2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы (2022.08.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2022.21.02. № 14/6 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.26.04. № 17/1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.28.04. № 18/1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 21/1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.08.11. № 25/1 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 4 273 499,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 553 246,2 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 41 451,4 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 18 694,7 мың теңге; трансферттер түсімі - 3 660 106,7 мың теңге; 2) шығындар - 4 342 588,5 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 10 241,6 мың теңге, оның ішінде: бюджеттiк кредиттер - 27 567,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 17 325,4 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 79 331,1 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 79 331,1 мың теңге. 2. Әлеуметтік салық бойынша аудан бюджетіне кірістер бөлу нормативі -100 % екені белгіленсін. 3. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте 4 қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер қарастырылғаны ескерілсін. 4. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте 5 қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін. 5. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтерінің және ауылының бюджеттеріне 6 қосымшаға сәйкес нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|