Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасын, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алуға қатысты есептілікті ұсыну ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және азық-түлік нарықтары департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралында жариялауға жіберу туралы және мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы A. Смайылов 2014 жылғы 25 маусым
Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|