|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 266-НҚ бұйрығы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығының 39-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесі бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 608-НҚ бұйрығының күші жойылсын. 3. Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 266-НҚ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|