ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 158-бап мынадай редакцияда жазылсын: «158-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің нысаны Соттан тыс тәртіппен жасалған алимент төлеу туралы келісімді: 1) нотариус - алимент төлеу туралы келісім; 2) медиатор - дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім; 3) адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын тұлғалар - партисипативтік рәсім тәртібімен алимент төлеу туралы дауды реттеу туралы келісім нысанында жазбаша түрде жасайды.»; 2) 165-баптағы «нотариатта куәландырылған» деген сөздер «осы Кодекстің 158-бабында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 166-баптағы «Нотариатта куәландырылған» деген сөздер «Осы Кодекстің 158-бабында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 167-баптың 1-тармағындағы «нотариатта куәландырылған» деген сөздер «осы Кодекстің 158-бабында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 169-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «нотариатта куәландырылған» деген сөздер «осы Кодекстің 158-бабында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «нотариатта куәландырылған келісімнің» деген сөздер «осы Кодекстің 158-бабында көзделген алимент төлеу туралы келісімнің» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 240-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер ерлі-зайыптылардың бірі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы арызды қайта бергеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға келе алмаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға оның нотариатта куәландырылған келісімі болған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ол болмағанда жүргізілуі мүмкін.». 2. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|