Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы (2018.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2018 жылғы 2 шілдедегі № 166-VI ҚР Заңын қараңыз (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 6-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар 3-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты 9-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы 12-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi 13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 4-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы 14-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi 15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi 16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзiмдерi 5-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі 17-бап. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау 18-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі 19-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы 20-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi 21-бап. Дауларды қарау тәртібі
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен мәтін бойынша «туроператордың және турагенттiң», «Туроператордың және турагенттiң», «Туроператор мен турагенттiң», «туроператор мен турагенттiң», «туроператор мен турагент» деген сөздер тиісінше «туроператордың немесе турагенттiң», «Туроператордың немесе турагенттiң», «Туроператордың немесе турагенттiң», «туроператордың немесе турагенттiң», «туроператор немесе турагент» деген сөздермен ауыстырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
Осы Заң туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен 1- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2) турагент - туроператор қалыптастырған туристік өнімді ұсыну мен сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 3) туроператор - туристiк өнiмді қалыптастыру, оны турагенттер мен туристерге ұсыну және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес қалыптастырған туристiк өнiмді ұсыну мен өткізу жөніндегі қызметпен айналысу құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензия алған, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға; 4) туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - туроператордың немесе турагенттiң туристік қызметтер көрсету кезінде туристерге келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген міндеті; 5) сақтандыру жағдайы - басталуына орай туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға; 6) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы; 7) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушыға (пайда алушыға) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтандыру төлемін жасауға міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтандырушыға сақтанушының төлеуі міндетті ақша сомасы; 8) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы; 9) сақтандырушы - сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жасауға міндетті сақтандыру ұйымы; 10) сақтанушы - сақтандырушымен туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан туроператор немесе турагент; 11) франшиза - сақтандырушыны белгілі мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.
2-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары 1. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi мiндеттерi 1. Туроператордың немесе турагенттiң туристiк қызмет көрсетудi жүзеге асыруы кезiнде туристердiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады. 2. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi мiндеттерi: 1) туристiң мүлiктiк немесе өзге де мүдделерiн қорғауды осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қамтамасыз ету; 2) туроператордың турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты болған кезде туроператордың немесе турагенттiң өз қызметiн жүзеге асыруы; 3) туроператордың немесе турагенттiң туристiк қызмет көрсету қауiпсiздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделiлiгi болып табылады. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 4-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi 1. Туроператордың туристiк өнiмдi қалыптастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезінде туристiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi - туроператордың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады. 2. Турагенттiң туроператор қалыптастырған туристiк өнiмдi ілгерілету және өткізу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезінде туристiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi - турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады.»
2-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен; 2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185- ІV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау 1. Осы Заңда белгіленген туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттерді туроператордың немесе турагенттiң орындауын мемлекеттік бақылауды туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттерді туроператордың немесе турагенттiң орындауын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
6-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар 1. Туристiк қызмет көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады. 2. Туроператордың немесе турагенттiң кәсiби қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасуы оларды туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттен босатпайды.
7-бап. Туроператордың немесе турагенттiң қызметтi туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруына жол бермеу Туроператор немесе турагент туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай туристiк қызмет көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2009.11.07. № 185- ІV ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-1-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасуға міндетті. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзiнiң қаржылық есептiлiгiн Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын кемiнде екi мерзiмдi баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде, уәкілетті органның жылдық қаржылық есептiлiктi жариялау тәртібі туралы нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген көлемде және мерзiмдерде жыл сайын жариялап отыруға мiндеттi. 3. Сақтандырушылар туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдерi, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi жөніндегі ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы. 4. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары уәкiлеттi органның нормативтiк-құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен мiндеттi жарналарды төлеуге және шартты мiндеттемелердi қалыптастыруға мiндеттi.
