш дана мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылдап алу-беру (тапсыру актісі) актісін ресімдеуге қатысушы тараптардың әрқайсысына бір данадан жасалады. 30. Одан әрі қарай пайдалануға жатпайтын мүлік және талап етілмеген, ең төменгі бағамен сатылмаған мүлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен жойылады. Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді. Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді. Мүлікті жою жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 31. Сапасы мен қауіпсіздігіне нормативтік құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлік шикізатын, тамақ өнімдерін, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін, акциздік таңбаларсыз өткізілетін темекі бұйымдарын және шығарылған елі белгісіз құрамында темекі бар басқа да бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргізуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетін тауарлардың шамалы партияларын және өзге де мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган құратын комиссия жояды. Қажет болған жағдайларда, комиссияның кұрамына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өзге де мамандары тартылуы мүмкін.
32. Мүлікті есепке алуға, бағалауға, сақтауға, тасымалдауға, қайта жіберуге, оны өткізуді ұйымдастыруға және одан әрі пайдалану жөніндегі өзге де шығындарға байланысты шығыстар 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 33-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатылған жағдайда, оның құнын өтеу 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде. тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. |