3-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 8-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негізiнде жүзеге асырылады. 2. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi. 3. Сақтандырушы сақтанушыға туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес. 4. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңның талаптарын ескере отырып жасалған сақтандыру шартының негiзiнде, туристiң моральдық зиянды және ала алмаған пайданың өтемiне байланысты талаптарын қоспағанда, пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттенедi. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 5. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беру арқылы жазбаша нысанда жасалады. Сақтандыру полисі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес беріледі. Уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сақтанушының өтiнiшi туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады. Өтініштің мазмұнына қойылатын талаптар және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелерінің тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, бұл дау сақтанушының пайдасына шешiледi. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 5-1. Туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді. 6. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады. 7. Егер туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбiрленушiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбiрленушiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады. 9-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы 1. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген, ал оны бөлiп-бөлiп төлеген кезде, егер туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарымен өзгеше көзделмесе, - бiрiншi сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады. 2. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты ол күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады. Сақтандырушылық қорғаудың қолданылу кезеңi туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiмен сәйкес келедi. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Туристік қызметтер көрсету аумағы туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу аумағы болып табылады.
10-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы мына жағдайларда: 1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанда; 2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылғанда; 3) сақтандырушы сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы мөлшерiнде жүзеге асырғанда тоқтатылады. 11-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату 1. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан РеспубликасыныңАзаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады. 2. Егер туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату оның талаптарын сақтандырушының орындамау кiнәсiнен туындаса, соңғысы сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын толық қайтарады. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мән-жайлар бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайларда сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданыста болған уақытқа бара-бар бiр бөлiгiн алуға құқығы бар. 12-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi 1. Сақтанушының: 1) сақтандырушыдан туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптары мен тәртібін, туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге; 2) сақтандыру полисiн жоғалтқан жағдайда, оның телқұжатын алуға; 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) сақтандырушы немесе тәуелсiз сарапшы жүргiзген сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау нәтижелерiмен танысуға; 4) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан немесе оның мөлшерiн азайтудан бас тарту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дау айтуға; 5) туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқығы бар. 1) тиiстi лицензиясы бар сақтандырушымен туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға; 2) туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап он жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрмей сақтандырушыға бұл туралы хабарлауға (ауызша, жазбаша) мiндеттi. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен жазбаша расталуға тиiс. Егер сақтанушының дәлелдi себептермен аталған iс-әрекеттердi орындауға мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжатпен растауға тиiс; 4) сақтандыру жағдайы басталғанда сақтанушының келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi туындайтын сақтандыру жағдайы келтiрген зиянның сипаты мен мөлшерi туралы мән-жайды анықтау үшiн қажеттi қолда бар құжаттарды сақтандырушыға беруге; 5) сақтандыру жағдайының залалдарын азайту үшiн шаралар қолдануға; 6) туристiң зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi peттeугe қатысу үшiн сақтандырушыға мүмкiндiк беруге, бұл орайда сақтандыру жағдайы келтiрген залалдарды дәлелдеу сақтанушының мойнында болады; 7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге; 8) туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына енгізу үшiн қажеттi мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi. 3. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн өзге де құқықтары мен мiндеттерi көзделуі мүмкiн. 13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 1. Сақтандырушы: 1) туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты және туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтердi талап етуге; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретіне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiне және сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн анықтауға байланысты құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға; 3) сақтанушының туристiк қызметтер көрсетуге байланысты мiндеттердi өзi орындауы нәтижесiнде келтiрген зиянды өтеу туралы туристердiң талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуға; 4) осы Заңның 19-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға керi талап құқығын қоюға; 5) осы Заңның 20-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. 1) сақтанушыны мiндеттi сақтандырудың талаптарымен және тәртібімен таныстыруға, оның туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге; 2) туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру полисiн беруге; 3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алынған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды жүргiзуге, сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабын көрсете отырып, сақтандыру актiсiн жасауға және оны танысу үшiн пайда алушыға табыс етуге; 4) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда көзделген тәртiппен және шарттармен сақтандыру төлемiн жүргiзуге; 5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге; 6) сақтанушыға (сақтандырылушыға) оның сақтандыру жағдайы кезiнде залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге мiндеттi. 3. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiнiң мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн өзге де құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары3-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi мiндеттерi4-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi 2-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету5-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау6-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар7-бап. Туроператордың немесе турагенттiң қызметтi туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруына жол бермеу7-1-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 3-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты8-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi9-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы10-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату11-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату12-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 4-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы14-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзiмдерi 5-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі17-бап. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау18-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі19-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы20-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi 6-тарау. Қорытынды ережелер |